- Учителю
- 5-сынып, 'Файлдар мен бумалар' ашық сабақ жоспары
5-сынып, 'Файлдар мен бумалар' ашық сабақ жоспары
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы,
«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің
информатика пәні мұғалімі
Жубанов Сагатбек Орынгалиевич
5 сынып, ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар.
Сабақтың мақсаты:Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс:«Файл», «бума», «жарлық», «иерархиеясы» анықтамаларын, файл мен бума атауларының ережелері мен шектеулерін, бумаларды, жарлықтарды құру тәсілдерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:Windows нысандарына , олардың типтеріне анықтама беруді, нысандарға атау беруді, бума мен жарлық жасауды.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
III Үй тапсырмасын тексеру.
IVБілімді өзектендіру
Сұрақтар
1. ОЖ дегеніміз не? Ол қандай функцияларды орындайды?
2. Windows ОЖ интерфейсінің негізі нысандарын және басқарушы элементтерін атаңдар.
3. Жұмыс үстелінің негізгі элементтерін атаңдар.
4. Тапсырмалар тақтасында не орналасқан?
5. Терезені басқарудың қандай элементтерін білесіңдер?
VЖаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру-файлдар, файл ұғымы, атауы бар байттар тізбегі ретінде енгізіледі.
Бумалар. Windows-та бума құрылымының иерархиялық ұстанымын түсіндіру.
Жарлықтар. Жарлыққа ерекше көңіл бөлінеді. Мынадай сәттер бойынша ұсыныстар құрастыруға болады.
Жарлық - программа немесе құжатты көрсететін , нысан туралы ақпарат салынған белгі. Жарлық программа құжаттың төменгі бұрышындағы бағдаршасымен ерекшеленеді. Жарлық қасиетін ашу арқылы нысанның қайда орналасқанын көруге болады. Жарлықтарды пайдалану кездейсоқ жойылған ақпараттан сақтандырады. Жарлық жойылса да, файл немесе бума жойылмайды.
VI Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
«Бумалар мен жарлықтарды құру» тақырыбын мұғалім оқушыларға оқулықсыз өз беттерімен игеруді ұсынады. Оқушылар бумалар мен жарлықтарды құрудың әртүрлі тәсілдерін анықтайды. Мұғалім оқушылардың әрекеттерін үйлестіреді, алынған ақпаратты жүйелейді.
VII Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.
А деңгейі
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.
1. Пуск => Компьютер бұйрығын орындаңдар.
2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства бұйрығын орындаңдар.
3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.
4. Дәптердегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.
В деңгейі
1. А деңгейіндегі тапсырманы орындаңдар.
2. Құжаттар бумасын ашыңдар.
3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сыятынын анықтаңдар.
С деңгейі
Сыныптарыңдағы барлық оқушылар туралы ақпарат компьютерлеріңнің қай дискісіне сыятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Мбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік ( әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын ) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін калькулятор программасын пайдаланыңдар.
Сабақта бос уақыт қалса, оқушылар өз беттерімен оқулықта берілген «Қызықты ақпарат» айдарының мәліметтерімен танысады.
VIII Сабақты қорытындылау
Мұғалім оқушыларды бағалайды.
Үй тапсырмасы
§9 тест тапсырмалары мен сұрақтарына жауап беру.
Тест жауаптары:
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
А
А
Д
С
А
В
С
А
Д
В