- Учителю
- Вариативная учебная программа по информатике на тему 'Основы компьютерной грамотности'
Вариативная учебная программа по информатике на тему 'Основы компьютерной грамотности'
"Серебрянск қаласының №4 орта мектебі"КММ
Вариативті оқу бағдарламасы
Компьютерлік сауаттылық негіздері
3-4 сыныптар
Құрастырушы: информатика пәнінің мұғалімі
Каримова Гульназ Кенесбековна
2014-2015 оқу жылы
Түсінік хат
Білім саласы: Информатика
Оқытылатын курс: Компьютерлік сауаттылық негіздері
Қызметі: Жалпы орта білім берудің мемелекеттік жалпыға міндетті стандартынан тыс оқушыларға дербес компьютерді жан-жақты пайдалану, техникалық білім беру, іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру бағытына арналған.
Жаңашылдығы: Қазіргі заманға сай оқушылар мектептен бірнеше пәндерді игеріп шығуы қажет. Бұл бағдарлама 3-4 сыныптар арасында ұсынылып отыр. Ақпараттық бағдарламаны кең көлемде және тез дамыту мақсатындағы енгізілген курстың маңызы өте зор. 3-4 сыныптарда компьютерді қолдану аспектісін тереңдетіп оқыту, сондай-ақ болашақ маман таңдауға бағыт-бағдар беру.
Көкейкестілігі: Ұсынылып отырған курстың ақпараттық кәсіптік салалардың қызметінің жалпы құрылымына ықпалын тигізіп отыр. Ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологияларды кеңінен қолдануға, білікті және іскер оқушыларды қалыптастыру мақсатында, қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай мамандар қажет. Сонымен ата-аналар тарапынан сұраныстарды қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарлама мақсаты: оқушылардың заманға сай компьютермен жұмыс атқара алуларына, алгоритмдік, логикалық ойлауын қалыптастырып дамыту, ақпараттық мәдениетін, эмоциалдық сезімталдығын өздігінен жетілу қажеттілігін тәрбиелеу.
Бағдарлама міндеттері:
-
ЭЕМ-нің даму кезеңдері және элементтік базалар туралы мәліметтер алу
-
Арнаулы ЭЕМ-нің ақпаратық және программалық қамсыздануы туралы түсінік беру,
-
Қолданушы ретінде арнаулы ЭЕМ-де жұмыс жасау дағдыларын меңгерту.
-
Әртүрлі жағдайлардан дұрыс шешім таба білуге үйрету.
-
Оқушы өзінің ақыл ойының даму нәтижесінде оқуда елеулі жетістіктерге жетуге болатынын сезіну.
-
Өзінің болашақ өмірге қажеттілігін сезіну.
Ерекшілігі: Мамандыққа баулу курсы болып табылады. Арнаулы компьютер қолданушылар, компьютерде іс маманы болып шығуына мүмкіндік береді.
Бағдарлама мазмұны:
-
Бағдарлама мазмұнының логикалық жаттығуға негізделуі;
-
Оқушылардың ойлау деңгейін психологиялық тренинг, тестар арқылы мерзімді тексерілуі;
-
Оқушылардың білімін тексерудің өз-өзін бақылауға, жұптық бақылауға, топтық жұмыстарда қорытынды бақылауға негізделуі;
-
Бағдарлама мазмұнына ұлттық сипаттағы ойын есептердің енгізілуі;
-
Бағдарлама мазмұнына енген жаттығулар оқушылардың сөздік қорын байытуға ықпалын тигізуі;
Ұзақтығы: 3-4 сыныптар бойынша аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
Курсқа қойылатын талаптар:
-
Негізгі ұғымдарға түсінік беру
-
Оқушылар арасынан информатикаға қабілетті оқушыларды таңдау;
-
Таңдалынған оқушының алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптастыру;
-
Есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп ережесі, алғашқы көмек көрсету тәсілін, көзге жаттығу жасауды; ЭЕМ-ның мүмкіндіктерімен таныстыру.
Мұғалімге қойылатын талаптар:
-
Компьютерлік сауаттылық негіздері курсының мақсаты мен негізгі міндеттерін саналы түрде түсіне алуы;
-
Қолданушы ретінде арнаулы ЭЕМ-де жұмыс жасау дағдыларын меңгерту;
-
Оқу үрдісінде жаратылыстану математика бағытыттарын байланыстыра алу;
-
Жан-жақты ақпарат алу жөнінде көзқарасының болуы және оны оқушыға бере алуы;
-
Интернетпен қамсыздандырудың жаңалықтары мен оны пайдаланудың ұсыныстары туралы ақпарат ұсына алу;
-
Оқытудың жаңа технологияларын қолдана білу алу;
-
Оқушыларға жекелей және саралай жұмыстар бере алу
-
Оқушыларды дұрыс бағытқа қойып, олардың ойлау қабілеттерін шыңдау;
-
АКТ пайдаланып, оқушылардың информатикаға деген қызығушылықтарын арттыру;
Оқушыға қойылатын талаптар:
-
Есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп ережелері, алғашқы көмек көрсету тәсілін, көзге жаттығу жасауды;
-
ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін толық меңгеру/қосу, ажырату, программа қосу, интернет жүйесіне кіріп ақпарат алуды;
-
Компьютер құрылғыларымен жұмыс жасау/сурет, енгізу, баспаға шығару/
-
Әртүрлі тәсілдермен алгоритм құру, әртүрлі типтегі шамалармен есептерді программалау, хабарды тарату және қабылдай алу.
-
Пәннің қажеттілігін түсіну.
Өткізілу түрлері: ойын түрінде, практика сабақтары.
Бағдарлама бөлімдері:
-
Компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережесі және жұмыс орнын ұйымдастыру;
-
Ақпарат. Ақпаратпен жұмыс түрлері
-
Алгоритм және оның түрлері
-
Компьютердің құрылғылары және оның қызметтері.
-
Операциялық жүйе түсінігі.ОЖ объектілерімен жұмыс.
-
Мәтіндік редактормен жұмыс
-
Графикалық редактормен жұмыс.
Күтілетін нәтиже:
-
Ақпараттық технологиялық жетістікті меңгерген, оны іс жүзінде қолдана алатын, интернет жүйесіне шыға алатын, кәсіби-техникалық маманға икемді тұлға;
«Компьютерлік сауаттылық негіздері» курсының тақырыптық жоспары
3-сынып
№
Өтілетін сабақтың тақырыбы
Сағат саны
1
Компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережелері және жұмыс тәртібі
1
2
Ақпарат және қоршаған орта
1
3
Алгоритм ұғымы. Алгоритм командасы
1
4
Сызықтық алгоритм
1
5
Тармақталу алгоритмі
1
6
Циклдік алгоритм
1
7
Алгоритм тәсілдері
1
8
Ақпартты өңдеу, сақтау
1
9
Ақпаратты кодтау, бейнелеу
1
10
Ойын сабағы
1
11
1-бақылау жұмысы
1
12
Графикалық редактормен жұмыс
1
13
Графикалық редактордың сурет салу құралдары
1
14
.Суреттердi сақтау
1
15
.
1
16
1
17
Ойын сабағы.
1
18
1
19
1
20
Симметрия.
1
21
Ойын сабағы
1
22
Өз ойынан сурет салу.
1
23
2-бақылау жұмысы
1
24
Қатемен жұмыс
1
25
WORDPAD текстік редактормен жұмыс.Ашу.
1
26
WORDPAD құжатына суреттерді кірістіру. Сақтау
1
27
Жарыс сабағы.
1
28
Компьютер - математика сабағында.
1
29
1
30
1
31
Ойын сабағы.
1
32
3-бақылау жұмысы
1
33
Қатемен жұмыс
1
34
Қорытынды сабақ.
1
Барлығы
34
"Компьютерлік сауаттылық негіздері" тақырыптық жоспарлау
4 сынып
№
Мазмұны
Сағат саны
1
Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау
1
2
Ақпараттық модельдер
1
3
Тiзбектер. Алгоритмдер
1
4
Сызықтық алгоритмдер
1
5
Тармақталу алгоритмi
1
6
Циклдiк алгоритм
1
7
Практикалық жұмыстар
1
8
№1 бақылау жұмысы
1
9
Компьютердің құрылғылары. Қосымша құрылғылары
1
10
Операциялық жүйе туралы түсінік. Негізгі нысандары.
1
11
Терезелер
1
12
Файлдар, бумалар, жарлықтар
1
13
Нысандармен жұмыс істеу.
1
14
Ақпаратты іздеу, оқу және жазу. Кодтау.
1
15
Сурет салу, сақтау және ашу
1
16
Графикалық редактордың сурет салу құралдары.
1
17
Сурет бөліктерімен жұмыс істеу
1
18
Суретті басуға шығару. Сурет трансформациясы.
1
19
№2 бақылау жұмысы
1
20
Microsoft WordPad мәтіндік редактор. Құжатты құру. Мәтінді теру және түзету ережелері.
Мәтін бөліктерін ерекшелеу.
1
21
Мәтінді пішімдеу. Әріптер. Абзац
1
22
Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу.
1
23
Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу
1
24
Практикум. Аралас құжат құру.
1
21
№3 бақылау жұмысы
1
22
Блокнот және Калькулятор.
1
23
Дыбыстық ақпараты өңдеу
1
24
Дыбыс жазу. Практикум
1
25
Windows Media диск ойнағышымен танысу. CD- ROM және DVD-ROM ақпаратты шығару
1
26
Компьютерді вирустан қорғау: қауіпсіздік негіздері.
1
27-28
Интернет туралы түсінік. Ақпаратты белгілі адреспен іздеу технологиясы
2
29
№4 бақылау жұмысы
1
30
Пернетақтаның кейбір пернелерінің қызметі. «Ыстық пернелер»
1
31
«Сенің ақпараты қабылдау тәсілің» тест
1
32-33
Жобамен жұмыс
2
34
Қорытынды бақылау жұмысы
1
Барлығы
34
Пайдаланылған әдебиеттер:
Оқушы үшін:
-
Есжанов А.Е, Тәжіғұлова Ә.І, ТюлеевТ.Қ Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал, Алматы-2007ж
-
Кенин А.М, Печенкина Н.С, для пользователелй или как научиться работать на компьютере: Научно-популярное издание/ Екатеринбург: 1997
-
Е. Балапанов «Информатикадан 30 сабақ»
-
«Компьютерлік сауаттылықты тестілеу бағдарламасы» электронды бағдарлама
Мұғалім үшін:
-
Есжанов А.Е, Тәжіғұлова Ә.І, ТюлеевТ.Қ Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал, Алматы-2007ж
-
Кенин А.М, Печенкина Н.С, для пользователелй или как научиться работать на компьютере: Научно-популярное издание/ Екатеринбург: 1997
-
Е. Бөлебаев, Е Балапанов, А. Даулетқұлов Н. Ермеков ,Н. Стифутина «Информатика-7», «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу әдістемелік құрал, Алматы,2006ж
-
Е. Балапанов «Информатикадан 30 сабақ»
-
«Компьютерлік сауаттылықты тестілеу бағдарламасы» электронды бағдарлама
Интернет ресурстары: Сервер «Обаразование и наука» http:/www.edu.kz; http:www.informatica.ru «Компьютер в школе»
10