7


  • Учителю
  • Урок: 'Файлдар, бумалар және жарлықтар' (5 класс)

Урок: 'Файлдар, бумалар және жарлықтар' (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән аты: Информатика Пән мұғалімі Қ.Арынов Тексерген:_________________

Класы: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б», 5 «В», 5 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар.


Сабақтың мақсаты: Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.

Білімділігі: «Файл», «Бума», «Жарлық», «Бумалар иерархиясы» анықтамаларын, файл мен бума атауларының ережелерімен шектеулерін, бумаларды, жарлықтарды құру тәсілдерін білу.

Дамытушылығы: Windows нысандарына, олардың типтеріне анықтама беруді, нысандарға атау беруді, бума мен жарлық жасауды дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды компьютермен дұрыс жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабақтың мақсаты мен міндеті.

  3. Үй тапсырмасын тексеру.

  4. Білімді өзектендіру.

А) ОЖ дегеніміз не ол қандай функциялар орындайды?

Ә) Windows ОЖ интерфейсінің негізгі нысандарын және басқарушы элементтерін атаңдар?

Б) Жұмыс үстелінің негізгі элементтерін атаңдар?

В) Тапсырмалар тақтасында не орналасқан?

Г) Терезені басқарудың қандай элементтерін білесіңдер?

Қорытындылау.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртәп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.

Файлдар.

Файл деп нені айтамыз?

Файл - байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.

Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ /: * < > ! .

Бумалар.

Бума қайсыбір тәсілмен ақпаратты және файлдар мен бумаларды реттеу үшін құрылады. Мысалы, бума ретінде оқушының порфелі бар. Ол портфельге дәл бүгін өзіне керек оқулықтары мен дәптерлерін салады, яғни, оқушы ақпаратты сабақ кестесі бойынша реттейді. Уақыт жоғалтпау үшін оны дұрыс ұйымдастыра білетін оқушы түрлі пәндер бойынша оқулықтары мен дәптерлерін порфельдің әр бөліміне салады. Мұны компьютер тіліне аударсақ, онда оқушы ішкі буманы құрады.

Буманың, файл сияқты, аты және мөлшері бар. Бумалардың түрлері:

  • Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып, тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.

  • Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға windows-те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады.

Жарлықтар.

Файлдар мен бумалардан басқа жарлықтарды да көре аласыңдар.

Жарлық - нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.

Қала көшелерінің қиылысында тұратын ұшы үшкірленген сілтеме түріндегі кішкені трафареттерді естеріңе түсіріңдер. Олар қаланың белгілі бір орындарына жол сілтейді. Мысалы, қаланың орталық алаңын нұсақауы мүмкін және т.с.с. Олар біздің қаладағы қажетті орынды тез табуымыз үшін жасалған. Жарлық дегеніміз осы сияқты, яғни, windows-тың жарлықтары тура осылай жұмыс істейді. Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез ашуға арналған. Мысалы, Microsoft Word мәтіндік редакторы сияқты программаны қарастырайық. Бұл программаның орындалатын файлы C:\Program files\Microsoft Office\ (С-дискі, Program files бумасының ішкі Microsoft Office бумасында) мекен-жайда орналасқан. Яғни, бұл программаны іске қосу үшін бірнеше терезе ашып, орындфайлды табу керек. Әрине, ешкім бұлай істемейді. Себебі әрбір программа орнатылған кезде оның жарлығы жұмыс үстеліне және Бас мәзірге орналастырылады. Бұл жағдайда программа жарлықты тышқанмен екі рет шерту арқылы іске қосылады.


Жарлықты файлдан немесе бумадан қалай ажыратуға болады???

Жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынған.

Қарапайым файлда немес бумада мұндай сілтеменің суреті жоқ.

Егер орныдалатын файлды жойсақ, онда программа жұмыс істеуін тоқтатады.


Жарлық жойылса не болады???

Программаға ештеңе болмайды. Сендерге тек жаңа жарлық құру немесе программаны орындайтын файл арқылы ашу керек болады. Жарлықты кез келген нысан үшін оның түрінен тәуелсіз, программа ма әлде мәтін бе, болмаса бума ма, бәрібір, құруға болады.

Естеріңде болсын! Егер сендер тасығышқа, мысалы, флэшкаға, жарлықты көшірсеңдер, онда басқа компьютерде файлдарыңды аша алмай қаласыңдар. Ақпаратты тасымаладу үшін жарлықты емес файлдың өзін көшіру керек.

Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы).

Windows-тың басқа барлық бумалар ішіне кіретін қандай бумасы «алғашқы» болып табылады???

Компьютерде C:, D:, E: және т.б латын әріптерімен белгіленген дискілер бар. Әр дискіде өздерінің жаңа файлдары мен бумалары бар.

Бұтақталған файлдық құрылымнан файлды табу үшіносы файлға дейінгі жолды көрсету керек. Файлға дейінгі жолды дұрыс көрсету үшін оның өзі кіретін дискі мен бумаларды тізбектеп көрсету жеткілікті. Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады.

Буманы құру.

Жаңа бума құру қиын емес. Өздерің таңдаған жерде (дискіде немесе басқа бумада) Жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті. Жаңа бума (новая папка) деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады. Сендерге тек пернетақтадан буманың жаңа атын теріп, Enter пернесін басу ғана қалады.

Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқа бумаларды орналастыруларыңа болады. Жаңа буманы құру бұйрығы экранның кез келген бос жерінде шақырылатын контекстік мәзірдің ішіндеде бар.

Жарлық құру.

  1. Қажетті нысанның (файлдың немесе буманың) үстіне шақырылған контекстік мәзірде Жарлы құру (создать ярлық) бұйрығы бар (1-сурет). Бұл бұйрық бойынша бастапқы нысан орналасқан жерде жарлық құрылады. Мысалы, егер сендер жарлықты Қужаттар бумасындағы файлға құратын болсаңдар, онда жаңадан құрылған жарлық Құжаттар бумасында орналасады.

  2. Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны жұмыс үстеліне орналастыруға арналған бұйрық: Отправить=>Рабочий стол (Создать ярлық). Жұмыс үстелінде осы нысанды ашатын болсақ жарлық пайда болады. (1-сурет)




1-сурет.



Нысандардың атын алмастыру.

Нысанның атын алмастыру үшін нысанның контекстік мәзірін қолданады. Одан Переименовать бұйрығын таңдау керек. Бірден бірнеше нысанның атын алмастыруға болмайтынын естен шығармау керек.

Файлды немесе буманы қалай жасырамыз?

  1. Қажет нысан үстіне контекстік мәзірді шақырып, Қасиеттер (Свой ста) бұйрығын таңдаңдар.

  2. Жасырын (Скрытый) атрибутын қанатшамен белгілеп, ОК батырмасын басыңдар.



Файл немесе бума жоғалады. Шындығында ол компьютерде қалады, жай көрінбейтін файлға айналады.

Көптеген тұтынушылар жасырын файлдар мен бумаларды аша алады. Сондықтан, «жасыру» керек пе, жоқ па, соны ойланып алыңдар.

Практикалық тапсырма. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беремін.

Сабақты қорытындылау. Тәжірибелік жұмыс және есеп шығарғандары үшін оқушыны қорытытындылаймын.

Бағалау. Оқушыларды білім дәрежесіне сай бағалаймын.

Үйге тапсырма. §11, тест сұрақтарына жауап беру, тапсырмалар орындау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал