- Учителю
- Информатика 8-сынып. Санау жүйелері
Информатика 8-сынып. Санау жүйелері
Қысқа мерзімді жоспарКүні: Пәні: Информатика Оқытушы: Сагындыкова Гульнур Алашеровна
Сабақтың тақырыбы:
Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық)
Сілтеме
Оқулық : Информатика 8-сынып Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева «Мектеп» баспасы 2012 жыл
Информатикадан электронды оқулық 8-сынып
Мақсаты:
-
Оқушылар санау жүйелері түрлерімен, сандарды санаудың бір санау жүйесінен екінші бір санау жүйесіне аудару тәсілдерімен танысады.;
-
Сандарды бір санау жүйелерінен екінші санау жүйелеріне аудару дағдыларын жетілдіреді қалыптастырады.
-
Оқушылар ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді;
Күтілетін нәтиже:
- Санау жүйелері және оның түрлерін біледі;
- Позициялық емес санау жүйелерін біледі;
- Позициялық санау жүйесінің негізін біледі;
- Екілік, ондық, Сегіздік Он алтылық санау жүйелерімен танысады;
- Екілік, он алтылық санау жүйелерін не үшін қолдану керектігін біледі;
- Сандарды ондық санау жүйесіне көшіруді үйренеді;
- Сандарды жалпы позициялық санау жүйелеріне көшіруді үйренеді;
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Негізгі дереккөздер:
Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы
Әдіс -тәсілдер:
Топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, талдау, қорыту, формативті бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (1 мин)
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
-Сабақтың тақырыбымен таныстыру;
-Оқушылардын орындайтын тапсырмаларын қысқаша шолу;
- Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(3 мин)
(Диалог әдісі, дарынды оқушылармен жұмыс, сәйкестендіру)
-
Әр оқушы өздерінің ойларын ауызша жеткізу;
-
Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою;
-
Кестемен жасалған жұмысты тексеру;
-
Тест тапсырмасын қайталау.
ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (Санау жүйесі дегенді қалай түсінеміз?)
-
Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін санау жүйесіне практикалық тапсырмалар беру;
-
Позициялық санау жүйесі мен позициялық емес санау жүйесінің ерекшеліктері? (слайд арқылы көрсету)
-
Осы сыни сұраққа жауап ала отырып, жаңа тақырыппен таныстыру;
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин)
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
«Білу» теориясы.
(10 мин)
-
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
-
Санау жүйесінің ережесімен таныстырады.
-
1-топқа: «Позициялық санау жүйесі»,
-
2-топқа: «Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру» туралы оқулық пен интернет материалдарын пайдана отырып білу ұсынылады.
-
Екілік, он алтылық санау жүйелері
-
Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.
-
Оқушылар берілген тапсырма бойынша топта жұмыс жасайды.
-
Білген түсініктерін қорыта отырып, практикалық тапсырмаларды орындайды.
-
Оқушылар сандарды позиялық санау жүйелеріне көшіруді көрсетеді
«Түсіну» теориясы. (4 мин)
Қызығушылықты ояту
-
Осы тақырыпты біліуіміз үшін нені меңгеруіміз керек екен?
-
Қазір барлығымыз санды екілік санау жүйесінен сегіздікке(он алтылыққа) көшіреміз
-
Оқушылар дәптерлеріне меңгерген тақырыпты жазады;
-
Санау жүйесі бойынша берілген тапсырманы орындайды;
«Қолдану» практикасы. (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар)
Мағынаны тану
-
Енді оқулықты ашып, бүгінгі тақырыпты оқиық.
-
Санау жүйесімен танысамыз;
-
Екілік,сегіздік,ондық, он алтылық санау жүйелерімен жеке-жеке танысу.
-
Оқушылар тақырыпты жекелеп оқып, түсінгендері бойынша тапсырмалар жасап, сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіреді.
«Талдау» теориясы.
(5 мин)
(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясы не?)
-
Санау жүйесі және оның түрлерін талдау;
-
Ондық, сегіздік, екілік санау жүйелерін талқылау;
-
Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру.
-
әр оқушы интерактивті тақтада түсінгендерін тізбектей көрсете отырып, тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті. (1мин)
Аннимация арқылы жасалған қимылдарды қайталау
«Жинақтау» теориясы (4мин)
(қорытынды шығару, анықтама беру, мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде)
-
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады. Санды екілік санау жүйесінен сегіздікке және керісінше көшіруді көрсету
-
Әр топ өз ойларын жинақтап, қысқа да түсінікті қорытынды анықтама береді. Санау жүйесінің артықшылығы мен кемшілігін көрсетеді
«Бағалау» практикасы. (2мин)
Критерийлер бойынша формативті бағалау
Мына дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.
-
Санау жүйесінің ережесін білемін - 1 балл;
-
Санау жүйесінің түрлерін ажырата аламын - 1 балл;
-
Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіруді білемін - 1 балл;
-
Ондық және аралас сандарды басқа санау жүйелеріне көшіруді білемін - 1 балл;
-
Санау жүйелерінің артықшылығы мен кемшіліктерін ажыра аламын - 1 балл;
-
Жиыны 5 балл.
Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау
Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны
«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.
1-2 балл - «2»
3 балл - «3»
4 балл - «4»
5 балл - «5»
Рефлексия (1мин)
Оқушыларға кері байланыс жасау үшін тест жұмысы таратылады.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.
Үйге тапсырма.
Оқулықтан § 2 оқу, тақырып бойынша 4 сұрақ құрастырып келу
Дарынды оқушыларға «1532 санын он алтылық жүйеде жазып келу».
Тексерген: