7


  • Учителю
  • №1 зертханалық жұмыс. Паскаль ортасы. Бағдарламаның құрылымы.

№1 зертханалық жұмыс. Паскаль ортасы. Бағдарламаның құрылымы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



</№1 зертханалық жұмыс.

Паскаль ортасы. Бағдарламаның құрылымы.



Масаты: Pascal-дың жұмыс ортасымен танысу, программа тексімен, терезелермен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Қысқаша теория



1.Паскаль тiлiн жұмысқа қосу

Жұмыс столындағы Паскальға сәйкес жарлық жұмысқа қосылады.



2. Менюмен жұмыс

F10 клавишасы менюдi жұмысқа қосады. Меню жұмысқа қосылған соң, ерекше түске боялады. Команданы жұмысқа қосуды тездетуге болады. Ол үшiн меню жолындағы белгiленген әрiпке сәйкес клавиша басылады. Alt клавишасы мен белгiленген әрiптi басса, оған сәйкес команда iске қосылады. Менюден шығу үшiн Ecs клавишасы басылады.

Меню пункттеріне сипаттама

Меню- File

Open-кеңейтілуі .pas файлды ашады.

New-жаңа терезе ашады.

Save (F2)-файлды өз атымен сол орнына сақтайды.

Save as-файлды басқа атпен, басқа каталогқа жазуға болады.

Change dir- ағымдағы (жұмыс істеп отырған) каталогты өзгертуге мүмкіндік береді.

Print-ағымдағы терезедегі ақпаратты принтерге шығарады.

Printer Setup-принтер орнату.

DOS shell- DOS режиміне шығады. ехіt командасымен Паскаль ортасына оралады.

Exit (Alt-X)-Паскальмен жұмысты аяқтайды. Файлды сақтау туралы хабарлама шығады



Сұрақтар:

  1. Паскаль тiлi жұмысқа қалай қосылады?

  2. Менюді жұмысқа қандай клавишамен қосуға болады?

  3. Жаңа терезе менюдің қай командасымен ашылады?

  4. Файл жаңа атпен қалай сақталады?

  5. Файл атын өзгертпей қалай сақталады?



3. Терезелермен жұмыс iстеу.

Терезе дегенiмiз - бiздiң барлық iс-әрекетiмiздi жүзеге асыратын экранның бөлiгi. Оның өлшемін өзгертуге, орнын ауыстыруға, ашуға, жабуға болады. Паскаль ортасында бiрнеше терезенi қатар ашуға, әрбiреуiмен жеке жұмыс жасауға, олардың арасында информация алмастыруға болады. Жұмыс iстеп отырған терезе белсендi (активтi) деп аталады. Белсендi терезе қос рамкалы және онда жабу кнопкасы, масштабтау кнопкасы, терезенi жылжыту кнопкасы, терезенiң өлшемiн өзгерту бұрышы болады.



Меню- WINDOW

Tile-терезелерді ретпен орналастыру.

Cascade-терезелерді каскадпен орналастыру.

Close all-барлық терезелерді жабу.

Size/Move-терезенің өлшемін өзгерту (Shift+стрелкалар). Әрекет Enter клавишасымен аяқталады.

Zoom-терезені үлкейту немесе кішірейту.

Next - терезелерді ретпен қарау.

Close (Alt + F3)-белсенді терезені жабу.

Previous- терезелерді кері ретпен қарау.

List-барлық ашық терезелер тізімін көрсетеді.

Alt + № - № номерлi терезеге өту. Alt клавишасы мен қажет терезенiң номерi қатар басылады.

Alt + F5 - Window/ User Screen - Бағдарламаны орындау нәтижесi бар пайдаланушы терезесі шығады



Сұрақтар:

1.Терезелер менюдің қай командасымен басқарылады?

2. Белсенді терезе дегеніміз не?

3. Терезелерді каскадпен орналастыру үшін қандай команда орындалады?

4. Терезелерді ретпен орналастыру үшін қандай команда орындалады?

5. Қажет терезеге қалай өтеді?

6. Пайдаланушы терезесі дегеніміз не?

7. Пайдаланушы терезесі қалай шығарылады?

8. Белсенді терезе қалай жабылады?

9. Терезенің өлшемі қалай өзгертіледі?



Тапсырма.

1.Паскальді жұмысқа қосыңыз.

2. Паскаль ортасында 5 терезе ашып, әрбіреуін сәйкесінше t1, t2, t3, t4, t5 деген атпен сақтаңыз.

3. Терезелерді ретпен орналастырыңыз.

4. Терезелерді каскадпен орналастыр да, мына ақпаратты теріңіз.

1-терезеге: {фамилияң мен атыңызды}

2-терезеге: program p_orta;

const k=100;

3-терезеге: label m1,m2;

begin

clrscr;

writeln('Salem!'); writeln(' Men Pascalmyn!');

end.

4-терезеге:

uses crt;

Осы ақпараттарды терген соң, әрбір терезені сақтаңыз.

5. Терезелерді ретімен, одан соң кері ретпен қарап, жазылған ақпаратты тексеріңіз.

6. 2-терезеге өтіп, мына жазуды қосып, сақтаңыз.

type kun=1..31;

7. Барлық ашық терезелердің тізімін шығар. 4-терезеге өтіп, мына жазуды қосып, сақтаңыз.

var k:kun; a:byte;

8. 1 және 2-терезелер экранға қатар сиятындай етіп, өлшемдерін өзгертіңіз.



Қысқаша теория



2. Алмасу буферін пайдалану.

Меню-EDIT

Undo (Alt+BkSp)- алдыңғы әрекетті жояды.

Redo - Undoдағы әрекетті қайтарады.

Cut (Shift+Del) -белгіленген фрагментті жойып, буферге алады.

Copy (Ctrl+Ins) - белгіленген фрагментті буферге көшіреді.

Paste (Shift+Ins) - буфердегі фрагментті курсордың орнына қояды.

Clear (Ctrl+Del) - фрагментті жояды.

Show Clipboard- буфердегі ақпаратты көрсетеді.





Тапсырма.

9. 1,2,3,4 терезелердегі ақпараттарды ретімен 5-терезеге біріктіріп, мына тексті құрастырңыз.

{фамилияң мен атың}

program p_orta;

uses crt;

const k=100;

label m1,m2;

begin

clrscr;

writeln('Salem!'); writeln(' Men Pascalmyn!');

end.

Тексті сол атымен сақтаңыз.



Бағдарламаны орындау

Бағдарламаны орындау үшiн, Ctrl+F9 клавишасы басылады немесе менюден /Run/ Run енгiзiледi.



Тапсырма. 5-терезедегі бағдарламаны орында. Қате туралы хабарлама шықса, бағдарламаны түзет. Бағдарламаны орындап, пайдаланушы терезесінен нәтижені қараңыз. Жұмысты аяқтаңыз.



Мысал: Екі санның қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін, бөліндісін табу.

Берілген сандар: x, y.

Нәтижелер: k-қосындысы, a-айырмасы, kob-көбейтіндісі, bol- бөліндісі

  1. Бағдарлама тексін теріңіз:

program mysal_1;

uses crt;

var x, y, k,a, kob: integer; bol:real;

begin

clrscr;

writeln ('бос орынмен екі сан енгіз');

readln (а, b);

k:=a+b; a:=a-b; kob:=a*b; bol:=a/b;

writeln ('қосынды = ', k);

writeln ('айырма = ', a);

writeln ('көбейтінді = ', kob);

writeln ('бөлінді = ', bol);

writeln ('басыңыз');

readln;

end.

Тапсырмалар

1.Бағдарламаны әр түрлі мәндермен 3 рет орындап, нәтижені қара. Дәптерге жазып алыңыз



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал