- Учителю
- Открытый урок Электронная почта
Открытый урок Электронная почта
Қазалы аграрлы - техникалық колледжі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
Электрондық пошта жүйесі
Медетова Арайлым Қарасайқызы
Информатика пәнінің оқытушысы
Қазалы қаласы, 2015 ж
БЕКІТЕМІН
Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары: ___________Ж. Кибекбаева
Пәні: Информатика
Курсы: І
Тобы: 15-7 «Ветеринария»
Сабақтың тақырыбы: Электрондық пошта жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларды электрондық пошта, оның құрылысымен таныстыру және интернеттің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды меңгерту;
Дамытушылық: Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, білім алушылардың пән бойынша алған білімдерін толықтыру, ой - өрістерін дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелілік: Білім алушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, коммуникативтілікке, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Тірек - сызба, Венн диаграммасы, кері байланыс әдісі
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта, интернет желісі, тапсырмалар, ұялы телефондар, слайдтар.
Сабақтың пәнаралық байланысы: информатика, ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин
Білім алушылармен сәлемдесіп, топты түгелдеу. Дербес компьютерді пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін еске түсіру үшін «иә» немесе «жоқ» ойынын ойнап жіберейік. Ол үшін, менің айтқан мәліметіммен келіссеңдер қол шапалақтайсындар, ал келіспесеңдер аяқтарыңды еденге соғасыңдар.
Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге
болады
Жоқ (аяқтарын еденге соғады)
2
Адам мен компьютер арасындағы арақашықтық 60-70 см болуы керек
Иә (қолдарын шапалақтайды)
3
Пернетақта үстіне кез келген затты қоюға болады
Жоқ (аяқтарын еденге соғады)
4
Мұғалімнің рұқсатынсыз қозғауға тыйым салынады
Иә (қолдарын шапалақтайды)
5
Жағымсыз иіс немесе дыбыс шықса, жұмысты жалғастыруға болады
Жоқ (аяқтарын еденге соғады)
6
Сыныпқа кірушілермен міндетті түрде орнынан тұрып амандасу керек
Жоқ (аяқтарын еденге соғады)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 5-7 мин
Үй тапсырмасын 2 топ «Тірек - сызбасы» арқылы толтырады. (ақ плакатқа жазады және қорғайды)
И
Н
Т
Е
Р
Н
Е
Т
Yandex
Rambler
Интернет дегеніміз - бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Интернет желісінде қандай да бір ақпаратты орналасқан орнын білмей тұрып, табу қиын. Сол себепті ақпаратты табуға мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді ұсынатын ақпаратты іздеу порталдары бар. Олар: Google (www.google.com және www.google.kz), Yandex (www. yandex.ru), Rambler (www.rambler.ru)
Ең көп пайдаланылатын іздеу порталы: Google (www.google.com және www.google.kz</</u>)
(Осы кезде пошташы хат алып келеді, хаттың ішінде білім алушыларға арналған сұрақ болады.)
Сұрақ: Интернеттен «Электрондық пошта» туралы ақпарат іздеңіздер.
Ендеше, бүгінгі сабағымыз «Электрондық пошта жүйесі» деп аталады. Олай болса, бәріміз Google іздеу жүйесінен электрондық пошта туралы мәлімет іздеп көрейік.
(білім алушылар мәлімет іздейді және тапқан мәліметтерін оқиды)
ІІІ. Жаңа сабақ: 20 - 25 мин
Интернеттің ең маңызды сервистерінің бірі - электрондық пошта. Компьютердегі желі арқылы бүкіл дүниеге ақпараттарды таратуға болады. Ақпарат: хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. Хабар алмасудың мұндай жүйесі электрондық пошта ( e - mail ) деп аталады.
Электрондық пошта - компьютер желісінде электронды хат алмасу жүйесі. Электрондық пошта көп жағынан кәдімгі поштаға ұқсайды. Интернетке қосылу кезінде тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошта адресі тағайындайды. Интернетке қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер - компьютерде электрондық « пошта жәшігі » құрылады. Адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылуға дейін сақталады. Электрондық пошта хабарламасы адресатқа жетуі үшін адресті ( e - mail ) дұрыс көрсетуі керек.
Желі абоненті өзіңмен байланыстағы тораптың пошталық серверінде тіркеледі де, одан өзінің пошталық жәшігін алады, яғни оған пошталық серверде ішкі жадтың бір бөлігі бөлінеді. Әр пошта жәшігіне жеке ат беріледі, ол электронды адрес деп аталады. Абонентке жіберілген хаттар мен пошта осы жәшікке түседі. Электронды адресті білетін желінің кез келген абоненті пошта жәшігіне хат жолдай алады. Бірақ пошта жәшігінен хабарды тек иесі ғана ала алады. Өйткені, жәшік өз иесі ғана білетін құпия сөзбен (парольмен) қорғалады.
Электрондық пошта адресі екі бөліктен тұратын анықталған түрде жазылады:
Пайдаланушының аты@сервер аты
Пайдаланушының атын - серверді пайдаланушы пошталық жәшігіне өзі ат береді және оның өзінің ережелері бар. Сервер аты - пошталық жәшік орналасқан сервер аты, оны пошталық қызмет көрсету компаниялары анықтайды.
Мысалы, біздің колледждің адресі мынадай:
Pcsh_8@mail.ru
Электрондық пошта құру үшін «Регистрация в поште» командасын орындаймыз.
Енді әр топ өзімізге жеке электрондық пошта ашайық.
(білім алушылар алдарындағы компьютерлері арқылы пошта ашады)
Тапсырма: «Мен саған - сен маған» топтар бір - біріне электрондық пошта арқылы сұрақтар қойып, қайта жауап жазады.
-
Құпия сөз не үшін қажет?
-
Логин дегеніміз не?
ІV. Жаңа сабақты бекіту: 7-8 мин
«Венн диаграммасы» арқылы
Осы ашқан электрондық поштамыз арқылы, әрқайсысың келген хатқа жауап жазып, менің поштама жолдауларыңды сұраймын. Мен сендердің жазған жауаптарыңды, қарапайым пошта арқылы емес, электрондық пошта арқылы №16 мектепке жолдайтын боламын.
Сұрақ: Электрондық поштадан басқа қандай байланыс бағдарламаларын білесіңдер?
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді смайликтер арқылы ВК байланыс бағдарламасы арқылы маған жолдаңдар!
«Кері байланыс». Төмендегі кестені толтыру арқылы бүгінгі сабаққа талдау жасайды.
-
Электрондық пошта жүйесі
Анықтамасын, қызметін интернет арқылы оқыдық, жеке компьютер арқылы пошта ашуды үйрендік
Бір- бірімізбен ақпарат алмасу үшін оқыдық
Интернет желісіне қосылған компьютер арқылы немесе ұялы телефон арқылы қолдана аламыз.
VI. Бағалау: 1-2 мин
Сабаққа жақсы араласқан студенттерді бағалау, жеңімпаз топты анықтау.
VII. Үйге тапсырма: 1 мин
Интернеттен электрондық поштаның және байланыс бағдарламаларының тарихын біліп келу.
Пән оқытушысы: ______________ Медетова Арайлым Қарасайқызы