7


  • Учителю
  • 6-сынып информатикадан тест 1-жартыжылдық

6-сынып информатикадан тест 1-жартыжылдық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">6- сыныпқа арналған тест сұрақтары (І- жарты жылдық бойынша)

1. Информатика - бұл … ғылым

А)техникалық тасымалдаушыға ақпараттарды орналастыру туралы;

Ә)мәліметтерді сақтау және берілгендерді сұрыптау туралы;

Б)ЭЕМ көмегімен ақпараттарды жинақтау, өңдеу , сақтау және беру, оның қасиеттері, берілу тәсілдері туралы;

В)оқу процесінде компьютерді пайдалану туралы.



2. Компьютердің жұмыс жасауы үшін кіретін қажетті құрылғылар:

А)принтер, жүйелік блок, пернетақта;

Ә)жүйелік блок, дискінің қозғағышы, тышқан;

Б)жүйелік блок, монитор, пернетақта;

В)процессор, тышқан, монитор



3. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?

А)10-10 см

Ә)20-30 см

Б)40-50 см

В) 60-70 см



4. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?

А)сезу мен көрудің

Ә)иіскеу мен естудің

Б)есту мен көрудің

В)көру мен дәмін тату арқылы



5. Осы информатика оқулығында келтірілген мәліметтер негізінен ақрараттың қай түріне жатады?

А)мәтіндік және графикалық

Ә)графикалық және естілетін

Б)электромагниттік және көрінетін

В)цифрлық және музыкалық



6. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А)қағазды

Ә)дискіні

Б)тасты

В)суды



7. Қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс- әрекет қалай аталады?

А) ақпарат

Ә) ақпараттық үдеріс

Б)ақпарттың дәлдігі

В)ақпараттық қабылдау



8. Шындық,толықтық,дұрыстық,дәлдік,өзектілік,құндылық- бұлар:

А)ақпараттың қасиеттері

Ә)ақпараттың түрлері

Б)ақпараттық үдеріс

Ақпараттық орта



9.Вирус- ол ...

А)дискілерді тексеру құралы

Ә) файлдарды көшіруге арналған программа

Б) операциялық жүйедегі қателердің салдары

В) көбеюге қабілетті зақымдаушы программа

10.Антивирус-ол...

А)файлдарды сығуға арналған программа

Ә)файлдарды көшіруге арналған программа

Б)компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа

В)вирустарды құруға арналған программа



11. Файлдарды мұрағаттау деген не?

А)файлдарды Қоржынға жою

Ә)оларды жеке бумаға біріктіру

Б)оларды бір мезгілде сыға отырып, бір файлға қою

В)кеңседегі құжаттарды қоюға арналған арнайы орын



12. Мұрағаттауды жүзеге асыратын программаны көрсетіңдер:

А)Windows

Ә)Microsoft Word

Б)Paint

В)WinRar



13.Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?

А)шоттар

Ә) Арифмометр

Б)калькулятор

В)соробан



14. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?

А)1946 ж.

Ә)1949 ж.

Б)1980 ж.

В)1956 ж.



15. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы-ол:

А)транзистор

Ә)интегралдық сызба

Б)электрондық лампа

В) үлен интегралдық сызба



16. Екінші буын компьютерлерінің элементтік базасы:

А)транзистор

Ә)интегралдық сызба

Б)электрондық лампа

В) үлен интегралдық сызба



17. Бірінші электрондық компьютер болған есептеуіш машина қалай аталады?

А)АВС

Ә)ДВК

Б)БЭСМ-2

В) ENIAC



18.Қай буынның компьютерлері дербес компьютерлер деп аталады?

А)екінші

Ә)үшінші

Б)төртінші

В) бесінші



19.Ақпарат компьютердің қай құрылғысында өңделеді?

А)пернетақта

Ә)монитор

Б)сыртқы жады

В)процессор



20. Ақпаратты енгізу құрылғысы:

А)процессор

Ә)принтер

Б)пернетақта

В)компьютердің жады



21. Алгоритм дегеніміз -...

А) іс- әрекет

Ә) толық сипатталған тапсырма

Б) алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешудедегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.

В) математикалық есептің шешілуі



22. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?

А) техникалық қауіпсіздік ережесі

Ә) Аспаздық рецепт

Б) сабақ кестесі

В) сынып тізімі



23. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер:

А) жазу үстелі

Ә) адам

Б) ыдыс жуаиын машина

В) робот



24. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер

А) бітіру

Ә) Алгоритмдегі іс- әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық

Б) Орындау

В) Соңы



25. Ұсынылғандардың ішінен алгоритм формаларына жатпайтынын көрсетіңдер:

А) сөздік

Ә)графикалық

Б) алгоритмдік тілде

В) ағылшын тілінде



26. Блок- сызба алгоритміндегі іс- әрекет дегеніміз қандай фигурада жазылады.

А) сопақша

Ә) тіктөртбұрыш

Б) ромб

В) алтыбұрыш



27. Блок- сызба алгоритміндегі енгізу- шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі?

А) сопақша

Ә тіктөртбұрыш

Б) ромб

В) параллелограмм







28. Блок- сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі?

А) сопақша

Ә тіктөртбұрыш

Б) ромб

В) параллелограмм

29.Егер алгоритмдегі іс-әрекет бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалса .... алгоритм деп аталады.

А)сызықтық

Ә) тармақталған

Б) толық емес формадағы тармақталған алгоритм

В) тармақталған элементтері бар сызықтық алгоритм

30. Толық және толық емес формадағы алгоритмді не деп атаймыз?

А) сызықтық

Ә) тармақталған

Б) ондай алгоритм жоқ

В) таңдау алгоритмі

31. «Егер сағат кешкі 11 болса, онда ұйықтау керек, әйтпесе кітап оқу керек». Қандай алгоритм?

А) сызықтық

Ә) тармақталу

Б) циклдік

Б) аралас түр

32. Қайсысы алгоритмге жатпайды?

А) сызықтық

Ә) бұйрықтық

Б) тармақталу

В) циклдік

33. Циклдік алгоритм дегеніміз:

А) алгоритмнің бірнеше рет қайталануы

Ә) іс- әрекеттің орындалуы қойылған шартқа тәуелді алгоритм

Б) егер алгоритм тізбектеле орындалса

В) алгоритмнің графикалық түсіндірілуі

34. Нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. Ол не?

А) модельдеу

Ә) модель

Б)алгоритм

В) цикл

35.Ақпараттық модель:

А) компьютердің көмегімен жүзеге асады

Ә) нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы

Б) нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар

В) статистикалық модель

















Тест сұрақтарының жауаптары:

1.б 15. б 29. а

2.б 16. а 30.ә

3.в 17.в 31. ә

4.б 18. б 32.ә

5.а 19.в 33.а

6.в 20. б 34.ә

7.ә 21. б 35.ә

8.а 22. ә

9.в 23.а

10.б 24. в

11.б 25. в

12.в 26. ә

13.б 27. в

14.а 28.а















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал