- Учителю
- Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері
Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері
</<br>
Күні:
Пәні: информатика
Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы:
Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері
Мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Міндеттері
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер
Сілтеме:
Н.Ермеков, Н.Стифутина,білімділер сайты
Оқу нәтижесі:
Оқушылар Блум таксономиясының сатыларын қолдана отырып, Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері параметрлерін баптау мен қалпына келтіруге тапсырмаларды орындату.
Негізгі идеялар:
Блум таксономиясының кезеңдерін қолдану
Қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, компьютер, электронды оқулық, фломастерлер, смайликтер
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:
Жеке жұмыс, топтық жұмыс, топпен жұмыс, Блум таксономиясы.
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық
Топқа бөлу. «Шеңбер» ойыны арқылы топқа бөлу.
Топқа бөлінеді. Топ ережесін құру.
І. Білу
3-топқа 3-түрлі тапсырма беру.
1. Оқушылардың оқығалы отырған мәтіндерін болжауға итермелеу үшін мәтіннен қандайда бір жолмен байланыстырылатын 4-5 cөз беру.Мысалы: компьютер, программа, Ms.Access компоненттері байланыс,интерфейс.Өз беттерімен ойлануға уақыт беріледі,сонан соң топтар өз әңгімелерін құрап ортаға айту.
1. Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері дегеніміз не?
2. Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері жалпы анықтамасы?
Бүгінгі сабақты толық оқып және оны жақсылап түсіну.
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер қоймасын ұйымдастыру және оның терминологиясы деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Соңғы уақытта деректер қоймасының ішіндегі ең көп тарағаны - реляциялық деректер қоймасы. Реляциялық деректер қоймасында ақпарат бір немесе бірнеше кестелерде сақталады. Кестелер арасындағы байланыс бір не бірнеше сәйкес өрістер арқылы жүзеге асырылады.
Реляциялық деректер қоймасында кестенің әрбір жолы бірегей. Жолдардың бірегейлігін қамтамасыз ету үшін кілттер қолданылады, олар кестенің бір не бірнеше өрістерінен тұрады. Кілттер тізбектелген түрде сақталады, бұл іздеу кезінде кестенің жазуларына тікелей қатынауды қамтамасыз етеді.
Реляциялық ДҚБЖ-нің негізгі ерекшеліктері:
Барлық деректер кесте түрінде сақталады.
Әртүрлі сипаттағы деректер түрлі кестелерде сақталады.
Қойма құратын кесте деректері арасында қарым-қатынас (реляцияның) беріледі
Әртүрлі кестелердегі ақпарат деректері жаңа сұратулар құру кезінде қолданылатын жаңа кесте түрінде бірігуі және ұсынылуы мүмкін.
МS Ассеss компоненттері.
МS Ассеss ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кестелер, пішіндер, есеп берулер, сұратулар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Пішіндер мен есеп берулерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады.
ІІ.Түсіну
3-топқа 3-түрлі тапсырма беру. Суретті әңгімелеу.
1.Басқару панеліндегі батырмалардың қызметіне анықтама бер
Суретке қарап, оны түсініп, параққа батырмалардың қызметтерінің аттарын 3 топ жеке-жеке бағандағы батырмаларды жазып көрсету
ІІІ. Қолдану
Басқару панеліндегі құралдарды оқушылар жұппен отырып, Ms.Access компоненттері компьютерде практика жүзінде орындау
компьютерде тапсырманы орындайды.
Сергіту сәті.
Әуен ырғағымен би билеу.
Би билейді.
ІҮ. Талдау
Жасырын ақпаратты ашу.
Windows 97 мен Windows NT салыстыру
Оқушыларға Венн диаграммасын пайдаланып, Ms.Access компоненттері
түрлерін салыстырады
Ү.Жинақтау
Бүгінгі тақырыптан түсінгенін Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері бойынша презентация құру.
Шығармашылық жұмыс орындайды.
ҮІ.Бағалау
Өз пікірін білдіру«екі жұлдыз, бір тілек»
Рефлексия бойынша оқушылардың бүгінгі сабаққа қандай деңгейде қатысқанын «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау
Күні:
Пәні: информатика
Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы:
Жасанды интелект (ЖИ) жүйесінің ұғымы. Білімдерді және білімдер базасын (ББ) айқындау
Жалпы мақсаты:
Жасанды интелект (ЖИ) жүйесінің ұғымы. Білімдерді және білімдер базасын (ББ) айқындауды меңгерту
Сілтеме:
Жергілікті желі
Оқу нәтижесі:
Оқушылар Блум таксономиясының сатыларына шығу арқылы тапсырмаларды орындайды.
Негізгі идеялар:
Блум таксономиясының кезеңдері, Word Pad, Paint редакторлары, Joy Class программасы
Қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, жергілікті желілер, компьютер, электронды оқулық, фломастерлер, смайликтер
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:
Жеке жұмыс, топтық жұмыс, топпен жұмыс, (АВС тобының оқушыларын бақылау), Блум таксономиясы.
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық
Топқа бөлінеді. Компьютердің құрылғыларының атымен топқа бөлу.
Топқа бөлінеді. Топ ережесін құру.
І. Білу
3-топқа 3-түрлі тапсырма беру.
1.Желі, желінің түрлерін ата ?
Жергілікті желі (ЖЕЖ)-принтер, плотер, дисктер, модем, CD-ROM және басқа периферилік құрылғылар сияқты желіге қосылған компьютерлік ресурстарын бірге қолдануға мүмкіндік беретін коммуникациялық жүйе.
Түйіндердін қосылу топологиясына байланысты желіні шиналық (магистралдық), сақина, жұлдызды, иеархиялық, тәуелсіз құрылымдарына жіктеуге болады.
2. Интернет дегеніміз не ? tcp/ip деректермен жіберу хаттамасы ?
Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және танымал желі.
IP (Internet Protocol) - мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бірліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама. TCP (Transmission Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады
3.Жергілікті желіні қалай баптаймыз ?
Менің желілік қоршауым. Желілік ресурстарды қарап шығу үшін жұмыс үстеліндегі Менің желілік қоршауым белгісінде, одан кейін ресурс таңбасында маусты екі рет шерту керек. Менің желілік қоршауым терезесінде барлық жұмыс станциялары мен жергілікті желі серверлері, бумалар, файлдар, басқа да ұжымдық қатынас құру ресурстары көрінеді.
Желі жайында білгендерін айтып береді.
ІІ.Түсіну
3-топқа 3-түрлі тапсырма беру. Суретті әңгімелеу.
1. Шиналық, 2. Сақиналы, 3. Жұлдызды
Шиналық (bus) жергілікті желі, мұнда кел келген екі станция арасындағы байланыс бір ортақ жол арқылы орнатылады және кез келген станция арқылы бірлестік деректер бір уақытта осы деректер тасмалдау ортасына қосылған басқа барлық станцияларға жолашықтықты болып келеді;
Сақиналық (ring)-түйіндер деректерді тасмалдаудың айналма сызығымен байланысқан (әр түйіндегі екі сызықтан ғана келеді); деректер айналмамен өткенде, кезекпен кезек желінің барлық түйіндеріне жолашықтықты болады;
Жұлдызды орталық түйін, деректерді тасмалдау сызығы басқа қалған түйіннің әрқайсысына таралып кетеді. Мерархиялық әрбір құрылғы төменгі иеархиядағы құрылғылармен басқарумен қамтамасыз етеді.
Суретке қарап, оны түсініп, параққа желілердің түрлерінің аттарын жазып көрсету. Олардың қалай қосылатындығы, қызметі туралы түсіндіру.
ІІІ. Қолдану
Суреттегі құрылғылардың дұрыс қосылуын көрсет ?
Әрбір оқушы жұп болып отырып компьютерде тапсырманы орындайды.
Сергіту сәті.
Әуен ырғағымен би билеу.
Би билейді.
ІҮ. Талдау
Жасырын ақпаратты ашу. Желінің түрлерін салыстыру.
1.Шиналық, 2. Сақиналы, 3. Жұлдызды желінің түрлерін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру.
Оқушыларға Вен диаграммасын пайдаланып, желінің түрлерін салыстырды.
Ү.Жинақтау
Бүгінгі тақырыптан түсінгені бойынша ребус, сөзжұмбақ жазады.
Шығармашылық жұмыс орындайды.
ҮІ.Бағалау
Өз пікірін білдіру
Эссе жазу. Өмірде тұрмыста желіні қалай қолданамыз сол жайында түсінгендерін жазу.
"Жетістік" баспалдағы
Сабақ соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді, түсініктеме береді. Сабақта қандай көңіл-күйде болғандықтарын жазады.