7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 8 -сынып Тақырыбы Ақиқат кестелері

Сабақ жоспары 8 -сынып Тақырыбы Ақиқат кестелері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сыныбы: 88 . 10. 2016ж

Сабақ тақырыбы:

Ақиқат кестелері

Сілтеме:

Жоспар (күнтізбелік жоспар)

Жалпы мақсаттар:

Ақиқат кестелерін, ақиқат кестелері арқылы атқарылатын жұмыстарды түсіндіру

Оқыту нәтижелері:

Зерттеу арқылы оқушылардың арасындағы қарым-қатынасын жақсарту, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Түйінді идеялар:

Дамыту жөніндегі жұмыс оқушының білімін ғана емес, АКТ-ны пайдалану біліктілігіне әсер ету.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері:

Компьютер, оқулық, плакаттар мен журналдар, үлестірмелі материалдар (карточкалар).

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Түсіндіру, сұрақ - жауап

Орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері

Оқушының орындалатын іс-әрекеттері

1. Ұйымдастыру. (3-5 мин).

1. Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Оқушылардың үй жұмысын орындағанын, түсінгенін тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

А) Логика дегеніміз не?

Б) Логикалық амалдарды ата?

3. Білімді жан-жақты тексеру:

Оқушыларға арналған логикалық ойын есептер шығарту.

3. Білімді жан-жақты тексеру:

А) Логиклық есептер шешейік:

1. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны? Ұлы

2. Сол жақтан оқысаң да, оң жақтан оқысаң да бірдей сан қайсысы? Қырық

3. Бір қаз ұшып келе жатса, қарсы бір топ қаз кездеседі. Олардан «Сендер нешеусіңдер?» деп сұраса, «Біздің санымызға тағы осынша қосса, сосын тағы жартысын қосса, сосын ширегін қосса, сосын сені қосса жүз болады» деп жауап беріпті. Сонда неше қаз болғаны? 36 қаз

4. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық:

а) Оқушылардың өткен тақырыпты меңгеруін тексеру.

б) Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстырып жаңа тақырыпқа көшу.



4. Сұрақтарға жауап береді, пікір алмасу:

1.Ақиқат сөзі бізге таныс па?

2.Ақиқат дегеніміз не?



5. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Оқушыларға санау жүйелері бойынша толық мәлімет беру, сонымен қатар сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру әдіс-тәсілдерін меңгерту.

5. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2: 0 және 1.

Пікір дегеніміз - жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы,

«Қара -ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «2*2=5» деген -жалған пікірлер.

Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.

Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.

Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.

Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады.

Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда немесе жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. Мысалы: х=0 немесе у=0 пайымдауындағы немесе жалғаулығы не у=0 не х=0, у=0 және х=0 дегенді білдіреді.

ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.

Коньюнкция - ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

Дизьюнкция - ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғандаа ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Теріске шығару - ол әрбір қарапайым пікірге, негізгі пікірдің жалған екенін қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
6. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру:

Практикалық тапсырмалар орындау.

6. Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар

1. Тарау соңындағы сұрақтарға жауап беру.

7. Сабақты бекіту:

Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін тексеріп, бекіту.

7. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Ақиқат дегеніміз не?

2. Логикалық көбейту деп нені айтады?

3. Дизъюнкция дегеніміз не?

4. Логикалық терістеу деп нені айтады?

8. Үй тапсырмасын хабарлау және оқушылардың білімін тексеру, бағалау:



8. Сабақты қорытындылау:

Үй тапсырмасын хабарлау: 6 - тақырып оқу





Информатика пәні мұғалімі Муратбеков Ж.Т



Тексерген _______________________________________



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал