7


  • Учителю
  • Монтаждау және бейнелерді жақсарту

Монтаждау және бейнелерді жақсарту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

САБАҚ ЖОСПАРЫ №13 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2016 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Сынып: 11

Сабақтың тақырыбы: Монтаждау және бейнелерді жақсарту.

Сабақтың мақсаты:

  1. Монтаждауды және бейнелерді жақсартуды меңгерту оқушыларға.

  2. Оқушылардың ой- өрістерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй жұмысы:

  1. Қиылысу мен бөлу логикалық амалдарының айырмашылығы неде?

  2. Бетперденің Ерекшелеп бөлу контурмен салыстырғанда қандай артықшылықтары бар?

  3. Нысанды қиып алу үшін қандай амалдар жасаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ

Қабаттардың әрқайсысында суреттің жеке элементі орналасқан мөлдір беттер ретінде елестетуге болады. Қабаттарды қолданған кездегі артықшылық- оларды жеке- жеке редакциялауға басқа қабаттар зақымдалуы мүмкін деп қауіптенбей- ақ, бір- біріне ауыстыра беруге болады. Нысандарды әртүрлі қабаттарда орналастыру сурет элементтері көп болған жағдайда шатаспауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қабаттар тізімімен белсенді қабат күйін қалып- күй жолынан көре аламыз. Үнсіз келісім бойынша құжатта қабат 1 атауымен бір қабат болады.

Қабаттарды шексіз қосуға және жоюға болады. Қабаттарды көрінбейтін етіп жасауға немесе өзгертулерден бұғаттауға болады. Қабаттарда тез бағдарлау үшін оларға мағыналы атау берген дұрыс. Мысалы, қабатта кейіпкер үшін салынып келе жатса, оны Көз деп атауға болады. Қабаттың атауын Қабаттар сұхбатында немесе Қабат- атауын өзгерту бұйрығын орындау арқылы өзгертсе болады.

Режім қабаттардың өзара қалай әсер ететіндіктерін анықтайды. Егер қабаттың түссіздік қасиетін өзгертпесек,онда жоғарғы қабат толығымен төмендегілерді жабуы мүмкін. Орын ауыстыру үшін Қабаттар сұхбатындағы батырмаларды, сондай-ақ Қабаттар мәзірінен сйәкес бұйрықтарды да қолдануға болады.

Сүзгі- нысандардың параметрлерінің бірқатар жиынтығы, өз атынан сақтауға және әрі қарай кескінді өңдеу үшін қолданушы жасаған стиль. Сүзгіоер мен кеңейту функциялары редактордың мүмкіндіктерін толықтырады, жеке істерді автоматтандырады. Сүзгілер жеке нысандармен қоса, нысандар тобына да қолданылады. Қолданушылық сүзгілерін көшіруге болады: параметрлерді көшіру үшін (фигура формасын басқа) түзету (правка) стилді қою (вставить стиль) бұйрығын қолданыңдар, өлшемдерді көшіру үшін түзету - өлшемді қою бұйрығын орындаңдар, ашық құжаттағы сүзгіні қолдану үшін сүзгілер редакторында керектіні жалаушамен белгілеу қажет.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Сүзгі түсінігіне анықтама беріңдер.

  2. Сүзгінің стильден айырмашылығы қандай?

  3. Стильді көшіру алгоритмін сипаттаңдар

Ү. Үйге тапсырма:



ҮІ. Оқушыларды бағалау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал