7


Ашық сабақ 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ү. Түктібаев атындағы №24 қазақ орта мектебі






Тақырыбы: «Қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі»



Сыныбы: 5 «б»

Информатика пән мұғалімі: Ақбергенова Айсана



Информатика пән мұғалімі: Ақбергенова Айсана



Пәні: информатика .

«Біле бер, қанша білсең - тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле, біле.»

Жүсіп Баласаұғын

Сабақтың тақырыбы: «Қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды Word мәтіндік редакторы туралы түсінік қалыптастырып, редактордың мәні мен мәзірі, сонымен қатар құралдар тақтасының құрылымы жайлы білім беру.

Дамытушылық: сабаққа қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, жолдастарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, презентация, Word мәтіндік редакторы.

Сабақта қолданылатын технология: ақпараттық-коммуникациялық технология элементтері, деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Жаңа сабақты меңгерту.

  3. Жаңа сабақты бекіту.

  4. Жаңа сабақты пысықтау

  5. Бағалау.

  6. Үйге тапсырма беру.

  7. Сабақты қорытындылау.



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру.

1.1 Оқушылармен сәлемдесу.

1.2 Сыныптың сабаққа дайындығын бақылау.

1.3 Оқушыларды түгендеу.

1.4 Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.

1.5 Үй тапсырмасын сұрау

Бүгін үйге берген сабақты "Алтын тасты сұрақтар " арқылы сұралады. Үй тапсырмасы мәтінмен жұмыс істеу болатын. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұарқтарға жауап беруіміз қажет.

Егер дұрыс жауап берсе, Орташа жауап берсе, тіпті нашар жауап берсе








Осы жетондар арқылы бағаланады.



ІІ. Жаңа сабақты меңгерту (презентация арқылы баяндау, түсіндіру).

2.1 Word мәтіндік редакторы.

Microsoft Word бағдарламасы - бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы. Басқаша айтар болсақ, Microsoft Word - бұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Сонымен қатар, бұл бағдарлама мәтіндік құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кірістіруге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және басқа да көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны бірнеше тәсілмен іске қосуға болады:

Егер Сіздің компьютеріңізде Microsoft Office 2003 және одан бұрынғы нұсқалар орнатылған болса, Word қосымшасын былайша іске қосасыз:

Бастау - Бағдарламалар - Microsoft Office - Microsoft Word. Егер сіздің компьютеріңізде Microsoft Office соңғы нұсқасы орнатылған болса, онда Word-ты былайша табуға болады:

Бастау - Бағдарламалар - Microsoft Office.

Microsoft Word бағдарламасының терезесі (6.1-сурет) мынадай негізгі элементтерден тұрады:

Тақырып жолағы - онда терезені басқару батырмалары және құжаттың атауы орналасады.

Мәзір жолағы. Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады:

«Стандартты» құралдар үстелі - Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою сияқты негізгі стандартты әмірлерді қамтиды.

«Пішімдеу» құралдар үстелі - мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның құжаттағы орнын (туралауды) белгілеуге арналған.

Сызғыш - құжаттың өрістерін және өрістерден шегінуді белгілеуге мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш құжаттың оң жақтағы және сол жақтағы өрістері мен шегіністерін белгілейді. Тік сызғыш үстіңгі және төменгі өрістерді белгілейді. Шегініске мысал:

Тапсырмалар аймағы - пайдаланушы таңдауы бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тапсырмаларын көрсетеді.

Айналдыру жолақтары - құжат ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.

Күй жолағы - құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін, бөлім нөмірін, беттер санын және т.б. көрсетеді.

Әдепкіде құжат бет сызбасы режімінде көрініс табады, бұл жағдайда мәтінді беттерге бөлу автоматты түрде жүргізіледі. Біз құжат режімін мәзір жолағының Көрініс тармағындағы әмірлердің бірін таңдап өзгерте аламыз: Қалыпты - бет үзілімі жіңішке үзік сызықпен көрінеді немесе Толық бейне бетке - бұл ретте құжат толық бейне бетте көрінеді.

Құжаттарды әзірлеу тәсілдері

Microsoft Word ашық терезесінде жаңа құжат жасу үшін мына әрекеттердің бірін орындау қажет:

1. Стандартты құралдар үстеліндегі Жаңа батырмасын шерту.

2. Пернетақтада пернелер тіркесімін басу.

3. Файл мәзірінің Жаңа әмірін орындау, содан кейін оң жақта қалқып шыққан Құжатты жасау үстеліндегі Жасау бөлімінде Бос құжат дегенді басу (6.2-сурет). Осыдан кейін жұмыс істеуге дайын бос Word құжаты ашылады. Бағдарлама құжатқа Құжат1 деп атау береді, бірақ Сіз құжатты сақтау кезінде оған бірегей атау таңуыңызға болады.

Соңғы аталған тәсіл дайын үлгілерді қолдануға да мүмкіндік береді. Үлгі - бұл басқа құжаттарды жасау кезінде қолданылатын арнайы құжат. Word жинағында недәуір жиі қолданылатын құжаттар түрлеріне: түйінхаттар, есептемелер, күнтізбелер және т.б. арналған бірнеше дайын үлгі бар. Үлгілерді қолдану қалыпталған құжаттарды әзірлеуді біршама оңайлатады, бұнда Сіз жай ғана ұсынылған деректерді алмастыра аласыз (6.3-сурет).

Ашық тұрған Word бағдарламасында бұрыннан бар құжатты ашу үшін мына тәсілдердің бірін қолдану керек: Файл мәзірінен Ашу әмірін таңдаңыз немесе пернетақтада О> пернелер тіркесімін басыңыз, бейне бетте Ашу сұхбат терезесі пайда болады (6.4-сурет).

Өзіңізге қажетті файлды екі рет шертіп көрсетіңіз. Егер ол файл жұмыс өрісінде жоқ болса, дәл осы сұхбат терезесін пайдаланып, оны басқа қалтадан не дискіден іздеп көріңіз.

Ағымдағы құжатты сақтау үшін Файл мәзірінен Сақтау әмірін таңдаңыз немесе пернетақтада пернелерін бірге басыңыз, егер Сіз құжатты алғаш рет сақтағалы отырсаңыз, бағдарлама Басқаша сақтау сұхбат терезесін ашады (6.5-сурет)

. Осы сұхбат терезесін пайдаланып, файлға атау беріп, файлды сақтайтын орынды көрсетіңіз. Файлдың атауы мен сақтау орны Сіздің талаптарыңызға сай келетініне көз жеткізіп алып, Сақтау батырмасын шертіңіз. Кейіннен осы құжатпен жұмыс істеу барысында Стандартты құралдар үстеліндегі Сақтау батырмасын ауық-ауық басып отырған дұрыс.

Word бағдарламасы құжатын дискетке немесе флеш-картаға жазып алу үшін Файл мәзірінде Басқаша сақтау әмірін таңдау керек. Ашылған сұхбат терезесінде файлды сақтайтын орын тауып, Сақтау батырмасын басыңыз.








Word бағдарламасында әзірленген құжаттардың кеңейтімі .doc болады.

2.2 қорытындылау.



ІІІ. Жаңа сабақты бекіту (практикалық жұмыс).

Оқушыларға тапсырмалар беру. №1 тапсырма. Әр оқушы өзінің сыныбын, мектебін, достарымен өз аты-жөнін әр түрлі қылып безендіру арқылы жазады және сурет қойып, шетіне граница қойады.

2 тапсырма оқушылар бүгінгі өткен сабақты қорытындылау ретінде кесте толтырады. Бұл кестенің мақсаты Microsoft word бағдарламасының мүмкіндіктерін әр оқушы біртіндеп жазады.



ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.

3.1 Word мәтіндік редакторын іске қосып, таратпа карточкалармен жұмыс.

3.2 Қорытындылау.



V. Бағалау. Оқушылардың тапсырмаларды орындауына байланысты бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

VIІ. Сабақты қорытындылау.

  1. Сабақта нені үйрендік?

  2. Нені білдік?

  3. Нені білгің келеді? Сұрақтарына жауап алу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал