7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Суреттің үзінділерімен жұмыс' 5 сынып

Сабақ жоспары 'Суреттің үзінділерімен жұмыс' 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: ____________

Сыныбы:_________

Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерімен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салу құралдарын үйрету.

1. Білімділік: Оқушылар графикалық редакторының сурет салу маңыздылығын меңгеру.

2. Дамытушылық: Оқушыларға графикалық редакторының сурет салу кезеңдерімен таныстыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

  1. Фигура шекарасының жуандығын?

  2. Дұрыс фигураны қалай саламыз?

  3. Фигура салып болғаннан ткейін оның шекарасының жуандығын, түрін және түсін өзгертуге бола ма?

  4. Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз?

Жаңа сабақ

Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін - фрагментті ерекшелеп алады. Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады. Ерекшеленген фрагменттің жан-жағына пунктирлі сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады .

Суреттітұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу Бәрін ерекшелеу бұйрыңын орындауға болады.

Ерекшеленген фрагменттерге қандай амалдар қолдануға болады?

  • Мөлшерді өзгерту - тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып (сілтеме екі басты жебе кейпіне айналады ), тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.

  • Орнын алмастыру - ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын жылжыту, сілтеменің түрі - .

  • Тазалау - ерекшеленген аймақ фонның түсімен боялады.

  • Түстерді айналдыру.

  • Көшіру.

Фрагментті көшіру.

1 - тәсіл - фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз - жеке көшірмесін аламыз.

2 - тәсіл - фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз - оның ізі бар көшірмесін аламыз.

3- тәсіл - фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі. Ерекшелеу сайманы үшін қосымша баптау болып табылатын Мөлдір ерекшелеу сайманы да бар.

Paint - графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба-белгілеулер құрылады. Мәтін енгізу үшін, Мәтін сайманын таңдау керек. Жұмыстың бірінші кезеңі - енгізу өрісін құру.

Бекіту: Тапсырма кемпірқосақтың суретін салып, түстердің атын жазып шығыңдар. Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау: Paint графикалық редакторында сурет салу құралдарын үйрету.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал