- Учителю
- Ақпаратты өңдеу тәсілдері тақырыбындағы 5-сыныптарға арналған сабақ жоспары
Ақпаратты өңдеу тәсілдері тақырыбындағы 5-сыныптарға арналған сабақ жоспары
Пән: Информатика 18.09.13. Сынып: 5
Тақырыбы: 3. Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Сілтеме: Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов 5-сыныпқа арналған информатика кітабы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен
қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Міндеті: - ақпаратты өңдеу тәсілдерімен таныстыру
Түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, диалог
Көрнекі құралдар: компьютер, оқулық, практикум
Сабақтың өту кезеңдері:
№
Кезеңдері
тәсілі
Мерзімі
Қойылатын сұрақтар
Күтілетін нәтиже
1
Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
1 мин
Шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жақсы тілек жасау.
Осы ойында Сіздер қандай ақпараттық процесстер жасадыңыздар?
Жылы қолайлы психологиялық атмосфера
2
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап
8мин
Ақпарат термині туралы не білдіңдер?
Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?
Қандай ақпарат түрлерін білесіздер?
Өткен тақырыптарды еске түсіру
3
Ой қозғау
Топтастыру
Постер құру
Топпен жұмыс
10 мин
1. Ақпаратпен орындалатын іс-әрекеттер
2. Ақпаратты өңдеу түрлерін атап көрсет
Ақпаратты өңдеу тәсілдері жайлы ойларын ортаға салады
4
Сергіту сәті.
Жаттығу
2 мин
Флешроликпен жаттығу орындау
Оқушылар сергіп қалады.
5
Ойлау бутерброды
Тақырыпқа байланысты сыни тұрғысынан ойларын айту
6 мин
Тақырып бойынша әр оқушының түсініктерін айтқызу. Айтылған ойлардан түйінді ой жасау.
Оқушылар тақырыптан қысқаша анықтама жасайды
6
Ақпараттық құралдармен жұмыс
Оқулықпен және компьютер-мен жұмыс
8мин
Компьютердегі тәжірибелік жұмыстары
Деңгейіне байланысты тапсырмаларды орындайды.
7
Практикум
5 мин
MyTest бағдарламасында тест орындау
Тақырып бойынша тест жұмысын орындау
6
Бағалау
3мин
Нәтижені тексеру(тестік жұмыс)
Өзін бағалау
7
Үйге тапсырма
1 мин
3 тақырыпты оқу. Түйінді ойларын дәптерге жазу
8
Рефлексия (кері байланыс)
жазу
1минут
Екі жұлдыз, бір тілек
Кері байланыс орнатылады
Ойлау бутерброды
Бұл - ойды басқару стратегиясы.
Бастау алдында алдымен тоқтап, ойланып алыңыз!
1-қадам
Дайындалыңыз.
Мыналарға уақыт бөліңіз:
-
Ақыл-ойыңызды таза ұстаңыз.
-
Соңғы рет не істегеніңізді еске түсіріңіз.
-
Осы жолы не істейтіңізді көз алдыңызға келтіріңіз.
Енді жаңа тапсырмаға кірісіңіз.
2-қадам
Мыналармен байланыс іздестіріңіз:
-
Өзіңіз білетін басқа заттармен;
-
Өзіңіз жасап отырған басқа заттармен;
-
Өзіңіз зерделеп отырған басқа заттармен.
3-қадам
Өзіңізден сұраңыз:
-
Не жақсы шықты?
-
Не қиындықпен жасалды?
-
Нені жақсартуға болады?