- Учителю
- Интернет және біз. 5-сынып
Интернет және біз. 5-сынып
Күні: 18.04.2016ж |
Сынып : 5 |
Информатика пән мұгалімдері: Сагындыкова Г.А. | |
Сабақтың тақырыбы: |
«Интернет және біз» |
Сабақтың түрі: |
дебат (пікір-талас) |
Сабақтың мақсаты: Білімділік: |
Бүкіләлемдік өрмек - интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;
|
Дамытушылық: |
Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру,
оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын
арттыру; |
Тәрбиелік: |
Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада
өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын
тыңдай білуге тәрбиелеу; |
Сабақтың әдісі: |
Сұрақ-жауап (ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты
дәлелдер келтіру) |
Сабақтың көрнекілігі: |
Тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар,мультимедиа құралдары. |
Сабақтың барысы:: |
І. Ұйымдастыру кезеңі |
ІІ. Тақырыппен жұмыс |
1.Жүргізуші ашық пікір-таластың ойын-шарттарымен
таныстырады: |
1. «Компьютер» тобының спикері:_Атаханова Сара |
Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап
беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет
керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте
зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл
ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік
желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік
желі .Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да,
жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен
кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік
жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері
болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір
сала болса, ол -бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы
жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс
министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға
сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген.
Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының
қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес,
Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және
Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен
жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба
1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон
арқылы байланыстырады. |
2. «Мұрагер» тобының спикері: Жумағали Әлішер |
Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің
өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі
таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі
ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда
қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген
қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. |
3«Компьютер» тобының спикері: Науханова Дана |
Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден
басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті
ақпараттарды табуға болады |
4. «Мұрагер» тобының спикері: Абен Айым |
Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан
болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа,
пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді
аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық,
қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін
Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың… Бірақ ең
демократияның орнаған саласы - осы ғаламтор екенін Интернетті
қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір
айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа
сын. |
5«Компьютер» тобының спикері: Аманханов Мағжан |
Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер
жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы:
үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат
агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.
Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік
береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол,
волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар
ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып
отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де
болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа
лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен
байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін
көрсету қандай жетістік десеңізші.Тыңдағандарыңызға
рахмет! |
6. «Мұрагер» тобының спикері: Тоқтығара Кенесары |
Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты
зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары
атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады.
Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман
әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың
миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық,
тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін
компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне
тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет
ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны
неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол,
футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып
компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып,
көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау
болғанымызға не жетсін. Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Сұрақ-жауаптармен алмасады |
7. Мұрагер» тобының сарапшы спикері: Ануарбек Еркежан |
Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің.Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Зорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып
алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен
танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың
өмірге көзқарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық - зорлық
көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген
сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап
қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға
айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не
қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді
жөн көрдім: |
8. «Компьютер» тобының сарапшы спикері: Науханова Дана |
Иә,балық сүйексіз,адам қатесіз болмайды демекші, бүгінгі біздің топтың қатесі болса,кешірім сұраймын. Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағлұматтармен жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған қарар өзекті. Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз!Сондықтан мен «Мұрагер» тобының ұсынып отырған мәселесі өзекті деп айтамын. Асыл тастан, өнер жастан - демекші, осылай жас - ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселелерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді,интернеттен бар керек мағлұматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет,оның пайдасы өте зор.! Сонымен іске сәт,жұмыстарыңыз табысты болсын! Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет! |
Қорытынды |
1.Әділ қазылардың қорытындылауы |