7


  • Учителю
  • Бағдарламалау (орыс. Программирование; ағылш. programming)

Бағдарламалау (орыс. Программирование; ағылш. programming)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№_3_ Сабақ жоспары



Топ





Сабақтың өткізілетін күні







Пән аты: Бағдарламамен қамтамасыздандыруды құру технологиясы.



Оқытушы: Убаев Каримжан Камилжанович



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бағдарламалау жүйесі толығымен үйрету түсіндіру.

Дамытушылық: Өмірдегі күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, өз бетімен іздену, білімдерін іс - жүзінде қолдана білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.



Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы алдына мақсат қоя отырып оқыту, зерттеу әдістері.

Пән аралық байланыс: информатика, есептеу кешендерінің операциялық жүйелері, қазақ тілі

Сабақтың жүрісі:

І Ұйымдастыру.

  1. Сабаққа дайындықтарын тексеру

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Маңызды сөздер (шарты: сөздердің мәнін ашу)

  1. Бағдарламамен қамтамасыздандыру сөзінің мәні?

  2. Бағдарламамен қамтамасыздандыруды құру технологиясы пәні нені үйретеді?



Сабақтың құрылымы мен мазмұны.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру



II .Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:

Үй тапсырмасын сұрап, білімдерін қосымша сұрақтар арқылы тексеру

  1. Амалды жүйе (АЖ) - бұл не?

  2. Амалды жүйе болмаса не болады?

  3. Интерфейс деп неге айтамыз?

  4. Программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа бұл не?

  5. Амалды жүйенің даму тарихы туралы не айта аласыз?

  6. Амалды жүйелерге мысал келтіріңіз.

  7. Linux амалды жүйесі туралы айтып беріңіз.

  8. MS DOS қандай амалды жүйе?

  9. Mac OS амалды жүйесі туралы айтып беріңіз.

  10. Ubuntu қандай амалды жүйе?

  11. Windows амалды жүйесі туралы айтып беріңіз.

1 топқа

1) Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын (тышқан)

2) Қанша тетік тізілген

Саусағыңды сезінген

Барлық сенің ойыңды

Компьютерге енгізген (пернетақта)

3) Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер - курсор)

2 топқа

1) Барлық сурет, мәтінді

Компьютерге енгізген

Керек емес жерін де

Компьютерден өшірген (мәтіналғы - сканер)

2) Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді. (Басып шығарғыш)

3) Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (Монитор)

1 топқа

 Қағаз бетінен алады,

Бірден компьютерге салады. (Мәтіналғы - сканер)

2 топқа

 Өзі темір, жаны жоқ.

Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан. (Жүйелік блок)

III.Жаңа материалды түсіндіру.

Түсіндіру әдісі: Пән курсының мақсаты және оны оқыту. Бағдарламалау тілінің ұғымы. Ғылыми-техиикалық прогресстің даму кезеңіндегі пәннің негізгі бағыты. Микропроцессорлық және бөтен ЕТ негізінде құрылған автоматтандыру және басқару құралдарының кеңінен пайдаланылуы.



БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖҮЙЕСІ

Бағдарламалау (орыс. Программирование; ағылш. programming) :

  • 1) есептегіш машиналар мен құрылғыларға арналған программаларды құрастыру әдістері мен тәсілдерін зерттейтін пән;

  • 2) компьютерде есеп шешу үшін оны алдын ала дайындау процесі. Ол мынадай кезеңдерден тұрады: операциялар жиыны ретінде көрсетілген есеп "шешу жоспарын" жасау (есепті алгоритмдік бейнелеу); "шешу жоспарын" программалау тілінде бейнелеу (программа жазу); программаны машина тіліне аудармалау; командалар тізбегін компьютердің техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру (есеп шешу процесі). Сондай-ақ қолданбалы математиканың компьютер үшін программалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері мен құралдарын зерттейтін тарауы да Программалау деп аталады;

  • 3) мәліметтер өндеу істерін программалық басқару жұмыстарымен қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін теориялық жөне практикалық қызмет. Программалау - нақты программа құрылымын жасап, оның мәліметтерді кодтап жазып оны құрастыру істері кіреді.

Бағдарламалау, программалау - 1) есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кезектесе орындалатын командалар тізбегіне келтіру процесі. Ол есептерді шешу алгоритміне сәйкес бағдарлама жасаудан, оны жөндеуден және қолдану барысында жетілдіру кезеңдерінен тұрады; 2) ақпараттанудың ЭЕМ үшін бағдарлама жасау тәсілдерін, сондай-ақ оны жөндеуді және жетілдіруді зерттейтін саласы. Бағдарламалау ғылым пән ретінде теориялық Бағдармалау, жүйелі Бағдарламалау және қолданбалы Бағдарламалау болып бөлінеді. Бағдарламалаудың негізгі принциптері 1947 жылы американ ғалымдары Дж. Нейман, А. Беркс және Г. Голдстайнның еңбектерінде дами бастады. Қазақстанда алғашқы ЭЕМ-дер ("ЭВ-80-3", "ИПТ-5" және "Урал-1"), 1960 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Машина және есептеу математикасы лабораториясында қолданылды. Онда кен</ қазбаларының мөлшері мен қорын анықтауға, астрофизика есептерін шешуге т.б. мәселелерге арналған алгоритмдер жасалып, бағдарламалар құрылды. Кейіннен фортран, алгол, паскаль, ПЛ-1, т.б. бағдарламалау тілі пайдаланылды. 1970-1990 жылы республикамыздың көптеген мекемелері, әсіресе жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ин-ттары жылдамдығы әр түрлі ЭЕМ-дермен қамтамасыз етіліп, бағдарлама құрастыру, жетілдіру және оны пайдалану жұмыстары одан әрі дамыды.

Бағдармалауға қойылатын негізгі талап

Бағдармалауға қойылатын негізгі талап - бағдарламаның анықтылығы және сенімділігі. Бағдармалау жинақтаушы Бағдармалау, құрама Бағдармалау *және нақтылаушы Бағдармалау болып 3 түрге бөлінеді.

    • Жинақтаушы Бағдармалау - жалпы бағдарлама жасау.

    • Құрама Бағдармалау ішкі программалар жиынтығына сүйенеді.

    • Нақтылаушы Бағдармалау берілген кластағы кез келген есепті шешуге арналған әмбебап бағдарламаны қажет етеді. Іс жүзінде, Бағдармалаудың бұл 3 түрі аралас қолданылады. Бағдармалау ғылыми-техникалық пән ретінде бағдарлама жасаудың теориясын, методологиясын және технологиясын зерттейді.

БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖҮЙЕСІ, ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕСІ - ЭЕМ-дегі бағдарламалау процесін жүргізуге көмектесетін негізгі (базалық) бағдарламалық жабдықтаманың бір бөлігі. Бағдармалау жүйесінің құрамына: ЭЕМ-ге бағдарлама құрып, компьютерге ендіретін редактор; ендіру тіліндегі бағдарламаны тікелей орындайтын интерпретатор; бағдарламаны ЭЕМ-ге ендіру тілінен машиналық тілге аударатын транслятор немесе компилятор; бағдарламаны тексеріп, жөндейтін үйлестіргіш (реттегіш); транслятордың жұмыс процесі кезіндегі бас бағдарламаға біріктірілетін қосалқы (көмекші) бағдарламалары бар трансляция кезеңінің кітапханасы (ЭЕМ-нің сыртқы жадында сақталынып тұратын бағдарламалар немесе алгоритмдер жиынтығы); құрастырылған бағдарламаны жүзеге асыру кезінде қажет болатын машиналық тілдегі көмекші бағдарламалары бар орындау кезеңінің кітапханасы; Бағдарламалау жүйесінің қызметін тұтастай көрсететін монитор енеді.



1) Қысқаша тест алу.

1 - сұрақ. Артығы қайсы?

А) жүйелік блок

В) пернетақта

С) парта

D) тышқан

2 - сұрақ. Компьютерді қандай жағдайда пайдалануға болмайды?

А) ақпаратты сақтауда

В) ақпаратпен жұмыс істеуде

С) шаң сорғызу үшін

D) мәлімет беру үшін

3 - сұрақ. Ақпаратты өңдеу құрылғысы:

А) тышқан

В) процессор

С) пернетақта

D) монитор

4 - сұрақ. Компьютер деген не?

А) сандық ақпаратты өңдеу құрылғысы

В) графикалық ақпаратты өңдеу құрылғысы

С) кез келген ақпаратты автоматты түрде өңдеу құрылғысы

D) қағаздағы мәтін мен суретті жазатын, сақтайтын құрылғы

2) Білімдерін тексерумен бірге жаңа білім алу үшін карточка толтырады.

1. Компьютердің негізгі құрылғыларын(енгізу және шығару құрылғылары) ата?

2. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғыларды ата?

3. Құрылғының қызметін жазып, аяқта.

Процессор -...

Жедел жад -...

Қатты диск -...

Видеокарта -...

Дыбыс картасы -...



Қорытындылау:

  1. Өтілген тақырып бойынша 10 сөйлемнен тұратын түсінік жазу.

  2. Оқушылардың Бағдарламалау жүйесі туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық.

  3. Инсерт әдісін қолданып, нені білемін, нені үйрендім, нені білгім келеді кестесін толтыру.





Үй тапсырмасы: ____Н-1: 12-20 б, А-1: 29-34 б_____



Оқытушының қолы: _____________________ Убаев К.К.



ПК төрағасы: _____________________ Убаев К.К.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал