- Учителю
- 'Анимация әсерлерін баптау' (8-сынып)
'Анимация әсерлерін баптау' (8-сынып)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тексерілді: _____________
Күні: 30.01.2015 ж
Сыныбы:8 «А», 8 «Б»,8 «В», 8 «Г»
Сабақтың тақырыбы
Анимация әсерлерін баптау
Сілтемелер, дереккөздер
Оқулық 8- сынып «Информатика» Е.В.Шевчук,Н.С.Кольева
Жалпы мақсаты
Power point-та анимация әсерлерін баптауға дағдыландыру
Оқыту нәтижелері
Power point-та анимация әсерлерін баптауға дағдыланады.
Әдіс-тәсілдер
Топтық жұмыс, «Лездеме» әдісі, сұрақ жауап, «Ыстық орындық», инсерт әдісі
Көренкіліктер, қажетті ресурстар
Кеспе қағаздар, флипчарт, маркер, мәтіндер
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин).
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Жұмыс істеуге қажетті құралдарын жұмыс үстеліне дайындау.
Өткен сабаққа шолу (8 мин)
«Лездеме» әдісі бойынша конвертте сұрақтар беріледі.
Оқушылар өткен сабақ бойынша конверттегі сұрақты бір оқушы оқиды,басқа оқушылар оған жауапты стикерге жауап жазады.
Жаңа сабақ (15 мин)
Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қою. Берілген тапсырманы талқылап болғаннан кейін, постерге түсіруге нұсқау беру.
Оқушылар өз білгендерінше жауап береді және берілген тапсырма бойынша өз ойларын постерге түсіреді. Топтан бір оқушы шығып жасаған жұмыстарын қорғайды
Шеберлік пен дағдыны қалыптастыру (15 мин)
Кеспе қағаздарын таратып беру. Жеке жұмыс ретінде компьютермен деңгейлік тапсырмалар беру.
Кеспе қағаздарын жеке жұмыс ретінде компьютерде практикалық тапсырма орындайды.
Қорытындылау (3 мин)
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты пысықтау. Бір оқушыны ортада орындыққа отырғызып, қалған оқушыларға сұрақ қойғызу. Орындыққа әрбір оқушы отырып шығады.
Ыстық орындықта бір оқушы отырады. Қалған оқушылар сол орындықта отырған оқушыға жаңа тақырып бойынша сұрақ қояды.
Үйге тапсырма беру (2 мин)
Тақырыпты оқып келу
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады