7


  • Учителю
  • Модификаторлар. Mirror – Айналық бейнелеу 10 сынып

Модификаторлар. Mirror – Айналық бейнелеу 10 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:10 «А»

Сабақтың тақырыбы: Модификаторлар. Mirror - Айналық бейнелеу.



Сабақтың мақсаты:

  • Модификатор және оның түрлерімен танысу. Оларды нысанға қолдану тәсілімен үйрету.

  • Қарапайым тапсырмаларды орындату арқылы программада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту.

  • Шығармашылық ққабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: тұсаукесер, тапсырмалар жинағы, үш өлшемді графика, программасы.

Сабақтың әдістері: Сөйлесу, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, ағылшын тілі.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.



Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

III. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі.



Теория

Модификатор деп - нәтижесінде нысанның қасиеті өзгеретіндей, нысанға арналған іс-әрекетті айтамыз. Мысалы, модификатор нысанды әртүрлі жолмен майыстырып, созып, айналдыра алады. Сонымен қатар модификатор нысанға текстура қоя алады немесе нысанның қасиетін өзгерту арқылы оны иілгіш ете алады.



3D Blender модификаторы. Mirror



Blender программасынды модификаторлардың бірнеше түрлері бар. Әр модификатордың қызметі әрқалай. Blender - дегі модификаторларға Extrude, Subdivide және бульдік операция құралдары да жатады. Өйткені бұл құралдардың көмегімен нысанды өзгерте аламыз. Графикалық модельдеудегі ең керекті модификатордың бірі - Mirror (айна).



3D max модификаторлары



3D max интерфейсінің маңызды элементі бұйрықтық тақтада орналасқан Modify Modifier Stack тізімі болып табылады. Бұл тізімде ерекшеленген нысанға қолданылған кейбір құралдардың мағлұматы көрсетіледі. Сондай - ақ жанындағы жанындағы редакторлау режимі ұсынылады. Сахнадағы нысанға байланысты толық мағлұматты көрсетіп тұратындықтан модификатор стегі өте қолайлы. Модификатор стегінің көмегімен нысанның баптауларына тез өтіп және оған модификаторларды қолдануға болады.

Пішінін өзгертетін модификаторлар

Нысанның пішінін өзгертетін негізгі модификаторлар параметрлік модификаторлар (Parametric Modifiers) деп аталады. Мұндай модификаторлардың көмегімен нысанның пішінін әртүрлі қылып өзгертуге болады. Пішінді өзгертетін модификаторларға сондай-ақ еркін өзгерту. (Free Form Deformers) модификаторлары да жатады. Әр параметрлік модификатор нысанды редакторлаудың екі режімін қамтиды:

  • Модификатордың габаритті контейнері жағдайын басқару Gizmo (Гизмо) параметрі арқылы орындалады.

  • Орта нүктесін қолдану Center (Центр) модификаторы арқылы орындалады.

Бұл екі режімнен бір-біріне ауысу үшін стектегі модификатор тізімнен керекті режімді таңдаймыз. Әр режімде габаритті контейнер жағдайын және әсердің орта нүктесін өзгертуге болады. Пішінді өзгерту модификаторларының бірі - Bend (Иілту) модификаторы. Бұл модификаторды тағайындау арқылы нысанның кейбір Bend Axis осіне қатысты анықталған Angle бұрыштарының қабырғасын иілту арқылы пішінін өзгертеміз.

Displace (Ығысу) модификаторы. Бұл модификатор нысанға әртүрлі әсер береді. Нысанның Displace арқылы геометриялық мінездемесін өзгерту растрлық бейненің ақ-қара негізінде немесе процедуралық карта негізінде орындалады.

IV. Бекіту кезеңі

  • Тақырыпта көрсетілген мысалдарды компьютерде 3D Blender немесе Max программасында орындап шығыңдар.

  • 9-суреттегі гантель моделін төмендегі әрекеттерді орындай отырып, Blender-де жасаңдар.

Орындалу реті:

  1. Жұмысты алдыңғы жақ көрінісіне ауысу арқылы істейміз (NumLock 1).

  2. Сахнаға цилиндрді орналастырамыз. Барлық осьтері бойынша өлшемін кішірейтеміз. Содан кейін Z осі бойынша кішкене созамыз.

  3. Сахнаға шар орналастырамыз. Оны да барлық осьтері бойынша кішірейтеміз. Цилиндрдің жоғарғы бетін сәл ғана жабатындай етіп орналастырамыз.

  4. Ctrl+J арқылы енді цилиндр мен шарды біріктіреміз.

  5. Add Modifier→Mirror модификаторын таңдаймыз.

  6. Модификатордың баптауынан айналы бейненің Z осі бойынша көрінуін орнатамыз.

  7. Пайда болған нысанның орта нүктесі цилиндрден көрінеді. 3D меңзерін осы нүктенің сәл астыңғы жағына ауыстырамыз да, Center Cursor батырмасына басамыз.

Әрі қарай нысанды өз қалауларыңмен айналдырып көруге болады.

V. Қорытынды кезең

1. Модификатор деген не?

2. Модификатордың қандай түрлері бар?

3. Mirror деген не?

4. Біз бүгін сабақта не үйрендік? Не білдік?

VI. Үйге тапсырма беру кезеңі

Тақырыпты оқу

VII. Бағалау кезеңі

Сабақтағы белсенділіктеріне, тақырыпты меңгеру, тапсырманы орындау деңгейлеріне байланысты бағалар қойылады.

Тест кілті1

2

3

4

5

С

А

Е

В

D







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал