7


  • Учителю
  • Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өскемен қаласының №15 орта мектебі

Сыныбы: 5 сынып

Информатика пәнінің мұғалімі: Құсаинова Айгерім Құсаинқызы

Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды калькулятор программасын таныстыру, калькуляторды іске қосуды онымен жұмыс жасауды және сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету, арифметикалық амалдарды қолданып есептер шығару.

Сабақтың түрі:Ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар, калькулятор түрлері т.б.

Техникалық құралдар:ДК-лер, бейнепроектор, интерактивті тақта

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру

Мен бүгінгі сабағымызды елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіз ел тірегі - білімді, дарынды, өнегелі, ұрпақ» деген сөзімен бастағым келіп тұр.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Компьютердің негізгі құрылғыларын ата

Стандартты графикалық редактор қалай аталады?

Paint редакторының мүмкіндіктері қандай

Ақпараттың өлшем бірліктерін ата

Стандартты мәтіндік редактор қалай аталады?

WordPad редакторын қалай іске қосамыз

ІІІ. Жаңа сабақ

Жұмбақтың жауабын дұрыс таптық. Қазіргі таңда есепшоттың орнына не қолданылады?

Сандық ақпаратты өңдеу

Калькулятор

Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс ісетуін WindowsXP-дің Калькулятор қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі элекрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.

Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу үшін, мынадай тізбекті орындаймыз:

Іске қосу - Программалар - Стандартты - Калькулятор.

(Пуск - Все программы - Стандартные - Калькулятор)

Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады.

Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.

Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Түр(Вид) менюінен оның сәйкес түрін таңдау арқылы орындалады.

Бұл калькулятордың жұмыс жасаудың принципі кәдімгі калькулятормен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасымен калькулятордың батырмаларын шерту арқылы орындалады.





Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор

Қарапайым калькулятор





Калькулятордың қызметтік функционалдық батырмалары:

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор- соңғы енгізілген цифрды өшіреді

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор- индикация өрісінде жарықтанған санды өшіреді

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор- барлық енгізілген ақпаратты өшіреді

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор- енгізілген мәндерді бөледі

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор- енгізілген мәндерді көбейту

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор- енгізілген мәндерді азайтады

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор- енгізілген мәндерді қосады

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор- орындалған амалдардың нәтижесін шығарады

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор- квадрат түбірді есептейді

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор- санның процентін табады

Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор- экрандағы санның кері мәнін есептейді (2*1/х=1/2)

IV. Жаңа сабақты бекіту

Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз?

Калькулятордың неше түрі бар?

V. Үйге тапсырма беру

Үйге тапсырма - «Сандық ақпаратты өңдеу. Қалькулятор» тақырыбын оқып, калькулятордың шығу тарихы туралы жазып келу

VI. Қорытынды

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал