7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы'Әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу'

Сабақ тақырыбы'Әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №36 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің информатика пәні мұғалімі Рахметова Жанар Мұратқызы. Санаты: Жалпы.


Сыныбы

Мерзімі

7 б

20.01.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.

Мақсаты:
І. Білімдік: Модельдеу, формальдау ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен материалдарды толықтыра отырып, модельдердің тәжірибелік тұрғыдан қолданылуы туралы білімдерін толықтыру.
ІІ. Дамытушылық: Модельдердің қолданылу аясы туралы ақпарат бере отырып зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін кеңейту.
ІІІ. Тәрбиелік: Танымдық қызығушылығын арттыру. Ақпараттық мәдениеттікке тәрбиелеу.
Білім - білікке қойылатын талаптар: Оқушылар объектінің моделі ұғымын, модельдерді кластарға бөлуді, модельдердің негізгі кезеңдерін, модельдерге мысалдар келтіре алуы керек.

Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: математика.

Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру, ойын.
Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Модельдердің неше түрі бар?

  2. Материалдық модель дегеніміз не?

  3. Ақпараттық модель дегеніміз не?

  4. Ақпараттық модельді сипаттау әдістерін ата.

  5. Сұлба түріндегі ақпараттық модельге мысал келтір.

  6. Граф деген не?

  7. Модельдердің қасиеттерін атап көрсет.


ІІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою.

Ал енді балалар біз модельдер туралы ақпарат алдық енді бүгінгі сабақта модельдерді зерттеу, яғни қандай салаларда қолданылатыны туралы ақпарат алатын боламыз.


ІҮ. Жаңа сабақ.

Жаңа идеяны жүзеге асыру немесе жаңа нысандар жасар алдында тәжірибелік үлгілерде сынақтар жүргізіледі. Оның басты мақсаты - тәжірибелік үлгілердің әртүрлі әсерлерге әрекетін көру. Мысалы, автокөліктерді өндіріске жіберу алдында олардың тәжірибелік үлгілерін сынайды - әртүрлі жылдамдықтарда тежеуіш жолын анықтайды, соққы кезіндегі белбеу және қауіпсіздік жастығының жұмысын т.б. тексереді.

Компьютерлік тәжірибе

Зерттеу жұмысын жүргізу

Зерттеу жоспарын құрастыру


Жоспардың бірінші пункті - модельді тестілеу. Тест модельдің жұмыс қабілетін тексере алатын бастапқы мәліметтерді қамтуы керек. Мысалы: графикалық редакторда өрнектерді дайындама арқылы құрастырған кезде, олардың дұрыстығын жасалған фигураларды басу арқылы тексереміз. Егер модельдеу кезінде есеп формулалары қолданылса, нәтижені бастапқы мәліметтер арқылы қолмен санап, оларды компьютерде шыққан нәтижемен салыстырып санау қажет.

Көбіне зеттеу кезінде бірнеше тәжірибе өткізіледі. Әр тәжірибеден кейін қорытындылар сақталып, нәтижелерге сараптама жасалады.


Ү. Сабақты бекіту:

Есептер қарастырайық.

Астанадан Қарағандыға автобус 60 км/сағ жылдамдықпен шықты. Бір уақытта Қарағандыдан Астанаға 90 км/сағ жылдамдықпен такси шықты. Егер қала арасы 217 км юолса, қанша уақыттан кейін екеуі кездеседі?

Астана Қарағанды

90

60Сұлба.


ҮІ. Қорытындылау.


ҮІІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 18 тақырып 95-97 беттер. 97 беттегі есептердің модельдерін құру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал