- Учителю
- Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділігі: компьютерлік графика жайлы жалпы теориялық шолу жасау. Және оның түрлері туралы түсінік беру;
-
Дамытушылығы: оқушылардың компьютерлік графика жайлы теориялық біліктерімен дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ақпараттық мәдениеттіліктерін, ойлау қабілеттерін, компьютермен дұрыс жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту;
-
Тәрбиелілігі: оқушыларды ізденпаздыққа, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың өту әдісі: үй тапсырмасын сұрау,жаңа сабақ түсіндіру, практикалық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, плакат.
Оқыту формалары: топтық.
Сабақта қолданылатын технология: деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологиясы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма беру
VI. Сабақты қорытындылау
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығына мән беру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету дегеніміз.
-
Модель+
-
Графика
-
Сұлба
2. Модель түрлерін атаңыз.
-
Графикалық, кестелік
-
Материалдық, ақпараттық+
-
Ақпараттық, сұлбалық
3. Модельдерге ..................................мысал бола алады.
-
Қосымшалар
-
Нүктелер
-
Суреттер+
4. Модельдеу нысанының маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат.
-
Материалдық +
-
Модель
-
Ақпараттық
5. Моделдеу нысанын қандай да бір тілде сипаттайды.
-
Материалдық
-
Ақпараттық +
-
Модель
6. Сызықтармен қосылған ұштардан тұратын графикалық нысан.
-
Сұлба
-
Кесте
-
Граф+
ІІІ. Жаңа сабақ
Компьютер көмегімен құрылған кескіндер
компьютерлік графика деп аталады. Компьютерлік графиканың әр түрлі
топтамасы бар. Мысалы, түс ерекшелігіне қарай қара-ақ және түрлі
түсті болып ажыратылады. Қолдану бағытына қарай инженерлік графика,
Web-графика, көркемдік графика және т.с.с. болып бөлінеді.
Растрлық кескіндер дәл мозаика сияқты. тек шыны немесе пластмасса
кесектерінің орнына пиксель алынады. Пиксель - монитор экранындағы
кескіннің минималь элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Растрлық
кескіннің сапасы кескіннің өлшеміне (горизонталь және вертикаь
(баған және жол) бойынша пиксель саны) және әрбір пиксель үшін
беруге болатын түстер (16,256 және одан да көп түстер) санына
тәуелді.
Векторлық кескін - бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар
және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік
графикада кескіндерді өрнектеу. Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге
болатыны векторлық кескіндеудің негізгі құндылығы. Кескіндердің
векторлық өрнектелуі растрлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық
графикада кескнідердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық
графикада - сызық болып табылады.
Фрактальдық графика математикалық есептеулерге негізделген.
Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады.
Фрактальдарда детальды сипаттау жады талап етілмейді.,сондықтан ол
кескіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді. бір
жағынан бұл топтан тыс кескіндерге фрактальдар көп қолданылмайды.
фрактальдың аз бөлігі барлық фрактальдар туралы мәлімет береді.
Компьютерлік графикада фрактальдар табиғи құбылыстарды, мысалы,
бұлттар, қарлар, жағалаулар және т.с.с. күрделі кескіндерді салу
үшін пайдаланылады.
IV. Сабақты бекіту
1. Жаңа сабақты қайталау мақсатында мына шатасқан әріптердің ішінен бүгінгі өткен тақырыпқа байланысты сөздерді табу.
Р
Е
И
Е
Ч
Т
Н
Т
К
К
С
О
Р
Е
Ү
Т
Л
Ь
Й
Е
Г
С
О
А
Т
Ы
Н
Т
А
Р
А
К
Н
О
Ф
Л
Г
Ф
А
Р
Т
О
У
Б
И
К
Ф
О
Р
М
2. Мына суреттердің ішінен қайсысы растрлық, векторлық және фрактальды екенін анықтау керек.
+
+
+
+
+
V. Үйге тапсырма:
"өзіңді тексер " 101-бет тест тапсырмасын жаттау
VI.Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.