- Учителю
- Ашық сабақ алгоритм және оны орындаушы
Ашық сабақ алгоритм және оны орындаушы
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер және оны орындаушылар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмдер және оны орындаушылар жайлы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, алгоритм
құру жолдарын үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, білімге
деген құштарлығын арттыруға ықпал ету;
Тәрбиелігі: Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын
топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау.
Құралдар - жабдықтар: ДК, интербелсенді тақта, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушылармен сәлемдесу;
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Оқушылар ІІ топқа бөлінеді.
Топтың ережесі
1. Бір-бірімізді тыңдаймыз
2. Уақытты үнемдейміз
3. Топ мүшелерінің пікірімен санасамыз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сиқырлы қорап. Экрандағы сиқырлы қораптағы реттік номері бойынша оқушы өз таңдауымен сұрақ таңдап, жауап береді.
-
Құрылғы қалай аталады? (пернетақта)
-
Жұмбақ
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар. (Тышқан)
-
1642 жылы «Паскалин» деп аталатын есептеуіш машинаны жасаған кім? (Блез Паскаль)
-
Есептеу құралы қалай аталады? (Орыс шоты)
-
1843 жылы Беббидж машинасы үшін алғашқы программа жазған программист? (Ада Лавлейс)
-
ЭЕМ қанша буыны бар? (5 буын)
-
Ақпарат өлшем бірліктерінің қатесін тап
1Кб = 1024байт 1Гб = 1024Мб
1Мб = 1024Кб 1Тб = 1024 Гб
-
Алдын ала берілген программа бойынша жұмыс істейтін аналитикалық машинаның авторы кім? (Чарльз Бэббидж)
-
Жұмбақ
Ұзын тұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын пернесі)
(Алгоритм және оны орындаушы)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Алгоритмдегі кез-келген әрекет бұйрық деп аталады.
Алгоритм құруға мысалдар: шай қайнату, сөз жазу алгоритмдерін құру.
Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.
Кез - келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен аяқталады.
Сабақты бекіту: Практикалық жұмысты орындайды және оны тексеру арқылы жүзеге асады.
-
Кітапппен жұмыс. 57 бет, 4 жұмысты дәптерге орындау.
-
Компьютермен жұмыс.
Word Pad қосымшасында жұмыс жасау.
-
Компьютер қосу алгоритмін құру.
-
Ағаш отырғызу алгоритмін құру.
-
Үй тапсырмасын орындау алгоритмін құру.
Сергіту сәті. Оқушылар көзге және қолға арналған жаттығулар орындайды.
Оқушылар білімін бағалау:
Сабақ соңында әр топтың басшысы білім-білік көрсеткіштеріне, материалдарды игеру дәрежесіне қарай білімдерін бағалайды. Оны іске асыру, бағалау парағы арқылы іске асырылады.
Үйге тапсырма: 55 бет, § 8 Алгоритмдер және оны орындаушылар, тест жұмысы.