- Учителю
- Урок по информатике. Тема урока: Информатика. Ақпарат
Урок по информатике. Тема урока: Информатика. Ақпарат
Сабақ жоспары
Күні: Сынып: 5
Мұғалімі: Кабылова Г. Пәні: информатика
Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат
Сабақтың мақсаты: оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасиеттерімен таныстыру.
Оқушылар білуі тиіс: информатика пәні нені оқытады, ақпарат ұғымын, ақпарат түрлерін. Ақпарат алу көзі, қабылдау және беру ортасын, ақпараттың қасиеттері мен оның формаларын.
Оқушылар үйренуі тиіс: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді.
Көрнекілік: дербес компьютер, интерактивтік тақта, оқулық.
Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ, лекция
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Информатика - ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
Информатика:
- ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты - техникалық;
- ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін - семантикалық;
- ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын - прагматикалық;
- ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.
Информатика сөзі 60 жылдардың басында француз тілінде (іпformаtіon - ақпарат және automatigue - автоматика) ақпартты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайдаланылды.
Ғылым ретінде информатиканың құрылымына келесі салалар кіреді:
1. алгоритмдік; 2. программалық; 3. техникалық.
Ақпарат - сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
Ақпарат алудың арналарға бөлінуі:
Көру - 81%
Есту - 10%
Иіскеу - 4%
Дәм сезу - 3%
Сезу - 2%
Ақпарат түрлері:
- Сан; - Мәтін;
- Графика; - Дыбыс - Видео.
Ақпараттың қасиеттері:
- Өзектілік; - Толықтық.
4. ТестМатериалды игеруді тексеру «Өзіңді тексер» бөлімінде берілген. Тест жауаптары:
1-С, 2-С, 3-А, 4-Д, 5-В, 6-В.
5. Қорытындылау
Информатика дегеніміз - ... Ақпарат дегеніміз - ... Ақпаратты қабылдау түрлері - ... Ақпаратты ұсыну түрлері - ... Ақпараттың қасиеттері - ...
6. Үй тапсырмасы: Оқулықтан §1,2 мазмұнын қайталау.