7


  • Учителю
  • Графикалық редактордың сурет салу құралдары

Графикалық редактордың сурет салу құралдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жилкибаева Асель Амангельдиевна

«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Информатика пәнінің мұғалімі



Жалпы және орта білім

Информатика



Информатика Бекітемін:

Сабақ № 15 Сынып: 5 Ә Мерзімі: 15.12.2015

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдары. Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

Жалпы мақсаты: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету; оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер етуіне ықпал ету; ой-өрісін дамыту.

Міндеттері:

а) Графиктік редактор туралы білімнің алғашқы негізін қалау;

ә) Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу, сыни тұрғыдан ойлау арқылы әр оқушыны қамтуға жағдай жасау;

б) Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Оқу нәтижелері:

  • Графикалық редакторды іске қоса алады (барлығы);

  • Графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады; (барлығы);

  • Теорияны практикамен ұштастыра білу (Paint графикалық редакторы мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру);

  • Құжаттарды құра және сақтай алады (кейбіреуі);


Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ, практикум.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: АКТ құрылғылары, үлестірмелер


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй жұмысын тексеру

III. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа сабақ

V. Практикалық бөлім. Сергіту сәті.

VI. Қорытындылау

VІII. Үй тапсырмасын беру

IX. Бағалау


І. Ұйымдастыру кезеңі


Сәлеметсіңдерме, оқушылар Бүгін біз сабақта алдыңғы өткен тақырыпты қайталап, алған білімдеріңдіі бекітеміз. Сабақты бастамас бұрын ең әуелі информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп алайық.

II. Үй жұмысын тексеру. Викторина «Кім жылдам?». Сұрақтарға жауап беру.

  1. Paint графикалық редакторы туралы ұғым;

  2. Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады?

  3. Графикалық редактор дегеніміз не?

  4. Қандай тәсілмен файлды ашуға және файлды құруға болады?

  5. Суретті салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз?

Бағалау жүргізіледі. Дұрыс жауап берген оқушыларға түрлі түсті смайликтер беріледі.


III. Өткенді қайталау

  1. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады ?

Жауабы: Іске қосу - Бағдарламалар - Стандартты - Paint графикалық редакторы. (Пуск-Все программы-Стандартные- Paint графикалық редакторы.)



  1. Графикалық редактордың мүмкіндіктерін ата:



Жауабы: Бұл бағдарлама әртүрлі суреттерді салуға, оларды ерекшелеуге түрлендіруге, қасына мәтін қосуға мүмкіндік береді.

Бағалау жүргізіледі. Дұрыс жауап берген оқушыларға түрлі түсті смайликтер беріледі.

Қызығушылықты ояту.

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау. Осы ребусты шешкен кезде, біз бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

Ребус шешу

,, , ,10.11

«Графика» деген сөз шықты. Графика - дегенімізі не? Қандай графикалық редакторларды білесіңдер? Дұрыс Pint деген графикалық реадакторды білеміз. Ол жерде біз сурет салып, суреттерді ерекшелей аламыз. Бүгінгі сабақта біз не үйренуіміз керек? Дұрыс, графикалық редактормен жұмыс жасауды.

Топқа бөлу.

1 топ - Модем

2 топ - Компьютер

3 топ - Пернетақта

4 топ - Графикалық редактор

Мағынаны тану

Мұғалім тақтаға сурет салады оқушылар оны ерекшелейді.

ІV. Жаңа сабақ

- ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

- белгілеу құралы бұл суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

- өшіргіш құралы, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.

- құю (заливка) құралы, бұл кескіннің немесе тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

- түс таңдау, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез - келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

- масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

- карандаш құралы, бұл кез - келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.

- кисть құралы, бұл ерікті сызықтарды салуға арналған. Оның қажетті түрін таңдап алуға болады.

- бүріккіш құралы, бұл эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

- жазу құралы, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

- сызық құралы, бұл түзу сызық салуға арналған.

- қисық құралы, бұл тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

- тіктөртбұрыш құралы, бұл тіктөртбұрыш салуға арналған.

- көпбұрыш құралы, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

- эллипс құралы, бұл шеңбер немесе эллипс салуға болады.

- бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салуға арналған.


Ой толғау. Қималар арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді.


V. Практикалық бөлім.



Сергіту сәті.


«Ойлан, шешімін тап, суретін сал» ойыны

2 - тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тап, суретін сал


Жаңбыр жауса нөсерлеп,

Әрі-сәрі болмаймын.

Алып жүрсең қолыңа,

Су болудан қорғаймын

(Қолшатыр)

Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста. (Шырша)


Күндіз кірер «інге»,

Жұрт қалады білмей.

Шығады тек түнде,

Болам дейді күндей. (Ай)


Көктем сайын жайқалып,

Жаңбыр суын ішемін.

Күз болғанда сарғайып,

Қурап-қурап түсемін


VI. Қорытындылау

Ақпараттық диктант

Мәзір жолы

Тақырып жолы

Құрал-саймандар қатары



Сурет салу алаңы

Түстер палитрасы



Қалып күй жолы

Айналдыр жолақтары




VІII. Үй тапсырмасын беру


  1. Әр құралдың міндетін жатқа білу

  2. 134-бет Өзіңді тексер. Тестті шешіп келу.


IX. Бағалау

Сабақты қорытындылап, оқушылардың білімдерін бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал