7


  • Учителю
  • MS WORD текстік редакторы тақырыптарын қорытындылап, MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу

MS WORD текстік редакторы тақырыптарын қорытындылап, MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

MS WORD текстік редакторы тақырыптарын қорытындылап,

MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу





  1. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: электрондық кестенің негізгі түсініктерімен, құрылымымен, Excel терезесімен, кітап парақтарының құрамымен (қатар, бағана, ұяшық) танысу.

Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағыттау.

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, салыстыра отырып, ажырату дағдыларын дамыту, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге, ұжымдық ауызбіршілікке баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру.

Оқушы білуі керек:

  • MS Excel деген не екенін;

  • Excel терезесінің құрылымын;

  • кестенің құрылымын (бағандар, жолдар, ұяшықтар);

  • негізгі құралдар үстелінің міндеттерін;

  • ұяшықтар мекен-жайы неден құралатынын;

  • айналдыру сызықтары қызметін.

Оқушы істей алуы керек:

  • MS Excel бағдарламасын іске қосу жолдарын;

  • ұяшықтарды пішімдей алуы;

  • ұяшықтарды үстеп, жойып, біріктіре алуы;

  • мәліметтерді сұрыптай алуы;

  • кестені өңдеу тәсілдерін;

  • интерактивті тақтамен жұмыс істей алуы;

II. Сабақтың түрі: интерактивті технологияны қолдану арқылы ұйымдастырылған аралас сабақ.



Инновациялық технология: интерактивті тақтаны қолдану.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу ағарту саласының оқу үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Білім берудегі интерактивті технология - бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы. Бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес.

«Интерактивті» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді.

Оқыту формалары: топтық және ұжымдық



III. Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, дамыта (деңгейлеп-саралап) оқыту, тестпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап әдісі, ойындар, ғылым мен тәжірибені байланыстыру.



IV. Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, физика, экономика,фармокология.



V.Пәнішілік байланыс: «MS WORD текстік редакторы», «Кестелер»



VI. Сабақтың жабдықталуы:

1. Интерактивті тақта

2. Электронды оқулық

3. Үшбұрыш («3» бағасы), төртбұрыш («4» бағасы), дөңгелек («5» бағасы) фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін жарты фишкалар.

4. Тапсырмалар жазылған слайдтар.

5. Тест тапсырмалары.

6. Ортақ бағалау парағы.

Сабақтың уақыты: 90 минут



VII. Сабақтың барысы:



1. Ұйымдастыру сәті - 2-3 мин

Оқытушы оқушыларды түгелдеп, студенттердің сыртқы көрінісіне, сабаққа дайындығына назар аударады.

2.Оқытушының кіріспе сөзі 3-4 мин

Оқытушы бүгінгі өтілетін тақырыпты айтып, тақырыптың маңыздылығын түсіндіреді. Сабақтың барысына тоқталып, оқушылардың үй тапсырмасы

«Word текстік редакторы» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру кезеңіне қысқаша тоқталады.

а) Топ студенттерін екі топшаға бөледі. Әр топшадан бір-бір топ басшы сайланады. Әр топ басшы өз тобы оқушыларының ұпайларын бағалау парағында есептеп отырады.

б)Үй тапсырмасы интерактивті тақтадан деңгейлік тапсырма сұрақтары арқылы таңдалады. Әр оқушы таңдаған ұяшықтың астындағы сұраққа жауап береді. Сұрақтар екі топтан кезектесіп сұралады.

в) Егер жауап толық болмаса, онда өз тобындағы (білмесе, қарсы топтағы) кез-келген оқушы оны толықтырып, жарты фишка ала алады.

г) Әр оқушы сабақ соңында жинаған фишкаларының саны мен түріне қарай ұпай жинап, бағаланады.





Ортақ бағалау парағы







Аты-жөні

Деңгей

лік

cұрақ

тар

Электронды

оқулық

тапсырма-

лары

Тест тап-

сырмасы

Сөз-

жұмбақ

Адасқан объекті

ні табу

Венн

диаграмма

сы

Қорытынды



«Алғырлар»

тобы















1







2







3







4







5







6









«Тапқырлар» тобы





1







2







3







4







5







6









3. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Оқушылардың тоериялық білімін ауызша сұрау арқылы бағалау. 25-30 мин



1-деңгейдің сұрақтары:

MS WORD текстік редакторы тақырыптарын қорытындылап, MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу





1. MS Word дегеніміз не?

2. MS Word бағдарламасын іске қосу жолдары.

3. MS Word бағдарламасының терезесі.

4. Кестелер дегеніміз не?

5. Кестеге жаңа жол (баған) кірістіру және жою.

6. Ағымдағы құжатты сақтау.



2-деңгейдің сұрақтары:

1. Құжаттарды әзірлеу тәсілдері.

2. Мәтіндегі тыныс белгілер қалай қойылады?

3. Мәтінді енгізу ережелері.

4. Word бағдарламасында орфографиялық және стилистикалық қателер қалай қөрініс табады?

5. Word бағдарламасының бөлектенген үзіндісінде жиектер мен бояуды қалай үстеуге болады?

6. Word текстік редакторында жұмыс істеу кезінде қандай да бір әрекетті болдырмау қалай орындалады?

2-тапсырма бойынша интерактивті тақтамен жұмыс жасалынады. Онда оқушылар электронды оқулықтан бірнеше тапсырмаларды орындайды. Олардың жауаптарына қарай фишкалар беріледі.

3-тапсырма бойынша оқушылар тест жұмысын жазбаша түрде орындайды. Тест жұмысы интерактивті тақтада беріледі. Тесті интерактивті тақтадағы жауабы бойынша қарама-қарсы топ оқушылыры тексереді. Топ басшылар бағаларды бағалау парағына түсіреді.



4. Оқушылардың білімін тест арқылы бағалау-10 минут

Тест жұмысы:

1. Microsoft Word редакторында кесте дегеніміз:

  • A) реттелген, ықшам информацияны сақтаудың ең қолайлы тәсілі

  • B) графикалық суреттерді салуға

  • C) мәліметтер базасын басқаруға

  • D) есеп шығаруға

2. Microsoft Word редакторында кесте құру әмірлері:

  • A) файл - беттер параметрі

  • B) кесте - кестені кірістіру

  • C) кірістіру - кестені енгізу

  • D) формат - кестені енгізу

  • 3. Microsoft Word редакторында кестенің бағаналарын жою әмірлері:

  • A) Формат - Текстің бағыты

  • B) Сервис - Бағананы жою

  • C) Кесте - Бағананы жою

  • D) Кірістіру - Символ

  • 4. Microsoft Word редакторында кестенің қатарларын қосымша енгізу әмірлері:

  • A) Формат - Текстің бағыты

  • B) Сервис - Қатарды жою

  • C) Кесте - Кестені енгізу

  • D) Кесте - Қатарды енгізу

  • 5. Microsoft Word редакторында кестенің қатарларын жою үшін қолданылатын әмірлер:

  • A) Формат - Қатарды жою

  • B) Сервис - Қатарды жою

  • C) Кесте - Қатарды жою

  • D) Көрініс - Қaтарды енгізу

  • 6. Microsoft Word текстік редакторымен жұмысты

аяқтау мына жолдармен жүргізіледі:

  • A) Файл - Шығу командасын немесе alt="MS WORD текстік редакторы тақырыптарын қорытындылап, MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу"+F4 пернелерін

  • басу арқылы

  • B) Формат - Шығу командасын немесе Shift - Ctrl

  • пернелерін басу арқылы

  • C) Ctrl-Alt-Delete пернелерін қатар басу арқылы

  • D) Жүйелік блокта Reset батырмасын басу арқылы

7. Microsoft Word редакторында мәзір жолағындағы

  • Файл пунктіне кіретін әмірлер:

  • А) Файл - Құру

  • В) Файл - Сақтау

  • С) Кірістіру - Символ

  • D) Түзету - Сақтау

  • 8. Microsoft Word редакторында мәзір жолағындағы

Түзету пунктіне кіретін әмірлер:

  • А) Құру, ашу, жабу, сақтау.

  • В) Көшіру, енгізу, жою.

  • С) Шрифт, абзац, тізім.

  • D) Кестені енгізу, бағананы жою.

9. Word редакторын іске қосу жолдары:

  • А) Бастау - Бағдарламалар - MS Word

  • В) Файл - Сақтау

  • С) Бастау- Символ

  • D) Түзету - Сақтау

10. Word редакторында Қалып-күй жолағы орналасқан:

  • A) Негізгі терезенің жоғарғы жағында

  • B) Негізгі терезенің төменгі жағында

  • C) Терезенің оң жағында

  • D) Негізгі терезенің екінші жолағында



Жауаптар эталоны: Бағалау критерийлері:

  • 1. А 6. А <6 - «2»

  • 2. B 7. В 6-7 - «3»

  • 3. C 8. В 8-9 - «4»

  • 4. D 9. А 10 - «5»

  • 5. C 10. В



4-тапсырма. Сөзжұмбақ



MS WORD текстік редакторы тақырыптарын қорытындылап, MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу



5-тапсырма. Электронды оқулық бойынша Word текстік редакторында жұмыс істеу тәсілдерін көрсету. 10-15 мин



6. Сергіту сәті

MS WORD текстік редакторы тақырыптарын қорытындылап, MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу

Егер жауап дұрыс болса, жазу шығып отырады, дұрыс болмаса қара сызық шығады. Дұрыс жауаптар нәтижесінде оқу-білім жайлы нақыл сөз шығады.



7. Үй тапсырмасын қорытындылау 4-5 мин

Жаңа сабақ түсіндіру 20-25 мин.



Сабақтың тақырыбы: «MS Excel электрондық кестесі. Кестенің құрылымымен танысу»

Microsoft Office дестесінің құрамындағы MS Excel бағдарламасы - кесте ішіндегі есептеу жұмыстарын шешуге, оларға әр түрлі диаграммалар тұрғызуға, мәліметтерді сұрыптауға, математикалық операцияларды орындауға, сандық эксперименттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Excel бухгалтерияда кеңінен қолданылады. Excel бағдарламасын Microsoft Windows-тың кез келген басқа бағдарламаларын қосу үшін қолданылатын тәсілдердің бірімен іске қосуға болады. Кеңінен тараған амалдардың бірі Бастау мәзірінен Бағдарламалар тармағын және MS Excel тармағын таңдау. Тағы бір тәсіл Бастау мәзірінде Жегу тармағын таңдап, ашылған терезеде Excel деп жазып, Жарайды батырмасын басамыз.

Microsoft Excel-дің қолдану аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар жасау үшін қолданылады.

Excel-де математика, физика пәндерінде жиі кездесетін есептерді шығарып, графиктер тұрғызуға болады.

Excel-де сызбалар мен диаграммаларлың алуан түрлерін оңай жасауға болады. (Фармацевтикада дәрі-дәрмектер жасау үшін, экономикада түрлі санақтар жүргізу үшін қолданылады).



Кестенің құрылымы



Электронды кесте нөмірленген жолдар және латын әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады.

Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі - ұяшық орналасқан. Әр ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен құралатын айрықша мекен жайы бар (мысалы, "Al", "B4").

Ұяшық мекен жайы ұяшыққа деген сілтеме болып табылады және осы ұяшықтағы деректерді өрнекте пайдалану үшін қолданылады. Еxcel бағдарламасындағы парақ ұяшықтары ауқымы - кестеде тік төртбұрыш пішінді аумақты құрайтын шақпақтар жиынтығы. Кесте ауқымының дұрыс белгіленуі А1:В2.

Еxcel бағдарламасы кестесінде ұяшықтар ауқымын ерекшелеп алу үшін бірінші ерекшеленетін ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, ерекшеленетін ауқымның соңғы ұяшығын шерту қажет.

Еxcel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды ерекшелеу үшін бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, өзге ұяшықтарды шерту керек.

Ұяшықтардың биіктігі мен енін өзгерту үшін мына әмірлерді орындау керек: Пішім-Жол Биіктік қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз. Сондай-ақ баған таңбашасының оң жақ шетін оңға немесе солға жылжытып, бағанның енін ұлғайтуға болады.

Жүгіргіні баған таңбашасының оң жақ шетіне апарғанда ол баған енін өзгертуге болатынын көрсетіп, мөлшерді өзгертуге арналған жүгіргі кейпіне енеді. Мысалы, егер D бағанының оң жақ шетін шертіп, таңбашаны оңға қарай сүйресе, баған кеңейе түседі. Дәл осылай, баған таңбашасын солға қарай сүйресе, баған ені кішірейеді.

MS WORD текстік редакторы тақырыптарын қорытындылап, MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу

Microsoft Excel терезесіне шолу



Excel құжаты .xls кеңейтіміне ие және Кітап деп аталады. Кітап парақтардан тұрады. Үнсіз келісім бойынша олар үшеу етіп жасалады. Парақтар арасында терезенің төменгі жағындағы «Парақ1» және т.с.с. сілтемелерді пайдаланып, ауысып жүруге болады.

Әдепкіде әрбір Excel кітабындағы парақтар Парақ 1, Парақ 2 және Парақ 3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады.

MS Excel электрондық кестесіндегі ұяшықтар блогы (ауқымы)



MS WORD текстік редакторы тақырыптарын қорытындылап, MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу



Құрылған y=cosx функциясының графигі



MS WORD текстік редакторы тақырыптарын қорытындылап, MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу



Электронды оқулық арқылы оқытушы тарапынан бірнеше тапсырмалар орындалып, түсіндіріледі. Одан соң «Адасқан объектілер» ойыны ойналады. Оқушылар интерактивті қаламмен объектілерді сәйкестендіреді.



MS WORD текстік редакторы тақырыптарын қорытындылап, MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу







Сабақты қорытындылау: Венн диаграммасы

Екі топтың бірі Word текстік редакторы мен Excel электрондық кестесінің ұқсастықтарын, екіншісі айырмашылықтарын табады.

Сабақ соңында оқытушы екі топтың бағалау парақтары арқылы ұпайларды есептеп, студенттердің білімін бағалап, жеңген топты жариялайды.



Үйге тапсырма: «Excel электрондық кестесі»

Бақылау сұрақтары:

  1. MS Excel деген не?

  2. Excel бағдарламасы қандай қызмет атқарады?

  3. Excel электрондық кестесінің негізгі түсініктері қандай?

  4. Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады?

  5. Excel терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз?

  6. Электрондық кестедегі кітап деген не?

  7. Стандартты және Пішімдеу құралдар үстелінің айырмашылықтары қандай?

  8. Өрнек жолағының атқаратын қызметі қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:



1. «Информатикадан 30 сабақ» Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов. Алматы «Шартарап» 1998ж.

2. Қазакстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал.

  1. Электронды оқулықтарды пайдалану А.Абубаева, Информатика негіздері, №4 - 2006ж

4. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6 - 2006ж







Оңтүстік Қазақстан облысы.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал