7


Урок на тему 'Ұтып ал'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ұтып ал!» интеллектуалдық сайысы

(кластан тыс шара)

Мақсаты:

  • пәнге қызығушылықтарын деген арттыру;

  • пән бойынша алған білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру;

  • өз бетімен шешім қабылдауға тәрбиелеу.

Көрнекілік:

перифериялық құрылғылар, видеопроектор, плакаттар, жапсырма қағаздар, т.с.с.

Түрі: конференция-сабақ.

Әдісі: герман технологиясы элементтерін қолдану.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру;

  2. Конференция-сабақты ашу;

  3. Оқушылар баяндамалары;

  4. Қайталау сұрақтары;

  5. Бағалау;

  6. Сабақты аяқтау.


«Перифериялық құрылғылар» деп аталатын пәнді аяқтай келдік. Бүгінгі пән бойынша қайталау сабағымызды «Конференция-сабақ» түрінде өткіземіз. Осыған байланысты қонақтар да келіп отыр.

Өткен сабағымызда жекелеген құрылғылар бойынша мини-баяндамалар дайындау тапсырмасы берілді. Сол баяндамаларыңызды қорғайсыздар.

Әрбір баяндама алдында сұрақтар беріледі. Жауаптар жапсырма қағаздарға жазылып, тақтаға ілінеді. Баяндама оқылғаннан кейін жауаптар тексеріліп, қорытынды жасалынады және жекелеген оқушылар жауаптарына қарай фишькалар үлестіріледі.

Баяндама дайындаған оқушыға 2 фишька беріледі.

Конференция-сабақ видеокамера арқылы бейне таспаға жазылады. Видеокамерамен жұмыс істеген оқушыларға да 2 фишькадан үлестіріледі.

Фишькалар санына қарай оқушылар білімі бағаланады.


Баяндамалар:

  1. «Есте сақтау құрылғылары», М.Арыстанова, Г.Ташенова, Н.Ескалиев;

  2. «Клавиатура», А.Аринжанова, А.Камиева;

  3. «Манипуляторлар», Д.Байдуллина, Э.Ихсанова;

  4. «Сканер», С.Құрмашева, Ж.Оналбаев;

  5. «Цифрлы фотоаппарат-видеокамера», Л.Сатканкулова, А.Хасанова;

  6. «Монитор», Б.Шауалиева, А.Успанова;

  7. «Принтер», А.Айболатова, Р.Фазылов;

  8. «Акустикалық жүйелер», А.Бердімұратова, А.Үрекешев;

  9. «Электронды оқулықтар», Д.Жұмабаева, А.Магзумова;

  10. «Қандай компьютер сатып алу керек?», Г.Ажимова.

Қайталау сұрақтары:

  1. Қандай есте сақтау құрылғылары бар?

  2. Оптикалық дискілердің типтері?

  3. Клавиатура түрлері?

  4. Клавиштердің бөлінуі?

  5. Клавиатураның қосылу разъемдары?

  6. "Тышқан" түрлері?

  7. Оның қосылу разъемдары?

  8. Джойстиктер қызметі?

  9. Сканер түрлері?

  10. Оның қосылу разъемдары?

  11. Цифрлы фотоаппараттағы мәлімет қалай оқылады?

  12. Цифрлы видеокамерадағы мәліметті ПК-ға қалай енгізеді?

  13. Монитор түрлері?

  14. Оның қосылу разъемдары?

  15. Принтер түрлері?

  16. Оның қосылу разъемдары?

  17. Картридж қызметі?

  18. Дыбыстық картаның атқаратын қызметі?

  19. Қандай акустикалық жүйелерді білесіз?

  20. Электрондық оқулық дегеніміз не?

  21. Ол қандай компоненттерден тұрады?

Процесор, орталық процесор (CPU) компьютердің ең басты микросхема болып табылады, ол компьютерге қосылған барлық программаларды орындаумен айналысады. Процесссордың жұмыс жылдамдығы жиілікпен өлшенеді. Өлшем бірлігі - мегагерц (МГц), соңғы кезде - гегагерцен (ГГц) өлшенеді. Процессордың жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, компьютердің жұмыс жылдамдығы да соғұрлым үлкен болады. Сондай-ақ процессордың жұмыс жылдамдығы оның типі мен де сипатталады. Әр түрлі типтегі процессорлар жиеліктері бірдей болғанмен жұмыс жылдамдықтары әр түрлі болады. Процессор шығаратын негізгі компаниялар: АМD және Intel (AMD Athlon XP).

Аналық плата, жүйелік плата (main baord, mother baord) - процессорды, оперативті жадты және басқа да компоненттерді қосуға арналған разъемы бар және микросхемалар орнатылған үлкен өлшемдегі плата. Ол компьютерлердің процессордан кейінгі құрауыштарын бір-бірімен байланыстырады. Аналық платаға - процесор, оперативті жад, видео карта, дыбыстық карта, ақпарат оқуға және жазуға арналған құрылғылар, "тышқан" құрылғысы, клавиатура және т.б. қосылады. Аналық плата өндіретін компаниялар: ABIT, AOpen, FPoX, Gigabyte, Soltek, т.б.

Оперативті жад, оперативті жад модулі, жад (ОЗУ, memory, RAM) -микросхема, онда дәл қазіргі кезде орталық процессордың жұмыс істеп жатқан программалары мен берілгендер сақталады. Компьютерлерді өшірген кезде оперативті жадтағы барлық информациялар жойылады. Егер оперативті жадтың информация сақтау көлемі аз болса, компьютердің жұмысы да жай болады. Оперативті жадты өндіретін компаниялар: Fujitsu, IBM, Samsung (SEC).

Қатқыл диск, винчестер (HDD) - үлкен көлемдегі информацияны сақтауға арналған құрылғы. Компьютерді сөндірген кезде бұл информация жойылмайды. Мұнда операциялық жүйемен компьютерге орнатылған барлық программалар сақталады. Қатқыл диск металл корпустан тұрады. Оның ішінде өте тез айналатын бірнеше дискінің жиынтығы бар. Бұл дискідегі информацияны оқу немесе информацияны жазу онда орнатылған арнайы магниттік тиек арқылы жүзеге асады. Магниттік тиек дискідегі әрбір жолдарға орын ауыстыру арқылы оқиды не жазады. Қатқыл дискінің сиымдылығы гегабайт (Гб) арқылы өлшенеді. Қатқыл дискіні шығаратын компаниялар: IBM, Sаmsung, т.б.

Иілгіш диск оқуға арналған дисковод, флоппи диск (FDD) - дискетадағы информацияны оқуға және жазуға арналған құрылғы. Дискета арнайы қорапқа орнатылған иілгіш дискісі бар магниттік жолмен ақпарат жазуға арналған құрылғы. Дискетаға көлемі үлкен емес ақпараттар сақталады. Қазіргі уақытта дискеталар бір компьютердегі информацияны екінші компьютерге тасымалдауға арналған. Болашақта дискеталар өндірістен шығуы мүмкін. Оның орнын компакт-дискілер, флэш-дискілер басуы мүмкін. Иілгіш диск оқуға арналған дисководтарды өндіретін компаниялар: Sony, Epson, Panasonic, NEC.

Графикалық жеделдеткіш, графикалық адаптер, видеокарта (videocard) - бейнені мониторға шығаруға арналған плата. Видеокартаның аналық платаға орнатылатын разъемы бар. Бұл разъем екі түрлі болуы мүмкін: CPI және AGP. Видеокартаның сыртқы бөлігінде де разъемдар болады, онда монитордың кабелі қосылады. Видеокарта өндіретін компаниялар: ABIT, AOpen, Gigabyte.

TV/FM-тюнер (TV/FM-tuner) - мониторды телевизор ретінде қолдануға арналған құрылғы, яғни оның көмегі арқылы монитордан телевизиялық хабарларды немесе видеофильмдерді қарауға болады. Сондай-ақ тюнер арқылы радио хабарларды тыңдауға болады. Тюнер шығаратын компаниялар: ATI, Aver Media, Lifeview, Tekram.

Дыбыстық карта, аудиокарта (sound card) - компьютердегі дыбыстарды, музыканы акустикалық жүйелер арқылы ойнатуға, шығаруға арналған жекелеген плата түріндегі құрылғы. Дыбыстық карталар кей жағдайда аналық платаға интегралданып та істеледі. Аудиокарталардың дыбыс шығару сапасы төмен болады. Аудиокарталар өндіретін компаниялар: Creative Labs, Genius, Guillemot, Terratec, Yamaha, т.б.

Корпус (case) - корпустың ішіне компьютердің барлық ішкі компоненттері жинақталады. Корпусты ішкі компоненттерімен қоса жүйелік блок деп атайды. Корпустың алдыңғы панелінде компьютерді айырып-қосуға, қайта жүктеуге арналған батырмалар және дисководтар орнатуға арналған ойықтар болады. Ал, артқы панелінде жүйелік блокқа қосылатын сыртқы құрылғылар үшін разъемдар орналасатын ойықтар болады. Корпус өндіретін компаниялар: AOpen, Codegen, Denco, Genius, InWin, т.б.

Салқындату жүйесі, вентилятор, кулер (fan culer) - жүйелік блоктағы жекелеген компоненттерді салқындатуға арналған міндетті түрде орнатылатын салқындату жүйесі болады. Мысалы, процессорға вентилятор міндетті түрде орнатылуы керек. Егер процессорға вентилятор орнатпай компьютерді іске қосатын болсақ, онда бірнеше минуттан кейін процесор жанып кетуі мүмкін. Қосымша вентиляторлар корпустың ішіне қосымша орнатылады. Олар корпустың ішіндегі ыстық ауаны сыртқа айдайды. вентилятор, кулер шығаратын фирмалар: ADDA, AVC, Indec, NMB, Zalman, т.б.

Желілік карталар (network card)- бірнеше компьютерлердің бір-бірімен байланысын іске асыруға арналған плата. Өзара бір-бірімен қосылған бірнеше компьютерлер локалды желі деп аталады. Мұндай желі арқылы бір құрылғыны ортақ пайдалануға болады. Мысалы, бір принтерді ортақ пайдалану. Желілік карта өндіретін компаниялар: 3 Com, CNet, D-Link, Genius, Intel, Realtek, т.б.

"Тышқан" монипуляторы монитор экранындағы курсорды жылдам әрі дәл басқаруға арналған құрылғы. Оның жоғарғы бөлігінде екі не үш батырма болады. Ал төменгі бөлігінде ауыр резиналы шарик болады. Шариктің айналуымен бірге курсор да қозғалады. Шариктің кір жинамауы үшін және дәл жұмыс істеуі үшін "тышқандарға" арналған кілемшелер болады. Қазіргі уақытта үшінші батырманың орнына роликтер орнатылып жүр. Олар арқылы беттерді тез парақтауға болады. "Тышқан" жүйелік блокқа разъемдар арқылы қосылады. "Тышқан" өндіретін компаниялар: Artech, Dexxa, Centus, Logitesh ,Microsoft т.б.

Клавиатура (keyboard) - компьютерді басқаруға арналған негізгі және міндетті құрылғысы. Ол клавиштер жинағынан тұрады. Клавиштер атқаратын қызметтеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Клавиатура жүйелік блокқа әртүрлі разъем арқылы қосылады. Клавиатура өндіретін компаниялар: BTS, Cherry, Genius, Ljgitesh,,Microsoft т.б.

Монитор, дисплей (display) - барлық болып жатқан құбылыстарды экранға көрсетіп отыратын компьютердің негізгі және міндетті құрылғысы. Монитордың екі типі бар: электронды сәулелі түтікше және сұйық кристалды монитор. Монитор экранының өлшемі диагональ бойынша алынады. Монитор шығаратын компаниялар: Compag, CTX, LG, Nec, Samsuung, Sony, т.б.

Акустикалық жүйелер (speakers) - дыбыстық карта арқылы дербес компьютерде дыбыс және музыка ойнатуға арналған құрылғы. Акустикалық жүйелер пассивті және активті болып келеді. Пассивті акустикалық жүйелер үшін өте төмен жиіліктегі дыбыс толқындарын күшейтуге тура келеді. Мұндай жағдайда күшейткіштер не арнайы колонкалар - сабвуфер қолданылады. Акустикалық жүйелерді шығаратын фирмалар: Genius, Jfzz Hipster, Philips, Yamaha, т.б.

Принтер (printer) - ақ-қара немесе түрлі-түсті баспа қызметін атқаратын құрылғы. Принтерлер матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік болып бөлінеді. Олардың қағаз басу сапалары, сәйкес бағалары әртүрлі болады. Принтер шығаратын компаниялар: Canon, Citizen, Epson, Hewlett-Packard (HP), Lexmark, Samsuung, т.б.


Үйге тапсырма:

  • толық қайталау;

  • қалалық компьютерлік дүкендерден аталмыш құрылғылардың бағаларын жазып келу;

  • сынаққа дайындық.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал