- Учителю
- Мәтінді пішімдеу. ӘРіптер (5-сынып)
Мәтінді пішімдеу. ӘРіптер (5-сынып)
Жүсіп Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Әріптер
Информатика пән мұғалімі:
Кәрімова Мөлдір Нурланқызы
5 «К» сынып
Шымкент 2015
Күні: 06.02.2015ж. Сыныбы: 5 «К»
Сабақтың тақырыбы : Мәтінді пішімдеу. Әріптер.
Сабақтың мақсаты : берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.
Оқушылар білуі тиіс : шрифтті, абзацты пішімдеу параметрлерін, стандартты өлшем және әріп гарнитурасын.
Оқушылар үйренуі тиіс : мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды; абзац, бірінші жолдың шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, табуляцияны қолдануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді.
Сабақтың көрнекілігі: JoyClass
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
1. Мәтіннің қай элементі минималды болып табылады ?
2.Құжатты құрғанда мәтіндік редактор бізге қандай әріпті ұсынады ?
3. Азацта мәтін болмауы мүмкін бе ?
4. Абзац дегеніміз не ?
5. Мәтіндерді абзацтарға қалай бөлеміз ?
6. Бірнеше абзацтарды біріктіре аламыз ба, қалай ?
7. Мәтін мен абзацтарды қалай жылжытамыз ?
8. Тест ( оқушыларға Joyclass бағдарламасымен тест сұрақтарын беремін)
V Жаңа тақрыпты түсіндіру
Біріншіден, пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады : Контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту. (1-сурет)
Екіншіден, пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайындалу немесе енгізілгеннен кейін орындалуы мүмкін.
Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады:
Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтуге де, кішірейтуге де болады. Ол үшін батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:
- Әріптерді жуандатады;
- Әріптерді қисайтады;
- мәтіннің астын сызады.
1-сурет. Жолақтағы пішімдеу бұйрықтары
Символ үшін мынадай баптауларды тағайындауға болады:
· әріптің түрін ;
· мөлшерін;
· түсін.
Іскерлік хаттар, рефераттар үшін әріптің 14 пт мөлшері, TimesNewRoman гарнитуралары ұсынылады. Мәтінді түстермен және ерекше кескінмен көзге түсердей етіп артық белгілеудің қажеті шамалы.
Сондай - ақ ерекшеленген мәтінді пішімдегенде пернелер тіркесімін бірге пайдаланған да ыңғайлы. Мысалы, әріптің кескінін жуан ету үшін Ctrl+B , курсив ету үшін - Ctrl+І пернелер тіркесімін қолдануға болады.
VІ Сергіту сәті (көзге арналған)
VІІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау (кітаппен жұмыс 171-173 беттер.)
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІІ Видеоролик
ІХ Қорытынды Тест (оқушыларға Joyclass бағдарламасымен тест сұрақтарын беремін)
Х Бағалау
ХІ Үйге тапсырма
§ 22 мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру.