7


  • Учителю
  • 'PowerPoint бағдарламасында мәтін құру. Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету' тақырыбына ашық сабақ жоспары.

'PowerPoint бағдарламасында мәтін құру. Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету' тақырыбына ашық сабақ жоспары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебі»ММ



Ашық сабақ тақырыбы:

PowerPointбағдарламасында мәтін құру. Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

Бейнеу - 2014



Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы,

«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

І санатты информатика пәні мұғалімі

Коспанова Света Айткуловна

Сабақтың тақырыбы:PowerPointбағдарламасында мәтін құру. Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға PowerPoint бағдарламасында жұмыс істеуді меңгерту.

Білімділік PowerPoint мүмкіндіктерін пайдаланып презентация

құрастыруды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу, шығармашылық

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі

бағалауға,уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: көрсете түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сыныпты сабаққа дайындау, топтастыру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

PowerPoint не үшін арналған бағдарлама?(Презентация жасауға )

PowerPoint-ты іске қалай қосуға болады?(Пуск-Всепрограммы-MSOffiсe-MSPowerPoint)

Слайд дегеніміз не? (Мәтінді,объектілерді, клиптерді іске қосатын күрделі объект)

Презентация деп нені атайды? (Слайдтардың жиынтығын)

Слайдтарды қалай қосуға болады? (Алдыңғы слайдты белгілеп,ENTER пернесін басып)

Презентацияны сақтау командасы? (Файл-Сохранить)

Слайдтарды толық экранға көрсету батырмасы?(F 5)



ІІІ. Жаңа сабақ



Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:

1.PowerPoint-ті іске қосу.Файл-Создать командасын таңдау.

2. Безендіру шаблонын жасау үшін

Главная-Создать - Шаблон-Оформления командасын қолдану

3.Әр слайдқа үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теру.

4. Слайдқа объект немесе сурет енгізу үшін Вставка

менюінекіріп керекті опцияны таңдау.

7.Мәтін мен кез келген объект үшін анимация енгізу үшін

Анимации-Настройкаанимациикомандасын таңдау.

8.Құрылым тәртібіне өтіп,презентация жоспарын қарап шығу.

9.Презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін,

Показслайдов - С началакомандасын орындау.

10.Презентацияны сақтау үшін Файл-Сохранить командасын

орындап,ат беріп,сақтау.

Презентацияны әзірлеу кезіндегі ережелер:

  • Презентацияны алдын ала жоспарлау қажет:мақсаты мен мазмұнын білу керек;

  • Слайдтағы ақпарат ықшам және қарапайым болуы керек;

  • Объект фоннан түсі бойынша ерекшеленуі керек;

  • Слайдты безендіру үшін контрастілі және үйлесімді түсті таңдау керек,

  • Анимациялық ауысулар,бейне дыбыс және басқа құралдар пайдалану ұсынылады.



ІҮ. Бекіту

Деңгейлік тапсырмалар: Ұлттық салт дәстүрлерге байланысты тақырып таңдау. «Ұлттық ойын түрлері», «Ұлттық киімдер»...

№1

1.Тақырып таңдау.

2.1-10 слайдтар дайындау.

3. Презентацияны сақтау.

№2

1.Слайдтарға тақырыпқа сай графикалық объектілер енгізу.

2.Слайдтарға анимациялық эффектілер кіргізу.

3. Слайдтарды безендіру.

№3

1.Презентацияны қорғау.

2.Мазмұнын ашу.

3.Уақытты үнемдеу.

Ү. Қорытынды «Орамал тастау» ойыны

- Слайдтарға қандай графикалық объектілерді орналастыруға болады? (Кестелер,диаграммалар,суреттер,бейнеклиптер)

- Анимация қою үшін орындалатын команданы ата?

- Презентацияны толық экранға қалай көрсетеміз?

- Презентацияны сақтау үшін орындалатын әрекеттер?

- Кесте енгізуге болама?

- Мәтін, дыбыс, сурет қою үшін қандай команда орындалады?



ҮІ. Бағалау



ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

Презентация құруға мәтін дайындап келу.

«Әсемдік бұйымдар» қыз келіншек, бозбала,

«Қазақ халқының тойлары» т.с.с.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал