- Учителю
- Inkscape векторлық графикасының редакторы. 7 сынып
Inkscape векторлық графикасының редакторы. 7 сынып
Күні: 08.02.2016
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Inkscape векторлық графикасының редакторымен таныстыру, Inkscape бағдарламасында жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақтылықа, жауапкершілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Көрнекілік: слайд, ДК, интернет желісі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
-
Растрлық кескіндермен жұмыс істейтін программаларды атаңдар.
-
Растрлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады?
-
Қандай пішімде сығымдау қолданылады?
-
Графикалық файлдың пішімі дегеніміз не?
-
Анимациялық кескіндерді сақтау мүмкіндігі бар графикалық пішім.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Inkscape - тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өдеу редакторы. Интерфейстің параметрлері - тіл, құралдар батырмаларының өлшемдерін және т.б баптау ФайлInkscape баптауИнтерфейс бұйрығымен орындалады. Редкатор терезесі 9 элементтен тұрады:
-
Бас мәзір;
-
Құралдар параметрлері;
-
Құралдар панелі;
-
Таңбалау элементтері;
-
Жұмыс аймағы;
-
Бұйрықтар панелі;
-
Жабысу параметрлерінің панелі;
-
Түстер үлгілері - бояу палитрасы;
-
Қалып-күй жолы.
Inkscape-те жұмысты бастамас бұрын құжаттың қасиеттерін анықтау керек: өлшем, фон, бағыттауыштың параметрлері, торлар және т.б.
IV. Сабақты бекіту тапсырмалары:
Оқулықта берілген тәжірибелік жұмысты орындау.
V. Қорытынды.
-
Құжаттың өлшемін қалай орнатады?
-
</ Бағыттауыштар мен тор не үшін қолданылады?
-
Inkscape құжаттарын қандай пішімдерде сақтау керек?
-
Қалай сақтау және Көшірмесін сақтау бұйрықтарының қандай айырмашылықтары бар?
-
Іс-әрекетті қайтаруды қалай жүзеге асырады?
VI. Бағалау.
Оқушыларды тапсырма орындауларына қарай бағалау.
VII. Үй тапсырмасы.
Тақырыпты оқу, өзіңді тексер сұрақтарына жауап беру.