7


Ашық сбақа Фигураларды салу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Маңғыстау облысыАшық сбақа Фигураларды салу

Бейнеу ауданы

Атамекен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

Авезова Бибихадиша Калдурдыевна

















Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған құралдары туралы түсінік беру.

Білімділігі: Оқушыларды тік төртбұрыштың биіктігі мен көлденеңінің нақты мәнін см-мен анықтауға түсінік беру;

Дамытушылығы: Оқушыларды графикалық файлдардың пішімі оны жасаған программаға байланыстыра білуге және логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

VI. Жаңа сабақ



Inkscape графикалық редакторында фигура салу үшін арнайы құралды таңдау керек, панель параметрлерінде қажетті параметрлерді орнатып, контур және құйып бояу түстерін таңдап, кенепте созу қажет.

Inkscape графикалық редакторы сурет салу үшін келесі құралдарды ұсынады:



Ашық сбақа Фигураларды салу

Тікбұрыш тікбұрыштар мен шаршыларды салуға арналған.

Көлемді тікбұрыш параллелепипедтерді салуға мүмкіндік береді.

Эллипс эллипстердің, доғалардың және дөңгелектердің кескінін салу үшін пайдаланылады.

Көпбұрыш тұйық көпбұрыштармен жұлдыздарды салады.

Спираль спиральдарды салады.





Тікбұрыш құралы

  1. Сурет салу кезінде тәжірибе өткізіңдер - Ctrl, Shift ПЕРНЕЛЕРІН ҰСТАП ТҰРЫҢДАР. Тік төртбұрыш қандай өзгеріске ұшырады?

  2. Параметрлер панелінде дөңгелектелген бұрыштардың көлденең және тік радиустарын 20-ға өзгертіңдер - сендерде дөңгелектелген бұрыштарымен тік төртбұрыш пайда болу керек. Бұрыштардың дөңгелектелуін қалай алып тастауға болады?

  3. Тікбұрыш құралы үшін параметрлер панелінде тағы да қандай баптаулар бар?

  4. Әрбір салынған фигура контурында ромбтар бар. Ол - түйіндер. Олар не үшін керек екенін келесі параграфтан оқып білесіңдер. Түйіндерді тасымалдауда жаттығыңдар, фигураларда болып жатқан өзгерістерді бақылаңдар.

  5. Параметрлер панелін қолданып, 20 мм ені мен 30 мм ұзындықтың нақты мәнін анықтаңдар. Ол үшін өлшем бірлігі ретінде тізімнен мм-ді таңдаңдар.Ашық сбақа Фигураларды салу



Эллипс құралы

Эллипс құралын пайдаланып, сегмент алуға болады (екі радиусы бар, жабдық эллипс, 47 а-суреті) немесе доға (жабдық емес эллипс, 47 ә-суреті).

Ашық сбақа Фигураларды салуАшық сбақа Фигураларды салу

Ол үшін эллипс салып, доға бұрыштарының көлбеуден бастапқы нүктеден шекті нүкті нүктеге дейінгі мағыналарын көрсету керек. Бұрыштардың мағынасы тригонометриялық шеңбер бойымен анықталады. Y білігі төмен бағытталған, өйткені экранның жазықтық координаталарының ортасы сол жақ жоғары бұрышта орналасқан.



Көпбұрыш құралы



Екі режімде: дұрыс көпбұрыш және жұлдыз режімінде жұмыс жасай алады. Режімді параметрлер панелінде таңдауға болады.

Ашық сбақа Фигураларды салу

Бұл құрал үшін төбелер саны , дөңгелектеу, бұрмалау, ал жұлдыздар үшін - негіз радиусы және сәуле төбесінің параметрлерін беруге болады.

Радиустар қатынасы азайған сайын сәуле бұрыштары сүйірленеді, ал көбейген сайын жұлдыз көпбұрышқа айналады.

50-суреттоегідей көріністі алу үшін Көпбұрыш құралында мына параметрлер орнатылған: режім - жұлдыз, бұрыштар - 5 радиустар қатынасы - 0,3, дөңгелектеу - 1,5 , бұрмалау - 0.



Спираль құралы



Спиральдың орамдарынан басқа , орамдар арақашықтығын қаншалықты біркелкі өзгеретіндей етіп (сызықсыздық, үнсіз келісім бойынша - 1) және ішкі орамның радиусын (ішкі радиус) орнатуға болады.

Ашық сбақа Фигураларды салу

Көпбұрыш, спираль құралдары параметрлерінің бастапқы қалпын Тастау (Сброс) батырмасын Ашық сбақа Фигураларды салу басу арқылы қайтарса болады.





.





V. Сабақты бекіту.

Таңдалған деңгейі бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау

VІ. Қорытындылау.

Тәжірибелік жұмыстың орындалуын тексеру, жұмыс барысында туындаған сұрақтарды талдау, шешу жолдарын ұсыну, оқушылар білімін бағалау

VІІ. Үй тапсырмасы

§22 тақырыпты оқу, тесттік тапсырманы орындау



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал