7


  • Учителю
  • Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері 6 сынып

Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Нұрымбетова Гаухар Әмірханқызы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, №262 мектеп-гимназия

Сынып: 6 Б

Күні: 01.02.2016 жылМәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері туралы мағлұмат беру.

Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерін ажырата білуге үйрету.

Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерін білетін болады.

Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерін ажырата білуді үйренеді.

Топтық жұмыс жасай алатын болады.

Негізгі идеялар

Оқушылар шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы қабілеттілігі, зерделігі дамиды. Оқушылардың тақырыпты терең меңгеру деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау

Тапсырмалар

«Лото» ойыны (сұрақ-жауап)

Тапсырмалар

Мәтінді оқу

Тапсырмалар

«Мозаика» әдісі арқылы сәйкестендіру

Тапсырмалар

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру (3 мин)

  1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  2. Топқа бөлу (мәтіндік редактордың терезе элементтері бойынша)

І топ - Меню жолы

ІІ топ - құрал-саймандар тақтасы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Лото ойыны: Сұрақ-жауап (7 мин)

  1. Мәтіндік редактор дегеніміз не? (мәтінді түзету, пішімдеу, кейде басып шығаруға арналған қолданбалы программа)

  2. Microsoft Word редакторының іске қосу жолын атаңыз? (Пуск-Программы-Microsoft Office- Microsoft Office Word

  3. Мәтіндік редактордың терезе элементтерін атаңыз? (меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күй жолы, жұмыс аумағы, сырғытпа, сызғыш)

  4. Backspace және Delete батырмаларының атқаратын қызметін атаңыз? (өшіру)

  5. Мәтіндік құжатты сақтау жолдарын атаңыз? (Пуск-Сохранить как)

ІІІ. Жаңа сабақ. Түсіндіру 5 (мин). Мәтінді оқу. 3 (мин). Оқыған мәтінді әр топтан көшбасшысы орын ауыстырып талқылау бір-бірімен. (2 мин).

ІҮ. Топтық жұмыс. (10 мин) Мозаика әдісі сәйкестендіруді орындау арқылы 2 топ плакатқа қаріптер жиынның элементтерін жабыстырып, қасына анықтамасын жабыстырады. Әр топ өз жұмысын талдайды. Екі топ бір-бірінің жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалайды.

Ү. Компьютерде тәжірибелік жұмыс. (15 мин) (жеке жұмыс) Әр оқушыға мәтін жазылған парақ таратылады. Оқушы соны компьютерде орындайды.

  1. Мәтінді теріңдер. Қаріптерге назар аударыңдар.

Компьютерлік вирустар

«Компьютерлік вирус» термині 1984 жылы АҚШ-та өткен ақпараттық қауіпсіздік бойынша 7-ші конференцияда пайда болды.

1995 жылғы тамызда Windows 95 операциялық жүйесімен бірге алғашқы макро-вирус пайда болды. Ол 1996 жылы «Concept» атауын алып, өзінің планета бойымен жеңісті шеруін жалғастырды. Ең алдымен Microsoft фирмасының бөлімшелерінің бірінде пайда болған «Concept» көзді ашып-жұмғанша мыңдаған (миллиондаған да болуы мүмкін) компьютерді зақымдап үлгерді.

2. Мәтіндегі сөздердің санын анықтаңдар.

3. Мәтінді әртүрлі түске бояңдар.

4. Құжатты «Вирус» атауымен сақтаңдар.

Ү. Кері байланыс: (3 мин) Әр оқушыға мидың суретін бастарына қоя отырып салады. Сол суреттің ішіне бүгінгі сабақта не үйренді болмаса қандай жұмыс қиын болды сол туралы жазады.





ҮІ. Үйге тапсырма: 2 (мин) §17. Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері тақырыпты оқу және тақырыптың соңындағы тест тапсырмасын орындау.



Кейінгі тапсырмалар

«Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері» тақырыбын оқу

Кейінгі оқу

Тақырып соңындағы тест тапсырмаларын орындау





ҮІІ. Бағалау. 2 (мин) Смайликтер арқылы бағалау.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал