- Учителю
 - Сабақ жоспары 'Алмасу буфері' 5 сынып
 
Сабақ жоспары 'Алмасу буфері' 5 сынып
Күні: ____________
Сыныбы:_________
Сабақтың тақырыбы: Алмасу буфері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға нысандардың алмасу буферін үйрету.
1. Білімділік: Алмасу буферінің атқаратын қызметтерін түсіндіре отырып үйрету
2. Дамытушылық: Оқушыларға әрекеттерді орындау кезеңдерімен таныстыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары.
Сабақтың өту барысы:
-  
Оқушыларды ұйымдастыру
 -  
Жаңа тақырыпты түсіндіру
 -  
Сабақты бекіту
 -  
Үйге тапсырма
 
Үй жұмысын сұрау
-  
Терезедегі барлық нысандарды жылжыту тәсілдерін атаңыз.
 -  
Шектес нысандар дегеніміз қандай нысандар?
 -  
Нысандарды тінтуірмен жылжыту жолдары қандай?
 -  
Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу тәсілін атаңыз.
 
Жаңа сабақ
Нысандарды жылжыту мен көшірудің басқа тәсілдері алмасу буферін пайдаланады.
Алмасу буфері дегеніміз - компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы.
Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін екі бұйрық орындалады: Көшіру (копировать) және Кірістіру (вставить). Алмасу буфері көмегімен нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдері.
-  
Мәзірдің Реттеу (упорядочить) пункті
 -  
Констекстік мәзір
 -  
Пернетақта
 
Түйін:
-  
Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға көбіне мына амалдар қолданылады: көшіру, орын алмастыру, жою, атын ауыстыру.
 -  
Кез келген амалды орындау үшін Windows жүйесінде әртүрлі бірнеше тәсіл қарастырылған.
 -  
Windows - тегі нысандарды жою үшін жасалған арнайы «қауіпсіз» құралы - қоржын. Нысандар қоржынға жойылғанда қатты дискіден алынылып тасталмайды, олар тек «жойылған» деп белгіленеді.
 -  
Windows - тегі нысанмен жұмыс тінтуір мен пернетақтаны , контекстік мәзірдің бұйрықтарын, терезе мәзірінің бұйрықтары арқылы орындалады.
 -  
Қоржындағы жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге болады.
 
Бекіту: Тапсырма: а деңгейі
-  
D: дискісінде Оқыту пәндері атты бума құрыңдар.
 -  
Оқыту пәндері бумасының ішінде Информатика, Әдебиет, Математика бумаларын құрыңдар.
 -  
Оқыту пәндері бумасының мөлшерін анықтаңдар.
 -  
Өздеріңнің бумаларыңның ішіндегі бірнеше файлдың аттарын өзгертіңдер.
 
В деңгейі
-  
Менің құжаттарым бумасында Оқушы бумасын құрыңдар.
 -  
Оқушы бумасында 1-мысал және 2- мысал бумаларын құрыңдар.
 -  
1-мысал және 2-мысал бумаларының көшірмесін жасаңдар.
 -  
1-мысал және 2-мысал бумалары көшірмелерінің атауларын сабақ1 және сабақ2 деп өзгертіңдер.
 -  
1-мысал бумасын 2-мысал бумасына жылжытыңдар.
 -  
Өз бумаларыңның мөлшерін анықтаңдар.
 -  
Кез келген екі файл үшін жарлық құрыңдар және оларды Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.
 -  
Жарлықтың көмегімен файлдардың бірін іске қосыңдар.
 -  
Жұмысты көрсету.
 -  
Өз бумаларың мен файлдарыңның жарлықтарын жойыңдар.
 -  
Қоржынды тазалаңдар.
 
Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау: Алмасу буфері. Алмасу буфері көмегімен нысандарды жылжыту және көшіру.
Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.
Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.