- Учителю
- Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу
Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу
Жергілікті желі
Мазмұны
Кіріспе
-
Жергілікті желі
-
Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу
-
Өз компьютеріңіздің қор көздеріне желіде ортақ қатынас құруды қалай ұйымдастыруға болады?
-
Желілік басып шығарғышты ортақтастыру
-
Чаттар, форумдар
-
Локальді желілерге арналған чат жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп жағынан алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) қарқынды дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б. тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында қолданылады. Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр. Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады.
Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт - азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл - кез келген адам дербес компьютер, Windows амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.
Мен осы жағадайды ескере отырып, жергілікті желіге арналған кішігірім чат жүйесін жасауға кірістім. Ол мынандай талаптарға сай болуы тиіс: көлемі жағынан кішігірім, көп командалар жоқ, яғни тек қажетті ғана командалар болады.
-
Жергілікті желі
Егер бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады. Бірнеше мысал келтірелік:
-
Егер Сіздің мекемеңіздің компьютерлері желіге қосылған болса, онда қызметкерлер арасындағы құжаттар алмасу көшіру немесе жылжыту амалына саяды.
-
Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады. Жергілікті желі - бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы. Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған Желілік орта қалтасының белгішесі көрініс табады.
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады. Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы - шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет. Компьютердің аты мен жұмыс тобының атауын қарау үшін Менің компьютерім белгішесін тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Сипаттар тармағын таңдап, ашылған терезеде Компьютердің атауы қосымшасына өту керек.
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді
білдіреді (INTERnational NETwork). Internet - бұл дүниежүзіндегі
компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын
ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең
соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да
бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт
аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға,
бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген
мүмкіндіктер ұсынады. Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде
ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) - ортақ
тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген,
өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан
веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы -
URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай
бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі
мынадай болады: www.атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны
сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы - www.akorda.kz, ал
ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы - www.government.kz.). Үйшік
Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz -
Қазақстан, .ru - Ресей, .ua - Украина, .uk - Ұлыбритания, .fr -
Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com - коммерциялық
ұйымдар, .org - коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu - білім беру
қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының
ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады.
Провайдер - бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін
ұсынатын компания.
Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі
телефон компаниялары да қызмет істей алады. Әдетте провайдерлер
біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне
және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі
болады. Өз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше
шартты ескерген абзал: Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы - уақыт
бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын
жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне
байланысты.
Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу - бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Енді бір түрі - кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылымның бұндай түрі жоғарғы жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді. Қызметтер құны осы аталған факторларға және Сіз пайдаланғыңыз келетін тарифтік жоспарға байланысты болады.
-
Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу
Желідегі қай қалталарға ортақ қатынас құруға болатынын қарау үшін Жұмыс үстеліндегі Желілік орта белгішесін екі рет шерту керек. Егер жұмыс үстелінде желілік орта белгішесі жоқ болса, Бастау - Желілік орта әрекеттер тізбегін орындаңыз. Ашылған терезеде сол жақта Жұмыс тобының компьютерлерінің көрінісі тармағын таңдаңыз. Терезенің оң жағында желідегі компьютерлердің атаулары бар белгішелер көрінеді. Таңдап алынған компьютердің қор көздерін қарап шығу үшін оның белгішесін екі рет шерту қажет. Желідегі компьютерді іздеу үшін мына әмірлерді қатарымен орындау қажет: Бастау - Іздеу - Компьютерлерді не адамдарды - Желідегі компьютерді. Іздеу жолына компьютердің атауын енгізу және Іздеу батырмасын басу керек.
Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.
Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.
Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі.
Бір немесе бірнеше желілерді бір - бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыснемесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.
Жергілікті желінің физикалық негізі
Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажет: желі адаптері (желі картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық тақшамен (материнская плата) бірге болады және арнайы кабелді желіге қосатын орын (разъем) болуы шарт
Шиналық топология - мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.
Жұлдыз тәрізді топология - мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналық топология - мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
ЖКЖ - де ақпаратты тасымалдау үшін төмендегідей физикалық орта қолданылады, ыңғайлы болу үшін байланыс түрлерінің салыстырмалы түрде көрсетілген сипаттамасына көңіл бөлейік
Интернет сөзі әдетте, желінің физикалық деңгейін білдіреді, яғни бұл сөзбен компьютерлерден, кабельдерден және де мәліметтерді тасымалдайтын басқа құрылғылардан тұратын аппараттық жабдықтамалар жиынын атайды.
Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір - біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тіл мен - ортақ ереже мен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп аталады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі тұтынушыға әр түрлі қызмет көрсететін бір пайдаланушыға арналған жұмыс станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген.
Желімен жұмыс жасағанда компьютер екі рол атқаруы мүмкін:
Егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа желідегі компьютермен байланысса, онда бұндай компьютер жұмыс станциясы деп аталады.
Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және сервис берсе, онда ол сервер деп аталады.
Серверлер әр түрлі қызмет көрсетеді:
Файлды сақтау және беру ( файлды сервер);
Баспадан шығару (баспа сервері);
Факс мәліметтерін беру және алу (факс - сервер);
Электронды поштаны алу, сақтау және беру (пошта сервері);
Сайттарды орналастыру (web - сервер);
Серверлер көрсеткен жұмысты қызмет деп атайды. Бір серверде бірден бірнеше қызмет атқарылуы мүмкін.
Сервер белгілі бір қызмет атқару үшін ОЖ -гі сервер құрамындағы программаны қосу қажет.
Сервер қызметіне қатынау үшін жұмыс станциясынан клиент деп аталатын программаны қосу қажет.
Сервері бар, қызмет көрсететін, және клиент компьютерлері бар жергілікті желі «клиент - сервер» технологиясында құрылған желі деп аталады. Желідегі әрбір компьютермен осы функцияларды атқаруға болады, бұндай компьютерлер тең қызмет атқарады. Бұндай компьютерлерді бір ранголы деп атайды.
Компьютер желіге қосылғаннан кейін бірнеше рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін - бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан кейін басқа компьютерлерді анықтай алатын режимге ауысады.
Сервер - ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.
Файлды қызмет. Файлды қызметтің міндеті басқа ДК -ге файлды оқуға, өзгертуге немесе құруға мүмкіншілік жасау. Кейде көптеген компьютерлер бір файлмен жұмыс істегенде олар бір - біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан оларға тек оқуға мүмкіншілік беру қажет. Ал ол үшін файлды қызмет қатынау құқығын шектеу механизмін қолданады. Windows XP - де клиент қатынау үшін шексіз каталогты (папканы) қолдануға болады. Әрбір каталогтың файлды қызметтің конфигурациясы анықтайтын аты болады және оны ресурс деп атайды.
Әр ресурс үшін қатынау режимі анықталуы мүмкін:
тек оқу - ақпаратты оқу, бірақ өзгертуге болмайды.
толық еркін қатынау - ақпаратты оқуға, өзгертуге болады.
пароль арқылы қатынау - белгілі ресурспен жұмыс істеу үшін пароль білу қажет.
Баспа қызметі. Кейде барлық компьютерге принтер қою мүмкін емес. Осы жағдайда бір компьютерге принтер қойылады да басқа компьютерлерге баспадан шығу үшін қызмет атқарады. Бұндай жағдайды біз әсіресе компьютер сыныптарында қолданып жүрміз.
Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады.
Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:
Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);
Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);
Мәліметтерді беру желілері.
Ауқымды компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады. Кәзіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі - Интернет (Internet) баршаға белгілі.
Енді оның тарихына қысқаша тоқталайық.
DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар арқылы біріктіріп, орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан компьютерлерге түрлі программаларды жіберу, электрондық хабарламаларды жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алады.
Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік желіліер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 - жылдары Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етілді.
Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:
І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.
ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.
ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.
ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.
Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.
Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желлер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір - бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі. (Интернеттің шығу тарихын айту қажет)
Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.
Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:
Fidonet - эксперименталь желі, қолданушы - энтузиасттар құрған;
Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network)
Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен интернет - провайдер арқылы байланысады.
Интернет - провайдер - бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен қосуға мүмкіншілік жасайды.
Сондықтан клиент компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.
Кез келген компьютерді Интернетке қосып, электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі
қызметін ұйымдастырушылар - провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 - дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады.
Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады:
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады.
Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін) 7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1 Мбайт/с).
Аумақтық (кампусты) жергілікті желі - Global Ethernet. Аумақтық (кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады.Әр түрлі желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.
Корпаративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпаративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады.
-
Өз компьютеріңіздің қор көздеріне желіде ортақ қатынас құруды қалай ұйымдастыруға болады?
Желі пайдаланушылары үшін қалтаға ортақ қатынас құруды баптау
қалтаның мәтінмәндік мәзірі арқылы ашылады. Желінің өзге де
пайдаланушылары Сіздің компьютеріңіздегі белгілі бір қалтадағы
файлдарды ашып, оқи алуы үшін мына әрекеттерді орындаңыз.
Өзгелер қатынас құра алатын қылғыңыз келген қалтаны таңдап, оны
тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіңіз де, ашылған мәзірден
Ортақтасу және қауіпсіздік әмірін таңдаңыз. Ортақтасу қосымшасына
өтіңіз де, Желілік ортақтасу мен қауіпсіздік бөлімінде Бұл қалтаны
желіде ортақтастыру құсбелгісін орнатыңыз. Егер өзге пайдаланушылар
осы қалтадағы файлдарды өзгерте алуын қаласаңыз, яғни, толық
ортақтасуды ашқыңыз келсе, Желідегі пайдаланушыларға файлдарымды
өзгертуге рұқсат беру құсбелгісін орнатып, Қолдану батырмасын
басыңыз. Осыдан кейін желінің өзге пайдаланушылары Сіздің ортақтасу
үшін ашық қалтаңызға қатынап, оны өз жергілікті қалтасы ретінде
пайдалана алады.
-
Желілік басып шығарғышты ортақтастыру
Желілік басып шығарғыш - бұл жекелеген пайдаланушылар ортақ қатынаса алатын басып шығарғыш. Басқа пайдаланушылар Сіздің басып шығарғышыңызға қатынауын ашу үшін мына әрекеттерді орындаңыз: Бастау - Басып шығарғыш пен факстар әмірін орындаңыз, сіздің компьютеріңізге қосылған барлық басып шығарғыштар мен факстардың белгішелері бар сұхбат терезесі ашылады. Сіз ортақтастыруды қалаған басып шығарғыштың белгішесін табыңыз да, оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіңіз және ашылған мәзірден Ортақтастыру әмірін таңдаңыз.Ашылған терезеде Ортақтасу қосымшасына өтіңіз де, осы басып шығарғышқа Ортақ қатынасу жағдайын орнатыңыз. Белсенді болған мәтіндік өрісте осы басып шығарғыштың желінің барлық пайдаланушылары көретін атауын енгізе аласыз. Жарайды батырмасын басыңыз.
Қашықтағы компьютерден басып шығарғышты қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз: Бастау - Басып шығарғыш пен факстар әмірін орындаңыз. Басып шығарғышты орнату белгішесін екі рет шертіңіз. Басып шығарғышты орнату шебері іске қосылады. Шебер терезесіндегі Келесі батырмасын шертіңдер. Келесі сұхбат терезесінде ауыстырып-қосқышты Басқа компьютерге қосылған желілік басып шығарғыш жағдайына орнатыңыз. Келесі батырмасын шертіңіз. Келесі сұхбат терезесінде ауыстырып-қосқышты Басып шығарғыштарды шолу жағдайына орнатыңыз да, Келесі батырмасын шертіңіз. Ашылған сұхбат терезесінде желідегі компьютердің және оған қосылған басып шығарғыштың белгішесін табыңыз, оны таңдаңыз да, Келесі батырмасын шертіңіз.
Осыдан кейін бізге басып шығарғышқа арналған драйверді орнату ұсынылады. Басқа терезелердің бәрінде батыл түрде Келесі батырмасын және соңғы терезеде Дайын батырмасын басыңыз. Енді сіз кез келген компьютерден желілік басып шығарғышта құжаттарды басып шығара аласыз. Бұндай басып шығарғыштардың бірнешеуін орнатуға болады, олардың біреуі негізгі (әдепкіде құжаттар басып шығару үшін соған жөнелтіліп отырады), ал қалғандары - қосымша деп аталады.
-
Чаттар, форумдар, ISQ
Чат (chat) сөзі ағылшын тілінде сөйлесу дегенді білдіреді.
Internet желісіндегі Чат - бұл Сізге желінің өзге қатынаушыларымен
шынайы уақыт режімінде тілдесуге мүмкіндік беретін қызмет
(11.17-сурет).
Чаттарға мәзірінде «Чаттар» деген сілтемесі бар кез келген
веб-бетінен кіруге болады. Тілдескісі келетін әрбір адам арнаға ену
үшін алдын ала қатынас шегін айқындап алуы, яғни, өз ник-есімін
(ағылш. nickname), өзін өзгелер қалай атағанын қалайтынын көрсетуі
қажет. Есім латын не орыс әліпбиі әріптерінен құралуы тиіс.
Сондай-ақ, Сіздің хабарламаларыңыз қай түспен ерекшеленетінін,
жаңарту уақытын (чат терезесінің жаңартылып отыру жиілігін) және
шығарылатын хабарлама жолдарының санын таңдауға да болады.
Арнаға қосылғаннан кейін пайдаланушы осы пікірталасқа
қатысушылардың барлығының аттарын көреді. Чатқа жөнелтілетін мәтін
барлық өзге қатысушылардың негізгі терезесінде бірден пайда болады.
Бұнда әркім кез келген тақырыпты, топты таңдауға, сөйлеуге,
тыңдауға, топтағылардың барлығына қаратып бірдеме айтуға, өз тобын
ұйымдастыруға немесе біреумен тек екеуара сөйлесуге ерікті.
Форум - бұл сайтта қатынас жасау құралы. Форумдағы хабарламалар
пошта хабарламаларына ұқсайды, олардың әрқайсысының авторы,
тақырыбы және мазмұны бар. Бірақ, форумға хабарлама жөнелту үшін
қосымша бағдарлама қажет емес, тек сайттағы өзіне сәйкес нысанды
толтырса жеткілікті
Форумның міндетті қасиеті - ондағы хабарламалар тредтерге (ағылш. thread - «жіп») біріктірілуінде. Сіз форумдағы бір хабарламаға жауап берген кезіңізде, жауабыңыз бастапқы хабарламаға «байлаулы» болады. Осындай жауаптардың реті,
жауапқа жауаптың реті тағы с.с. тредті құрайды. Нәтижесінде форум тредтерден құралған ағаш тәрізді құрылымға ие болады. Чаттарға қарағанда форумға жіберілген хабарламалар өте ұзақ уақыт сақталуы мүмкін және форумдағы жауап сұрақ берілген күні шығуы міндетті емес. ICQ қызметі - бұл Internet желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін тегін таратылатын бағдарлама. ICQ (ағылш. I Seek You - Мен сені іздеп жүрмін) бүкіл дүние жүзіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең оңай тәсілі болып табылады. ICQ бейнеконференциялар ұйымдастыру, интернет-телефония, файлдарды жеткізу, SMS-хабарламаларды жөнелту, поштаны тексеру сияқты тағы басқа да көптеген тапсырмаларды орындай алады. ICQ мүмкіндіктерінің тізімін жеке көшіріліп, тура бағдарламаның өзінен орнатылатын қосымша модульдер есебінен енңейтуге болады.
Өзіңізде ICQ нұсқаларының бірін орнатып алып (олардың кейбіреулері орыс тіліне аударылған), желінің басқа клиенттерімен сөйлесіп, хабарлама алмаса аласыздар. Бағдарламаңызды тіркеген кезде ICQ серверінде өз жеке байланыс орталығыңызды (Personal Communication Center) ала аласыз. Ол жерде сіз туралы басқа тұтынушылар қол жеткізе алатындай етіп өзіңіз берген ақпарат орналасады. Байланыс орталығындағы пейджер арқылы ICQ жоқ адамдар Сізбен байланыса алады. Сонымен қатар пайдаланушылар Сізге арнап ICQ-ға 450 таңбадан аспайтын хат жіберуіне де болады.
ICQ бағдарламасын Internet желісінен көшіріп ала аласыз. Содан кейін көшірілген файлды іске қосып, орнату бойынша нұсқаулықтарға ере отырып, бұрыннан бар ICQ нөмірі мен құпия сөзді енгізіңіз немесе жаңасын тіркеңіз, қатынас парағына өз достарыңызды қосыңыз - қатынас ашық!
-
Локальді желілерге арналған чат жүйесі
Жалпы чат секілді қосымшалар, яғни компьютер арасында хабар алмасуға арналған бағдарламалар көптеп пайда бола бастады. Олардың әрқайсысы өзінше әдемі, ыңғайлы және әр түрлі мақсаттарға арналған. Менің жасаған бағдарламам кішігірм чат жүйесі. Ол дискіден көп орын алмайды, бар болғаны 503 Кб. Екіншіден, өзі сервер, өзі клиент, яғни клиенттік және серверлік бөлімтері біріктірілген. Меню қатары мен құрал-саймандар қатары қолдануға өте ыңғайлы.
Сонымен, бағдарламаны іске қосқаннан кейін экран бетіне 1-суреттегідей терезе ашылады. Бұл чат жүйесінің негізгі формасы.
1-сурет. Локальді желілерге арналған чат жүйесінің негізгі формасы
Назар аударсаңыз төменгі қалып-күй қатарында «Күтуде …» сөзі жазылған. Ол бағдарлама әлі ешбір компьютермен байланыс орнатпағанын білдіреді. Демек бұл бағдарламамен толыққанды жұмыс жасау үшін біз жергілікті желіге қосылған кез-келген компьютермен байланыс орнатуымыз керек деген сөз. Ол үшін бұл бағдарлама байланыс орнатпақ болған компьютерде де іске қосылған болуы шарт. Онсыз чатпен сөйлесу мүмкін болмайды.
Сонымен байланыс орнату үшін меню қатарынан Хабар алмасу à Байланысу тізбегін орындаңыз. Экранда 2-суреттегідей сұқбат терезесі пайда болады. Ондағы мәтіндік өріске байланысқалы тұрған компьютердің атын немесе IP адресін енгіземіз де батырмасын басамыз. Осыдан соң байланыс орнатылады.
2-сурет. Компьютермен байланыс орнату сұқбат терезесі.
Байланыс орнатылғаннан соң негізгі форманың төменгі жағында орналасқан қалып-күй қатарында «Компьютердің аты компьютерімен байланысты» сөзі шығады. Осыдан соң чат жұмысқа дайын, әрі қарай хабар алмасуыңызға сізге ешкім кедергі жасай алмайды.
Бұл бағдарламада бұдан да басқа мүмкіндіктері бар. Атап айтар болсақ, белгіленген мәтін бөлігін буферге қиып алу, көшіру немесе буферден мәтіндік өріске орналастыру командалары қарастырылған.
Одан басқа мәтіндік өрістің қаріпін өзгертуге болады. Ол үшін меню қатарынанПараметрлері à Қаріп тізбегін орындаңыз. Экранда 3-суреттегідей сұқбат терезесі пайда болады.
3-сурет. Мәтіндік өрістің қаріпін таңдау.
Мәтіндік өрістің фонының түсін де өзгертуге болады. Ол үшін меню қатарынанПараметрлері à Фонның түсі тізбегін орындаңыз. Экранда 4-суреттегідей сұқбат терезесі пайда болады.
4-сурет. Фонның түсін таңдау.
Қорытынды
Сонымен жергілікті желілерге арналған чат жүйесі бағдарламасы жасалып шықты. Әрине бұл бағдарламаны толымды бағдарламалар санатына жатқызуға келмейді. Бірақ та тақырыбы күрделі берілген менің курсық жұмысым үшін өзін өзі ақтап шығатын жұмыстар санатына жатқызуға әбден келеді.
Әрине қай жұмыстың артық та кемшін жерлері болады. Қателеспейтін адам болайды, десек те …
Дегенмен, бұл бағдарламаның артық және кемшін жерлерін саралаған дұрыс та болар.
Сонымен, арытқ жерлері: көлемі кішігірім (дискетке де сиып кетеді), қолдануға ыңғайлы, қажетті командалар жеткілікті және өзі сервер өзі клиент. Кемшіліктері, екі компьютерден артық компьютерде жұмыс жасамайды, өзгертілген параметрлер сақталмайды.
Бағдарлама Delphi ортасында жазылды. ServerSocket және ClientSocket компоненттерін қолдандым.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Балафанов Е.К., Буребаев Р.М. Операционная система Windows ХР. Лабораторный практикум. Учебное пособие. - Алматы: ИНТ, 2005.
2. Бекишева А.И. Руководство по лабораторным работам Windows. Word. Учебное пособие. - Алматы, Бiлiм, 2000.
3. Глушаков С.В., Ломотько Д.В., Мельников И.В. Работа в сети Internet. - Харьков: Фолио, М.: ООО «Издательство «АСТ», 2000.
4. Дж.Борман. Компьютерная энциклопедия для школьников и их родителей. Пер. с англ. - СПб: Питер, 1996.
5. Валединский В.Д. Информатика. Словарь компьютерных терминов. М.: Аквариум, 1997.
6. Грошев С.В., Коцюбинский А.О., Комягин В.Б. Современный самоучитель профессиональной работы на компьютере: Практ. пособ. - М.: Триумф, 1998.
7. Дьяконов В.П. Компьютер в быту. - Смоленск: Русич, 1997.
8. Евсеев Г.А., Пацюк С.Н., Симонович С.В. Вы купили компьютер: Полное руководство для начинающих в вопросах и ответах. - М.: АСТ-ПРЕСС: Инфорком-Пресс, 1999.
9. Ермеков Н., Стифутина Н. Информатика: Учебник для 7 класса общеобразовательной школы. - Алматы: Атамура, 2003.
10. Ермеков Н. И др. Информатика. Учебник для 8 класса. - Алматы: Жазушы, 2001.