7


  • Учителю
  • Есептеуіш техникасының даму тарихы

Есептеуіш техникасының даму тарихы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы

§6 Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.

Ресурстар

6-сынып оқулығы, А3 форматы, маркерлер, конверт, куб, бағалау парақшасы, стикерлер, топқа бөлу үшін кеспе қағаздар.

Жалпы мақсаты

Есептеу құрылғыларының түрлері, пайда болуы және даму тарихымен оқушыларды таныстыру

Күтілетін нәтижесі

Есептеу құрылғыларының түрлерін, аттарын, кім ойлап тапқанын, қай жылы пайда болғанын, есептеу техникасының даму кезеңдерін біледі.

Сабақтың түрі,

әдіс-тәсілдері

Жаңа сабақты меңгерту, саяхат сабақ

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, бөлшектеу әдісі, бірін-бірі бағалау, табыс критериі арқылы бағалау, постер дайындау.

Сабақтың көрнекілігі

Вирустар, құжаттар, антивирустық және мұрағаттау бағдарламаларының аттары бар топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, тақырыптық тест жұмысы, «Ең, ең, ең...» тақырыбындағы слайд, бейнеролик, оқушыларға алған бағасына қарай берілетін конвертер


Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

2 минут

1. Оқушылармен амандасу.

2. Вирустар, құжаттар, антивирустық және мұрағаттау бағдарламаларының аттары жазылған кеспе қағаздар арқылы топқа бөлу. Бағалау парақшаларын беру.

3. Болашаққа саяхат жасалатыны, ол үшін уақыт машинасына билет сатып алу керектігі айтылады. Билет сатып алу үшін сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинау қажет.

1. Мұғаліммен амандасу.

2. Топқа бөлініп, көшбасшы таңдайды, топтың атын қояды.

Үй тапсырмасын тексеру

5 минут

1. Тақырыптық тест арқылы өткен сабақта алған білімдерін тексеру.

2. «Кубизм» әдісі (топтық жұмыс) өткен тарау бойынша сұрақтар қойылады.

1. Тестке жауап беріп, жұптық жұмыс арқылы жұбының тест жауаптарын берілген дұрыс жауаптармен салыстырып, тексереді. Дұрыс жауаптар санын көшбасшыға айтып, есепке алдырады.

2. Әр топтан үш реттен кубты лақтыру арқылы түскен сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылықты ояту.

3 минут

1. «Ең, ең, ең ...» тақырыбындағы слайдты көрсету.

Слайд мазмұны: Ең алғашқы санау құралы, ең алғашқы бағдарлама арқылы жұмыс жасайтын машина, аң алғашқы бағдарламашы, ең ауыр әрі көлемді компьютер, ЕТ-ның ең алғашқы даму буыны.

1. Ең алғашқы санау құралы, ең алғашқы бағдарлама арқылы жұмыс жасайтын машина, аң алғашқы бағдарламашы, ең ауыр әрі көлемді компьютер, ЕТ-ның ең алғашқы даму буыны туралы қысқаша ақпарат алады.

Жаңа сабақ.

Мағынаны ашу.

Оқулықпен жұмыс істеу.

17 минут

1. Бөлшектеу әдісі.

«Есептеу техникасының пайда болуы» және «Есептеу техникасының даму кезеңдері» тақырыпшалары бойынша топтарға бөлініп беріледі.

2. Постер дайындау үшін критерий жасақталады.

1. Тақырыппен танысып, пікірлерін ортаға салады.

2. Берілген тақырытпар бойынша постер дайындап, қорғайды.

3. Топтар критерийді негізге ала отырып бірін-бірі бағалайды.

4. Көшбасшылар топ мүшелерін бағалап, есепке алады.

Сергіту сәті

1 минут

1. Көзге арналған бейнеролик қосылады.

1. Бейнероликпен бірге жаттығуды орындайды.

Қорытындылау.

Ой толғау.

11 минут

1. Оқулықтағы А және В деңгейіндегі тапсырмалары орындауға беріледі. (43-44 бетте)

2. «Болашақта есептеу техникалары қандай деңгейге жетуі мүмкін?» сұрағына өз ойларын жазуды ұсынады.

1. Оқулықта берілген кестеге сәйкес мәліметтерді дәптерге толықтырып жазып алады.

2. сұраққа әр оқушы өз ойларын стикерлерге жазып, оқиды.

Үйге тапсырма

2 минут

§6 Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.

1. Тақырыпты оқу, С деңгейіндегі тапсырманы орындау.

2. Бөлшектеу әдісі бойынша берілген «Есептеу техникасының пайда болуы» және «Есептеу техникасының даму кезеңдері» тақырыптарына реферат жазу.

Бағалау

2 минут

1. Оқушылардың жинаған ұпайларына талдау жүргізу. Критериалды бағалау.

2. Оқушыларға алған бағасына қарай конвертер таратылады. Конвертте орны (компьютер номері) және болашаққа саяхат жасау үшін «Старт» тетігінің (слайд) сілтемесі көрсетіледі.

1. Топтардың көшбасшылары топ мүшелерінің қанша ұпайдан жинағанын есептейді.

2. Конвертте көрсетілген орынға отырып сілтеме арқылы өтеді.

Кері байланыс

2 минут

Тақтаға суреттер ілінеді:

«Уақыт машинасы болашаққа» - болашаққа өтуге дайын.

«Уақыт машинасы өткен уақытқа» - қайтадан шолып өту керек.



«Уақыт машинасы істен шыққан» - алға жылжуға мүмкіндік жоқ.

«Ой толғаныс» кезеңінде ойларын жазған стикерлерді сабақты түсіну деңгейіне сәйкес сурет тұсына орналастырады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал