- Учителю
- ҚЫсқа мерзімді жоспар 'Графикалық əдістер мен процедуралар'
ҚЫсқа мерзімді жоспар 'Графикалық əдістер мен процедуралар'
Сынып: | 10 | |||
Күні: | 11.01.2016 | |||
Сабақтың тақырыбы: | Графикалық əдістер мен процедуралар | |||
Сабақтың мақсаттары: | ||||
Білімділік: | Визуальды бағдарламалау жүйесіндегі басқару элементтерінің көмегімен графика салуда білімдерін жетілдіру және пәнге қызығушылығын арттыру | |||
Дамытушылық: | Оқушының логикалық ойлауы дамып, ой-өрісі шындалады, өмірге көзқарасы қалыптасады | |||
Тәрбиелік: | Оқушының білімі мен ақпарат алуда біліктілігі қалыптасып, шеберлікке, еңбекке тәрбиеленеді | |||
Сабақтың түрі: | аралас, практикалық | |||
Көрнекіліктер: | Microsoft Visual Basic 6.0 программасы, дарынды оқушыларға таратпа материалдар, слайд, | |||
Сабақтың жүру барысы: | ||||
Кезеңдер | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Әдіс тәсілдер | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру | 1 /мин/ | Сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, жұмыс орындарын тексеру, берілген компьютер көмегімен жұбын таңдау. | Диалогты оқыту, жұппен отыру | амандасу, жұмыс орындарын тексеру |
Үй жұмысын тексеру | 10 /мин/ | қадамдап бөлу әдістеріне программалық тапсырманы тексеру, | Диалогты оқыту, АКТ, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, формативті бағалау, дарынды оқушымен жұмыс | оқушылар дұрыс жауап нұсқасын дәптерге жазады |
Жаңа тақырып | 13-15 /мин / | Слайд 1-5 оқып танысу | диалогты оқыту, жұптық жұмыс, АКТ, формативті бағалау, жеке оқушымен жұмыс. СТО | Оқушылар экранда көрсетілген іс-әрекеттерді мұқият қарап, керекті жерлерін дәптерге конспект ретінде жазып алады. |
Практика | 10 /мин/ | 6 - слайд деңгейлік тапсырмалар | Жеке тапсырма, диалогты оқыту. СТО, | 1-2 тапсырмаларды жұппен ауызша орындайды. Компьютермен орындайды |
Дарынды оқушыларға тапсырма | таратпа материалдағы тапсырманы орындау | тапсырманын программасын құрады | жеке жұмыс, АКТ | |
Сергіту | 2 /мин/ | Көзге арналған жаттығу | диалогты оқыту, | көздеріне жаттығу жасайды |
Бекіту | 2 /мин/ | тестік тапсырма беру | тест шешу | жеке орындау АКТ |
Бағалау. | 2 /мин/ |
| формативті бағалау, суммативті бағалау | күнделікке бағаларын қойғызады |
Рефлексия | 2 /мин/ | Бағдаршам: жасыл-түсіндім, сары-жартылай түсіндім, қызыл-түсінбедім. | диалогты оқыту | бағдаршам түстерін көтереді |
Үйге тапсырма. | 1 /мин/ | §3.1, §3.2 тақырыптар, | күнделіктеріне тапсырманы жазады | АКТ слайд |
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей.
1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар. Жобаны сақтап қойыңдар.
2. Пішінге Drive1, Dir1, File1 және Image1 басқару элементтерін орналастырыңдар.
3. Пішіннен File1 объектісін белгілеп, оның Pattern қасиетіне *.jpeg мәнін меншіктеңдер.
4. Пішіннен Image1 объектісін белгілеп, оның Stretch қасиетіне True мәнін меншіктеңдер.
5. Dir1 объектісін екі рет шертіп, төмендегі процедура-ны жазыңдар:
Private Sub Dir1_Change()
File1.Path = Dir1.Path
End Sub
6. Drive1 объектісін екі рет шертіп, төмендегі процедураны жазыңдар:
Private Sub Drive1_Change()
Dir1.Path = Drive1.Drive
End Sub
7. File1 объектісін екі рет шертіп, төмендегі процедураны жазыңдар:
Private Sub File1_Click()
f=File1.Path &»»&File1.filename
Picture1.Picture=LoadPicture(f)
End Sub
8. Қосымшаны іске қосып, Image1 объектісіне С: дискісінен jpq типті «Қыс мезгілі» тақырыбындағы суреттерді шығарып көріңдер. Дискілер мен бумаларды Windows -тың Сілтеуіш (Проводник) программасымен қалай ашсақ дәл солай ашамыз.
ІІ деңгей.
Жобаға Command 1 басқару элементін (шығу) орналастыр, оған жобаны аяқтайтын процедураны жаз және жобаның түсін, шрифтерін өзгерт.
Private Sub Command1_Click()
End
End Sub
ІІІ деңгей.
Жобаға Command 2 , Command 3 басқару элементін орналастыр (суретті үлкейту және кішірейту) және үлкейтіп, кішірейтетін процедураны жаз.
Private Sub Command2_Click()
Image1.Width = Image1.Width + 100
Image1.Height = Image1.Height + 100
End Sub
Private Sub Command3_Click()
Image1.Width = Image1.Width - 100
Image1.Height = Image1.Height - 100
End Sub