7


  • Учителю
  • Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар. 6 класс

Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар. 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Маңғыстау облысы Қарақия ауданы  Жетібай селосы №3 орта мектебінің  информатика пәні мұғалімі Көптілеуова Райсаның  қысқа мерзімді жоспары.   Күні: 30.10.14 Пәні: информатика Сынып: 6 «Г» Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар. Сілтемелер: Интерактивті
предварительный просмотр материала

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы №3 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көптілеуова Райсаның

қысқа мерзімді жоспары.


Күні: 30.10.14

Пәні: информатика

Сынып: 6 «Г»

Сабақтың тақырыбы:

Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

Сілтемелер:

Интерактивті тақта, ДК, слайд

Сабақтың жалпы мақсаты:

Оқушылардың алгоритмді жазу тәсілдері туралы түсінін қалыптастыру. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді пайдаланып, сыни тұрғыдан ойлау арқылы жан-жақтылық тұрғысында ой-өрісін дамыту.

Оқыту нәтижесі:

Блок-схеманың көмегімен алгоритмді жаза алады. Алгоримтді көрнекі түрде жазудың қандай түрі тиімді екенін, өз пікірлерін айтады.

Негізгі идеялар:

Сыни тұрғысынан ойлау арқылы берілген тапсырманы жұппен, топпен орындап, талқылайды, өз ойларын айтады. Топ мүшелерін сыйлай, құрметтей алады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық, ДК, презентациялар.

Іс-әрекет

Жаңа әдістер: СТО, АКТ


1.Топтық жұмыс.

2.Жеке жұмыс.

3.Жұппен жұмыс

Тапсырмалар:

1.Топтық жұмыс

Топтас-бөліс

Сәйкестендіру кестесі.

2.Жұптық жұмыс

Ойлан-жұптас-бөліс (тәжірбиелік жұмыс)

Бір-біріне сұрақтар қояды.


3.Жеке жұмыс

Сұрақ-жауап Компьютермен жұмыс.

Тест.


Блум таксономиясы бойынша сабақ жүргізіледі:

1.Санау арқылы топқа бөлінеді.

2.Шаттық шеңберін құрады.

3.Үй тапсырмасы.

Білу: «Кім білімпаз» ойыны. (сұрақ-жауап әдісі).

-Алгоритм не үшін қажет?

-Алгоритм дегеніміз не?

-Кім алгоритмді дамыта алды?

-Кім алгоритмді орындай алады?

-Алгоритмді жазудың қандай түрлерін білесіңдер?

-Алгоритмді жазу түрлерінің айырмашылығы неде?

-Блок-схемаларды қандай пішіндер қолданылады?

- Басы мен соңы қандай нысанға жазылады?

-Мәліметтерді енгізу мен шығару ше?

- Әрекетті орындау үдерісі қандай нысан қолданылады?

Түсіну: Қосымша материалдармен танысу.

Сәйкестендіру кестесі.

І-топқа:

Алгоритмнің кесте түрінде жазылу тәсілі


Сөздік

Алгоритмнің блок-схема түрінде бейнелеу тәсілі


Кестелік

Алгоритмнің компьютер тіліне түсінікті түрде жазылу тәсілі


Графикалық

Алгоритмнің табиғи тілде жазылып, берілу тәсілі


Программалық


ІІ-топқа:

Басы мен соңы



Есептеуіш



Мәліметтерді енгізу мен шығару



Әрекетті орындау шарттары



Өту сызықтары



Әрекетті орындау үдерісі



Қолдану: Ойлан-жұптас-бөліс. Тәжірбиелік жұмыс.

«Оқушының күн тәртібі» алгоритмін блок-схемасын құр.



Талдау: Топтас-бөліс.

-Графикалық редактор арқылы блок-схеманы қалай құрастыруға болатынды туралы оқушыларға ұсыныс жасау.

Жинақтау: Тест тапсырмасы.

Кейінгі тапсырмалар

§3.2 оқып келу.

Бағалау

Рефлексия

Топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалайды - формативтік бағалау, мұғалім қорытындылып бағалайды -жиынтық бағалау.

Кері байланыс жасау үшін стикерлерді пайдаланамын.

  • Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?

  • Саған қай тапсырманы шешу қиын болды?

  • Нені біліп, үйренуіміз керек?






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал