- Учителю
- Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер), оқиға және әдістер
Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер), оқиға және әдістер
Сыныбы | 10 | |||||||||||
Пәні | Информатика | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер), оқиға және әдістер
| |||||||||||
Жалпы мақсаты | АКТ - ны пайдалана отырып, оқушыларға Visual Basic бағдарламасында терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер), оқиға және әдістер туралы білімін қалыптастыру. | |||||||||||
| Оқулық 10 сынып Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова, Г,А.Тезекбаева; Компьютер; Интерактивті тақта; Слайдтағы тапсырмалар; | |||||||||||
|
| |||||||||||
| Сыни тұрғыдан ойлау салыстырмалылықты түсінуді дамытуға көмектеседі. | |||||||||||
|
Оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру нәтижесінде баспалдақ бойымен жоғары көтерулері тиіс.
| |||||||||||
|
Жаңа сабақты хабарлау. Жаңа тақырыпқа қажет болатын өткен материалды қайталау. Visual Basic программасын іске қосу жолдарын атаңдар? Қасиеттер терезесі деген не? Visual Basic программасының терезе құрылысын атаңдар? | |||||||||||
| Оқулықпен жұмыс. 69-71 б.б. Тәжірибелік тапсырмаларды ДК-де Visual Basic6 бағдарламасында орындау. | Тәжірибелік тапсырмалар
| Left | Top | Width | Height | ||||||
Пішіннің өлшемі | 2800 | 2800 | 5500 | 3800 | ||||||||
Label | 235 | 110 | 5300 | 1200 |
Нысанның әрпі мен түсін Қасиеттер терезесінен BackColor батырмасын шертіп, System (Жүйелік түс) және Palette (Палитра) ішінен керекті түсті таңдап, Label батырмасының түсін өзгертіңдер.
Сөздің әрпін Font қасиеті арқылы өз қалауларыңша өзгертіңдер.
Нысан ішіндегі сөзі ортаға орналасуы үшін: Aligment қасиеті арқылы ортаға орналастырыңдар.
Пішінге сурет кірістіру үшін: суреттерді ғаламтордан, дискіден жүктеп алуға және дайын суреттерді қолдануға болады.
Сендер Image нысанын пішінге кірістіріп, қасиетін мынадай етіп орнатыңдар: Left-230, Top-1300, Width-2015, Stretch қасиетін True етіп өзгертіңдер, осыдан барып, Picture қасиетіне кіріп, керекті суретті таңдап алыңдар.
Жобаны басқаратын бұйрықтық (commandbutton) кірістіреміз.
Өлшемін, түсін өз қалауларыңмен өзгертіңдер.
Батырманы "Жабу" деп атаңдар, ортаға орналастырыңдар, сөздің түсін, өлшемін өзгертіңдер.
Style қасиетіне Graphical қасиетін таңдаңдар.
Батырманы екі рет шертіп, кодтау алаңына көшіңдер.
Кодтау алаңына "End" деп жазыңдар.
Жобаны іске қосып көріңдер.
-
Қасиеттерін қалағаныңша өзгертуге болатын негізгі нысандармен жұмыс.
Мақсаты: белгілермен, мәтіндік тереземен, жиектемемен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
-
Жұмыс алаңына 2 Textbox, 2 CommandButton, 2 Label, 1 Frame нысандарын орналастырыңдар.
(17-сурет).
-
Нысандардың қасиетін кестеде берілген мәлімет бойынша өзгертіңдер.
Нысан
Қасиеті
Мәні
Label 1
Caption Font
Бос қалдырасың. Бұл жерден Мәтіндік терезеге не жазсаң, сол мәтін көрінетін болады.
Label 2
Caption Font
Есімің Name
Label 3
Caption Font
Тегің Fam
CommandButton1
Name Caption
Сәлем
CommandButton2
Name Caption
Тазалау
TextBox1
Name text
Есімі (бос қалдырасың)
TextBox2
Name text
Тегі (Бос қалдырасың)
Frame
Name Caption
Жиектеме
-
Backcolor, ForeColor, Font қасиеттерін өз қалауларың бойынша орнатыңдар.
-
"Салем" нысанының код процедурасын жазыңдар:
Frame1. Caption= "Қош келдің, қымбаттым"
Label1. Caption= Text1. Text + " " + Text2. Text
-
"Тазалау" нысанының код процедурасы:
Frame1. Caption=" "
Label1. Caption=" "
Text1. Text=" "
Text2. Text=" "
-
Нәтижесін тексеріп, басқа да қасиеттерін өзгертіп, тағы да тексеріңдер!
Жұмысты сақтаңдар.
-
Сергіту сәті
Жаттығуды
орындарында
отырып орындау.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
-
Алақанды уқалау.
-
Қолды қысу
-
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
-
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса
-
Бекіту.
Бақылау сұрақтары
-
Visual Basic қосымшаларын жасауда қандай терезе қолданылады?
-
Project - AddForm бұйрығы қай кезде қолданылады?
-
Оқиға дегеніміз не? Оқиғаның түрлерін атаңдар.
Бағалау
Топтық бағалау, жұптық бағалау
Кері байланыс
-
Бүгінгі сабақтан алған әсерім?
-
Маған не ұнады/ұнамады?
-
Тапсырманы орындаудағы туындаған қиыншылықтар?
Үйге тапсырма
Оқулықтағы тақырыпты оқып келу