- Учителю
- 5 класс информатика Paint
5 класс информатика Paint
№5 Ақарал орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:«Қарапайым графикалық редакторы. Сурет ашу, сақтау»
Пән мұғалімі: Барменкулов А.Б.
2014-2015 оқу жылы
Жамбыл облысы Меркі ауданы №5 Ақарал орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Барменкулов Аскарбай Берикұлы ІІІ - деңгейлі мұғалім
«Ақарал - Прогресс» атты кәсібі қоғамдыстықтағы рөлі: үйлестіруші топ мүшесі
Пәні
Сыныбы
информатика
5а
Сабақтың тақырыбы:«Қарапайым графикалық редакторы. Сурет ашу, сақтау»
Сабақтың мақсаты: Paint графикалық редакторымен, оның терезесімен, сурет салу құралдарымен және суретті сақтау, қайта ашу командаларымен танысып, сурет салудапайдалануды үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
а)Paint графикалық реакторын іске қосуды үйренеді.
В) сурет салуда құралдардыпайдалануды, суретті сақтау мен қайт ашу командаларын біледі.
С) палитра түстерін және суреттердің қасиеттерін баптауды біледі.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: сындарлы оқыту
Көрнекілігі: тест, постер, интерактивті тақта, слайд, үйлестірме қағаздар:
Пәнаралық байланыс: сурет, тарих
Сабақтың эпиграфы: «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есіме сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» (Конфуций)
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі
Уақыт
І. Ұйымдастыру бөлімі
(Кіріспе бөлім)
-амандасу, түгендеу;
- сабақтың эпиграфымен таныстыру;
- бағалау критерийлерімен таныстыру;
- амандасады, кезекші жоқ оқушыларды ескертеді;
- зейіндері сабаққа ауады;
-бағалау парақшаларын алады;
2 минут
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
(Тұсаукесер бөлімі)
-Алдыңғы тақырып бойынша « өзіңді тесер» тест жұмысы беріледі;
10 сұрақ
-түстер арқылы топқа бөлу.
Үйге берілген тақырыпта тест жұмысын орындайды;
- Бағалау критерий арқылы бағаланады;
- түстер арқылы топқа бөлінеді.
- қандай сөз жасырылғанын анықтайды.
5 минут
4 минут
ІІІ. Жаңа сабақты игеру (Негізгі бөлім)
-Постермен жұмыс.
Оқушылар бірлесе отырып проблеманы графикалы түрде шешу «топтық зерттеу» әдісі қолданылады.
Үш топқа:
-сурет салу,сақтау және ашу;
-графикалық редактордың терезесі;
-сурет салу құралдары тақырыптары беріледі.
-постермен жұмыс жасайды;
-топтық зерттеу әдісі бойынша проблеманы бірлесе шешеді.
-берілген тақырыптар бойынша жұмыс жасайды.
13 минут
Қызығушылықты ояту
Семантикалық карта мен жұмыс беріледі.
Сөзжұмбақты шешу көрсетіледі.
Оқушылар берілген уақыт ішінде ойланып жауаптарын ұсынады.
5 минут
ІҮ. Сабақты бекіту (қорытынды бөлім)
Тапсырмалар беріледі:
1-тапсырма: электронды оқулықтан №5 тапсырма 1ұпай
2-тапсырма:
Сурет салатын құралдардың аттарын сәйкестендіру 2 ұпай
3-тапсырма:
Сөзжұмбақ шешу 3 ұпайдан
Тапсырмалар орындайды:
1-тапсырма: электронды оқулықтан терезе элементтерін жазады
2 тапсырма: тақтада тұрған суреттің атауына белгішесін қояды.
3-тапсырм: сөзжұмбақ сұрақтарына жауап береді.
12 минут
Ү.Бағалау
Бағалау парақшасынан бағалайды
Бағалау критерий бойынша өздерін бағалайды
3 минут
Рефлексия (кері байланыс)
Смайлик арқылы керіс байланыс жасау
Смайлик арқылы сабақтан алған әсерлерін ілінген плакатқа стикермен бейнелейді
1 минут
Тест жұмысының бағалау критерийлері
7-6 дұрыс жауап «5» баға
5-4 дұрыс жауап «4» баға
3-2 дұрыс жауап «3» баға
Оқушының аты-жөні
Тұсаукесер бөлімі
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлімі
Қорытынды баға
Тест жұмысы
Топтық зерттеу жұмысы
Тапсырмалар