- Учителю
- 'Векторлық және растрлық графика' (8-сынып)
'Векторлық және растрлық графика' (8-сынып)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тексерілді: _____________
Күні: 27.02.2015 ж
Сыныбы: 8«А», 8 «Б», 8 «В», 8 «Г»
Сабақтың тақырыбы
Векторлық және растрлық графика
Сілтемелер, дереккөздер
Оқулық 8- сынып «Информатика» Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева
Жалпы мақсаты
Оқушыларға векторлық және растрлық графика туралы мағлұмат беру.
Оқыту нәтижелері
Векторлық және растрлық графика туралы мағлұмат алады.
Әдіс-тәсілдер
Топтық жұмыс, «Миға шабуыл» әдісі, «Сұрақтар шеңбері» әдісі, сергіту сәті, инсерт әдісі
Көренкіліктер, қажетті ресурстар
Кеспе қағаздар, флипчарт, маркер, мәтіндер
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин).
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық ахуал орнату.
Шаттық шеңберіне тұру, жылы лебіз айту.
Оқушыларды сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздер айтады.
Жұмыс істеуге қажетті құралдарын жұмыс үстеліне дайындау.
Өткен сабаққа шолу (8 мин)
«Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ жазылған парақты топтрға таратып беру
Берілген сұрақтарға әр топ бірлесе отырып жауап береді. Келесі топтарға парақтарын айналдыру арқылы топтардың жауаптарын салыстырады
Жаңа сабақ (15 мин)
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қою. Берілген тапсырманы талқылап болғаннан кейін, постерге түсіруге нұсқау беру.
Оқушылар өз білгендерінше жауап береді. Постерге түсіріп, топтар алдында өз постерлерін қорғайды, өз түсінгендерін айтады
Шеберлік пен дағдыны қалыптастыру (15 мин)
Семантиклық карта топтық жұмыс. Кеспе қағаздарын таратып беру
Семантикалық картаға топ болып талқылап, жауап береді. Кеспе қағаздарын жеке жұмыс ретінде орындайды
Қорытындылау (3 мин)
Сұрақ - жауап
Рефлексия жасатамын
Бір - бірін бағалауға нұсқау беру
«Инсерт» әдісі бойынша алған білімдерін бағалау үшін, стикерге жаздырып, тақтаға ілінуіне нұсқау беру
Оқушылар өз ойларын айтады
«Білемін», «білгім келеді» деген сұрақтарға өз ойларын жазады
Үйге тапсырма беру (2 мин)
Тақырыпты оқып келу
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады