7


  • Учителю
  • Практикум. Аралас құжаттарды құру

Практикум. Аралас құжаттарды құру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: информатика

Сынып:

Мерзімі:

Тақырып: Практикум. Аралас құжаттарды құру.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу бойынша, аралас құжаттарды құру тақырыптары бойынша алған білімін бекіту, тиянақтау;

Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Практикалық

Сабақ типі: Аралас

Техникалық құралдар: интрактивті тақта, компьютер, флешка.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, тесттер.

  1. Ұйымдастыру кезең:

Оқушылармен амандасып, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабақ аудару.

  1. Үй тапсырмасы:

  • Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін атаңдар.

  • Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.

  • Кірістіру => Кескін => Кірістіру => Paint суреті бұйрықтары арасындағы айырмашылық неде?

  1. Жаңа сабақ

WordPad мәтіндік редакторы және Paint графикалық редакторы бойынша практикалық тапсырмалар.

</ Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А деңгейі: Шежіре ағашы.

  1. Paint графикалық редакторында ағаштың кескінін салыңдар.

  2. Сурет салатын рамкалар дайындаңдар (фигураларды қолданыңдар) және олардың ағашқа орналастырыңдар.

  3. Ағаштың кескінін WordPad мәтіндік редакторына көшіріңдер. Ортасы бойынша түзеуді тағайындаңдар.

  4. Суреттің алдына «Менің отбасым» тақырыбын қосыңдар.

Әріпті өз қалауларың бойынша таңдаңдар.

  1. Өз отбасыларың туралы әңгеме құрыңдар.

  2. Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мүмкіндігінше басып шығарыңдар. Шежіре ағашымен жұмысты үйде аяқтаңдар - туыстарынның суреттеін желімдеңдер немесе редактордың көмегімен қосыңдар.

В деңгейі:

  1. Әңгімеден үзінді теріңдер.

  2. Автордың тегін курсивпен, мәтін атауын жуан әріппен ерекшелеңдер.

  3. Бірінші жол үшін шегіністі 1 см етіп белгілеңдер.

  4. Жануарлардың, құстар мен балық атауларының жанына Paint-те дайындалған кескіндерді кірістіріңдер.

  5. Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мұғалімге көрсетіңдер.

Кім қанша өмір сүреді?

Ұзақ жасаудың рекордшылар - тасбақалар, олар 300 жылөмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз - олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр - 15жыл, түлкі 12-13 жыл жасайды. Бұғы мен бұлан - 20 жыл, ал піл 80 жыл жасайды. Үй жануарларының ішіндегі ең ұзақ ғұмыр кешетіні - есек - 50 жылға дейін. Түйелер мен жылқылар 30 жылға жуық, иттер 15 жыл жасайды. Балықтар арасында - шортандар, олар 200 жылға дейін өмір сүреді.

(В.песков)

С денгейі:

  1. Өз отбасыларың туралы әңгіме дайындаңдар. Олар WordPad мәтіндік редакторында теріңдер.

  2. Өз ата-аналарың мен туыстарыңның суреттерін дайындаңдар.

  3. Ерекшелеу => Еркін аймақ сайманын пайдаланып Paint графикалық редакторында суреттерді қырқыңдар.

  4. Суреттерді рамкаларға орналастырыңдар.

  5. Графикалық редактордан көшіріп, мәтіндегі есімдердің жанына суреттер кірістіріңдер.

  6. Мәтіннің алдына «Менің отбасым» тақырыбын қосыңдар.

Оны өз қалауларың бойынша безендіріңдер.

  1. Жұмысты өз бумаларыңда сақтаңдар және мұғалімге көрсетіңдер.

  1. Қорытынды:

Компьютердегі тәжірибелік жұмыста қандай бағдарламаларды және қандай құрал-саймандарды пайдаланғаны оқушылардан сұралады.

  1. Бағалау.

Тесттерге қатесіз жауап берген, практикалық тапсырманы орындаған оқушыларды бағалау.

  1. Үй тапсармасы:

Өзіңді тексер! жаттығуын қарастырып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал