- Учителю
- Олимпиадные задания по информатике для 8-9 классов
Олимпиадные задания по информатике для 8-9 классов
8 сынып
1) (6 ұпай) ASCII кодтау кестесі мен оналтылық санау жүйесінің сәйкестендіру кестесінің көмегімен КОМПЬЮТЕР сөзін кодта.
2) (6 ұпай) 4 цифрлы сан құру үшін 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары қолданылады. Келесі ережелерді ескеру қажет:
- бірінші орында 1,2 немесе 3 цифрларының біреуі тұруы қажет;
- әрбір жұп саннан кейін - тақ сан, ал әрбір тақ саннан кейін - жұп сан болуы керек;
- үшінші цифр бес болмауы керек.
Мына сандардың қайсысы осы ереже бойынша құрылған?
1) 4325 2) 1432 3) 1241 4) 3452
3) (12 ұпай) Графикалық файлдың өзгеруі барысында түстердің саны 1024-тен 32-ге дейін азайды. Файлдың ақпараттық көлемі неше есе азайды?
1) 5 2) 2 3) 3 4) 4 5) 32
4) (6 ұпай) «Бағыттаушы» орындаушысы командасымен пиктограмма салу барысында қате кетті. Дұрыс емес команданың реттік санын көрсет. Оның орнына қандай команда жазылуы тиіс?
5) (8 ұпай) 7 әріп жасырылған: З, С, О, К, Д, И, У. Әрбір әріп үлкен квадраттардың ішінде орналасқан. З әріпі ортасында орналасқан, О әріпі Д және И әріптерімен, У әріпі С және К әріптерімен, И әріпі О және З әріптерімен қиылысады. Д және К әріптерінің бір қиылысуы ғана бар. Үстіңгі және астыңғы жолдағы квадраттардағы әріптерді тап. Астыңғы жолдағы қысқа жазулар нені білдіреді?
6) (12 ұпай) Асан мен Үсен келесі ойынды ойнап отыр: Асан бүтін санды түрлендіру ережесін ойластырады. Үсен Асанға кез келген сан жасырып, оның түрлену қорытындысын біле алады. Үсеннің міндеті - осы ережені тауып алу. Төменде бірнеше ойын түрінде Асанның жауаптары мен Үсеннің сұрақтары берілген. Асанның әрбір ойында жасырған ережесін тап.
а) (2 ұпай) 1 2; 23; 34; 1011; 100101;
б) (2 ұпай) 12; 24; 36; 48; 1020; 100200;
в) (3 ұпай) 13; 25; 37; 49; 1021; 100201;
г) (4 ұпай) 12; 21; 34; 43; 109; 1112; 10099;
д) (4 ұпай) 12; 21; 36; 42; 105; 1122; 10050;
е) (5 ұпай) 11; 21; 31; 41; 102; 112; 1003.
7) (10 ұпай) Әртүрлі санау жүйесінде жазылған сандарды өсу ретімен орналастыр:
3510; 368; 3А16; 101012
8) (15 ұпай) Дене тәрбиесі сабағында 8 сынып оқушылары 10102 минут жүгірді. Осы уақыт аралығында олар С816 калорий жұмсады. Егер оқушылар 0,5 сағат жүгірсе, қанша калорий жұмсайды? Жауабын ондық санау жүйесінде бер.