7


  • Учителю
  • Информатикадан 'Paint графикалық редакторы' тақырыбына ашық сабақ 5 класс

Информатикадан 'Paint графикалық редакторы' тақырыбына ашық сабақ 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Paint қарапайым графиктік редактор
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Paint графикалық редакторының мәнін, жүктелуі

және суретпен жұмыс істеу командалары туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып

есте сақтау, ойлау қабілетін, компьютерлік іскерлігін дамыту.
3. Тәрбиелік: еңбекке, қоршаған ортадағы көрген дүниесін бейнелей

білуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, тест.
Көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, сәйкестендіру тест,

үлестірмелі материалдар.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен шаттық шеңбер
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау «Ой қозғау» «Футбол ойыны» арқылы

үй тапсырмасын сұрау.
1 слайд. Интерактивті тақтада «Футбол ойыны» көрсетіледі әрбір доптың астында жасырылған сұрақтар бар. Оқушылар бірінші доп таңдайды жасырылған сұраққа жауап береді.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту.

Paint редакторында 16 құрал пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін маустың нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек, сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.Осы құралдар мен жеке жұмыс істеу мысалдарымен таныстырамын .кез келген аймақты бөліп алу құралы

  • бөліп алу батырмасы

  • түрлі түсті өшіргіш

  • құю құралы

түс тағдау құралы

  • масштаб құралы суреттің жеке бөлігін үлкейтуге арналған.

  • кез келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған қарындаш

ерікті сызықты сызуға арналған қылқалам

  • сурет ішіне мәтін енгізу

  • бүріккіш

түзу сызық сызу

  • Қисық сызықтарды салу:


  • тік төртбұрыш және квадрат салу

  • Көпбұрыштар салу

Эллипс және шеңбер салу

  • Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.

Тақырыпты түсіндіре келе мысалдар көрсету.

Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері айту.Сурет салуға Суретті түрлендіруге Суретті көбейтуге, бұруға, созуға, Суретке мәтін енгізуге Суретті өшіріп, қоюға Суретті сақтауға, ашуға

1. Интерактивті тақта арқылы оқушылар өздері Paint графиктік редакторды іске қосып көрсету керек.
2. Paint графиктік редактордың терезесінің элементтерін айту.
Y . Практикалық тапсырма Интерактивті тақта арқылы практикалық тапсырма берілген соны әр оқушы өз компьютеріне салады. Онда әртүрлі жұмбақтар берілген шешуін оқушылар тауып суретін компьютерге салады. Тапсырма 3 деңгейде беріледі.
А деңгейі. Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салыңыз


Күндіз кірер «інге»,

Жұрт қалады білмей.

Шығады тек түнде,

Болам дейді күндей. (Ай)

В деңгейі. Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салыңыз

Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста. (шырша)

С деңгейі. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып,

үйшіктің суретін салыңыз

ІV қосымша тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салыңыз

Көктем сайын жайқалып,

Жаңбыр суын ішемін.

Күз болғанда сарғайып,

Қурап-қурап түсемін (Жапырақ)



Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса. Соншалықты айналым солға қарай жаса.


Сабақты бекіту тапсырмалары

Топпен жұмыс жасаймыз

Сөзжұмбақты шешкенде тышқан сөзі шығу керек


Суреттерге қарап отырып қолдан салған суретпен компьютермен салынған суретті салыстырып ұқсастықтарын және айырмашылығын жазыңдар



Бағалау:


Үйге тапсырма:

Оқулықтан §14 118 бет 125 беттегі өзіңді тексер! Тест орындау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал