7


  • Учителю
  • Готовые поурочные на каз языек 9 класс

Готовые поурочные на каз языек 9 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы ҚТ және жұмыс орнын ұйымдастыру. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі санитарлық және гигиеналық нормалар. Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алуды тіркеу жур
предварительный просмотр материала

Сабақ №1

Пәні Информатика Сынып 9 Күні ________

Сабақтың тақырыбы

ҚТ және жұмыс орнын ұйымдастыру. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі санитарлық және гигиеналық нормалар.

Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру

Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары. Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты

ЕТ-мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру. КС-да өзін-өзі алып жүру ережелерімен таныстыру. Көз талғанда жасалатын жаттығулармен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру.

Сабақ типі

Практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

-ЕТ-мен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;

-КС-дағы іс-әрекет ережелерін;

-қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.

Оқушы үйренуі тиіс:

-көз талғандағы жаттығуларды жасауды;

-өрт сөндіргішті қолдануды;

-жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;

-статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бақылау

Ата-ана және оқушыға кеңес

Мұғалім

Ата-ана қолы

Ұйымдастыру

1.Амандасу.

2.Мақсатын айту.

3.Қайталау.

Сабақ барысы:

1.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2.Тапсырмаларды орындау.

3.Бекіту.

4.Бағалау.


1.Мұқият тыңдау

2.Қайталау жұмысы.

3.Керегін жазып алу және үнемі қайталау





Коррекциялық жұмыс



Оқушыларға еңбек қауіпсіздігі жөнінде нұсқау беру және оған үйрету жолдары:

  1. Оқушыларға жұмыстың дұрыс және қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін меңгерту үшін қауіпсіздік техникасы мен еңбек гигиенасының талаптарын сақтау жөнінде дәріс пен нұсқау беру.

  2. Еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру кабинеттегі кіріспе сабақта және ДК-мен жұмыс істеу алдында жүргізіледі.

  3. Оқушыларды қауіпсіздк техникасының ережелері, еңбек гигиенасы, жұмыс барысында кездесетін қауіпті жағдайлармен және сақтық шаралармен таныстыру.

  4. ДК-мен жұмыс істеу алдында берілетін нұсқау алғашқы нұсқауды толықтырады. Оның негізгі мақсаттары жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, тәртіппен ұстау талаптарымен, қауіпсіз жұмыс істеу әдістерімен, сақтану құралдарымен, белгілі бір жұмысты орындау кезінде болатын қауіпті жағдайларымен, жұмыс істеушінің міндеттерімен, сондай-ақ қауіпті жағдайлардан сақтанатын ережелерімен таныстыру.

  5. Оқушылармен өткізілген дәріс пен нұсқаулар сынып жүрналында тіркеледі.



Қауіпсіздік техникасының ережелері


Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:

  1. Жалпы

  2. ДК-де жұмысты бастау алдында

  3. Жұмыс істеу кезінде

  4. Авариялық жағдайларда

  5. Жұмысты аяқтағанда


Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.

  4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған Дк-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

  6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

  7. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.


ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.


ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.

  2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.


Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

  2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

  3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.

  4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

  5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.



Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері


Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)

  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату

  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету

  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)


Күйгенде көмек көрсету:

  1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка)

  2. Күйген жеріне май жағу (винилин)

  3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдынала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау

  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)


Талып қалғанда көмек көрсету:

  1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу

  2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)


Демі тоқтағанда көмек көрсету:

  1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру

  2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)

  3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру керек







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал