7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар'

Ашық сабақ 'Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Cабақтың тақырыбы: АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ. ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРОГРАММАЛАР
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «компьютерлік вирус» түсінігі туралы, вирустың пайда болудың негізгі белгілері, вирусқа қарсы бағдарламаларды тағайындау, вирусқа қарсы бағдарламалардың түрлерін айыра білуін қалыптастыру, компьютердегі вирустың бар-жоғын тексеру, ақпараттың қорғалу тәсілі туралы білімдерін меңгерту.
Дамытушылық: елестете алуын, ынтасын, басты, маңызды ерекшелігін көрсете алуын, ой өрiсiн дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қызығушылығын, коммуникативтік дағдысын, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу
Бағдарламалық-дидактикалық жабдықталуы: дербес компьютерлер, мультимедиялық проектор, Windows ОЖ, материалды көрсету үшін презентациялар.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу; сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ - жауап)

1.Ақпарат дегеніміз не? (бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда)
2. Ақпараттық үдеріс дегеніміз? (қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс-әрекет)

3.Ақпараттық үдеріс түрлерін атаңдар (ақпаратты беру, сақтау, өңдеу, қабылдау)

4.Әлемнің ақпараттық бейнесі- (бұл нақты әлемдегі нысандар туралы ақпараттар көзі)

5.Мегаәлем дегеніміз не? (галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар , яғни үлкен көлемді нысандар құрайды).

6.Макроәлем дегеніміз не? (тірі және өлі табиғаттан тұрады).

7.Микроәлем дегеніміз не? (өлшемдері өте кішкентай нысандардан- молекула, атом сияқты нысандардан тұрады).


ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Жаңа сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирустан қорғау программалары.
Компьютерлік вирус- «көбеюге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік программа.

Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.

Компьютердің зақымданғанын білдіретін көрсеткіштер бар. Егер сендердің компьютерде ақылға қонымсыз «оғаш» дүниелер орын алып жатса, атап айтсақ:

  • Экранға қарастырылмаған хабарлама немесе кескіндер шықса;

  • Жоспарланбаған дыбыстық сигналдар берілсе;

  • Күтпеген жерден DVD-ROM-құрылғылар таратпасы ашылып және жабылып қалса;

  • Компьютерде сендердің қатысуларыңсыз қандай да бір программалар іске қосылса, онда компьютер вируспен зақымдалған деп болжауға болады.

Вирустан қорғау программалары компьютердегі вирустарды табуға, жоюға және одан дер кезінде сақтанып отыруға мүмкіндік береді. Ондай программалардың бірнеше түрлері бар, атап айтсақ:

  • детектор-программа (вируспен зақымдалған файлдардың бірін табуға негізделген);

  • доктор-программа (вируспен зақымдалған файлдардың бірін тауып қана қоймай, оны «емдеуге» арналған);

  • фильтр-программ (компьютермен жұмыс жасау барысында вирустың бар болуын алдын ала хабарлауға негізделген);

  • ревизор-программа (вирустан белсенді әрі сенімді түрде қорғауға арналған).


Вирустармен куресуге арналған көп антивирустық программалар белгілі. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары Aidstest, Doctor Web, Касперскийдің AVP-i. Бұл прграммалардың антивирустық базаларын жаңарту Internet желісінің көмегімен жүзеге асырылады.


Тапсырмалар:
№1 тапсырма
1. Компьютерлік вирус______________________________________________
2. Компьютерлік вирустың үш қағидасы:_____________________________
Біріншіден, вирустар___________________________________________
Екіншіден вирустар _______________________________________ емес
Үшіншіден компьютерлік вирустар тек компьютерді ғана зақымдайды
3. Вирустардың әрекеті 3 кезеңнен тұрады:

№2 тапсырма
1. Вирустардың негізгі пайда болу белгілері
2. Вирустардың компьютерге кіру жолдары
3. Компьютердің зақымдалу белгілері бар болып жатқандағы әрекет

№3 тапсырма
1. Вирусқа қарсы бағдарламалар...
2. Вирустан қалай қорғануға болады?
3. Вирустың түрлері мен қызметтерін ата


Мұғалімнің конспектісі
№1 тапсырма
1. Компьютерлік вирус - «көбейтілуге» және басқа программаларға жұғуға қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады
2. Компьютерлік вирустың 3 қағидасы :
Біріншіден, вирустар өз-өзінен пайда болмайды.- оларды компьютерлік хакерлер құрайды да мәліметтерді желі бойынша жібереді немесе таныстарының компьютерлеріне салады.
Екіншіден: вирустар өз-өзінен сіздің компьютеріңізде пайда болмайды- ол не болмаса сыртқы тасымалдаушы (флэшь-тасымалдаушы, сыртқа қатты диск, компакт-диск...) арқылы немесе оны компьютерлік желіден кездейсоқ жүктеп алған.
Үшіншіден: компьютерлік вирустар тек компьютерді ғана зақымдайды одан басқа ешнәрсе емес, сондықтан да одан қорқудың қажеті жоқ-пернетақта, тіртуір және басқа да құрылғылар арқылы берілмейді (жұқпайды).
3. Вирустардың әрекеті 3 кезеңнен тұрады:
1. Зақымдану (компьютерге түсу);
2. Көбею (вирусты код басқа бағдарламалармен көбеюі мүмкін);
3. Вирусты шабуыл (жеткілікті түрде бағдарламалық вирус көшірмесі пайда болған кезде бұзылу жүзеге аса бастайды: бағдарлама жұмысы мен ОЖ, қатты дискіден ақпараттардың жойылып кетуі

№2 топ
1. Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандардан басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқорлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.
2. Вирустардың компьютерге кіру жолдары:
• Internet ғаламдық желі
• Электрондық пошта
• Жергілікті желі
• «Жалпы тағайындалған» компьютерлер
• Бағдарламалық жабдықтау қарақшысы
• Жөндеу қызмет көрсетулері
• Зақымданған файлы бар алмалы-салмалы жинағыш
• Вирусы бар қатты диск
• Алдыңғы пайдаланып кеткендерден қалған вирус

3. Компьютердің зақымдалу белгілері бар болып жатқандағы әрекет
• Компьютерді егер ол жергілікті желі мен интернетте қосылған болса өшіру;
• Егер зақымдану белгілері салдарынан компьютердің қатты дискісін жүктеу мүмкін болмай жатса, (компьютерді қосқан кезде, қате деп танылып жатса), істен шығудан қорғаныс режимінде жүктеп көріңіз немесе Windows апатты дисктен жүктеңіз;
• Вирусқа қарсы бағдарламаны жүктеу.

№3 топ
1. Компьютерлік вирустармен күресу үшн, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б.
2. Вирустан қалай қорғануға болады?
• Өзіңіздің ДК-ге вирусқа қарсы бағдарламаны орнатыңыз.
• Басқа компьютерден келген тасымалдаушы құралдан вирусын тексеріңіз;
• Ақпаратты көрмей тұрып, архивтенген архивтік файлдан кейін вирусын тексеріңіз (вирусқа қарсы бағдарламалардың барлығы бірдей зиян тарататын кодты іздемеуі мүмкін немесе оны дұрыс емес жасауы мүмкін);
• жүйелі түрде компьютердің вирусын тексеріп тұрыңыз (егер Интернетті белсенді қолдансаңыз-аптасына бір рет, болмаса одан да жиі жүктеңіз);
• маңызды ақпараттың резервті көшірмесін жиі жасап тұрыңыз (backup);
• егер компьютер Интернетке қосылған болса, вирустан қорғау файервол (firewall) бағдарламамен бірігіп қолданыңыз;
• html-бетінің ішіндегі белсенділігі бар іске қосуға тыйым салу үшін (Интернет бетін көру бағдарламасы) браузерді жүктеңіз
3. Вирустық программалар компьютердегі вирустарды табуға, жоюға және одан қорғануға мүмкіндік береді. Ондай программалардың бірнеше түрлері бар, атап айтқанда:
 детектор−программа (вируспен зақымдалған файлдардың бірін табуға негізделген);
 доктор−программа (вируспен зақымдалған файлдардың бірін тауып қана қоймай, оны «емдеуге» арналған);
 фильтр−программа (компьютермен жұмыс жасау барысында вирустың бар болуын алдын ала хабарлауға негізделген);
 ревизор−программа (вирустан белсенді, әрі сенімді түрде қорғауға арналған).

VI.Сабақтың бекіту Сабақта алған жаңа, жалпы ақпараттар элементтерін құрастыруда сабақты қорытындылау. (5 мин) Тест

1. Вирус - ол...
А) дискілерді тексеру құралы
В) файлдарды көшіруге арналған программа
С) операциялық жүйедегі қателердің салдары
D) көбеюге қабілетті зақымдаушы программа +
2. Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы?
А) модем +
В) электрондық пошта
С) қатты диск
D) ажырап алынатын тасығыштар
3. Антивирус - ол...
А) файлдарды сығуға арналған программа
В) файлдарды көшіруге арналған программа
С) компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа +
D) вирустарды құруға арналған программа
4. Антивирус не істей алмайды?
А) файлдарды сканерлей алмайды
В) мұрағаттарды қарай алмайды
С) файлдарды қайта қалпына келтіре алмайды
D) файлдарды сығыстыра алмайды +
5. Компьютердің вируспен зақымданудың алдын алудағы бұрыс кеңесті табыңдар.
А) бейтаныс адамдар жіберген хаттарды және хаттардың тіркемелерін ешқашан ашпау
В) компьютерде «әкімшілік (администратор)» мәртебесінде емес, шектелген есепке алу жазбасында жұмыс істеу
С) компьютердегі барлық бумаларға толық қол жеткізу құқын әрқашан ашып қою +
D) вирусқа қарсы қорларды жүйелі түрде жаңартып отыру.


VIIІ. Қорытындылау

Сұрақтар:
• Компьютерлік вирус дегеніміз не?
• Вирустың пайда болу белгілері
• Компьютерлік вируспен күрес бағдарламасы
• Ақпаратты қалай қорғауға болады?



ІХ. Бағалау кезеңі
Сыныптың және жеке оқушылардың жұмысына сапалы баға беру.

Х.Үй тапсырмасы кезеңі
Үй тапсырмасы жөнінде ақпарат: оқулықтан АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ. ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРОГРАММАЛАР тақырыбын оқу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал