7


  • Учителю
  • Практикалық жұмыс 'Мәтіндік құжат'

Практикалық жұмыс 'Мәтіндік құжат'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән Информатика сынып 5

Тақырып: Аралас құжаттарды құру. Практикалық жұмыс

Мақсат: Мәтіндік редакторда тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың білімдерін тексері, бекіту. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оларды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Информатика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.

Білімділік - Мәтіндік редакторда тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту, жүйелеу.

Дамытушылық - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік - достық қарым-қатынасқа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар: оқулықтар, таратпа карточкалар, тест

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі . Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Жолақтың қандай бөлімі абзацты пішімдеу үшін жауапты?

A) Кірстіру

B) Бетті белгілеу

C) Бас тіркеме беті

D) Шимайлық.

2. Абзацты түзулердің ішіндегі артығы қайсысы?

A) Сол жақ шеті бойынша

B) Абзац бойынша

C) Оң жақ шеті бойынша

D) Ортасы бойынша.

3. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады?

A) Шегіністерді орнатуға

B) Түзеуді баптауға

C) Жоларалық интервалды анықтауға

D) Маркерленген тізімді баптауға.

4. Абзацтың бірінші жолындағы шегініс үшін жауапты сызғыш:

A) Оң жақтағы төменгі маркер

B) Сол жақтағы жоғарғы маркер

C) Сол жақтағы төменгі тікбұрышты маркер

D) Сол жақтағы төменгі үшбұрышты маркер.

5. батырмасының қызметі:

A) Абзацтың шеіністерін баптайды

B) Ол табуляция

C) Маркерленген тізім құрады

D) Абзацтағы түзеуді анықтайды.



1

2

3

4

5

С

В

А

В

С



ІII. Практикалық жұмыс.


Сіздер 8 -наурыз мерекесіне ашық хат әзірлейсіздер. Мәтіндік редакторда құттықтау немесе өлең жолдарын теру және оған Paintа салынған графикалық бейне қою керек.

1. Анаға арналған ашық хат.

2. Мұғалімге ашық хат.

3. Әжеге ашық хат.

  1. Сергіту сәті.

Көзге арналған жаттығулар

  • Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.

  • Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.

  • Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.

  • Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.

  • Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.

  1. Бекіту сұрақтары

1.Мәтіндік редакторында түзеудің қандай түрлерін білесіңдер?

2. Табуляция не үшін керек?

3. Тізімнің қандай түрлерін білесіңдер?

4. Мәтіндік және графикалық редакторлар өзара ақпаратпен қалай алмаса алады?


VI. Бағалау Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.


VII.Үй жұмысы. §26 оқу. 188 бет



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал