- Учителю
- Урок по информатики на тему 'Файлдар мен қапшықтар'
Урок по информатики на тему 'Файлдар мен қапшықтар'
Сабақ жоспары: Информатика
Күні-уақыты
7 ә сынып
Сабақтың тақырыбы
Файлдар мен қапшықтар
Жалпы мақсаты
Файлдар мен қапшықтар туралы түсінік беру. Жаңа қапшықтар құру, атын өзгерту, обьектілерді көшіру, орын ауыстыру және жою.
Оқу нәтижелері
АКТ-ны пайдалану
Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Жаңа қапшықтар құрып жұмыс жасауы
Түйінді идеялар
Жаңа қапшықтар құрады;
Құжаттың атын өзгертеді, көшіреді, орын ауыстырады және құжатты жоя алады;
Таңбашалар құрады;
Жаттығулар
1) «Хан тағы» әдісі үй тапсырмасын сұрау
2) «Сәйкестендіру» үй тапсырмасын қорыту
3) «Жұппен жұмыс»
4) «Тест тапсырмалар »копьютермен жұмыс
Қолданылатын әдіс -тәсілдер
1.АКТ-ны пайдалану,
2. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
3. Сыни тұрғысынан ойлау.
4. Жас ерекшеліктеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беру.
5. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
6. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
7. Оқуды бағалау
Ресурстар (дерек көздері)
Информатика оқулығы, Интернет, Информатика әдістемелік журнал.Интеактивті тақта,слайдттар
Сабақтың барысы
Мұғалім жазбасы:
І кезең. Ұйымдастыру.
-
Смайликтерді пайдаланып оқушылардың көңіл күйлерін білу. Сабақты көтеріңкі көңіл күймен бастауға жағдай жасау.
(3 мин)
1 кезең
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Бағалау
Минут
Білу
Үй тапсырмасын сұрау
«Хан тағы» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру
Оқушылар орындыққа отырып берілген сұраққа жауап береді.Әр оқушыға 5 сұрақ қойылады. Миға шабуыл әдісі қолданылып оқушылар жауап беру кезінде сыни тұрғыдан ойланады.
Критери бойынша бағалау (0-5 балл аралығында) есептеледі.
Топ басшылары өз топ мүшелерін бағалап отырады.
7 минут
Түсіну
Үй тапсырмасын
қорытындылау.
Берілген тапсырманы сәйкестендіру арқылы қорытындылаймын
Іске қосу батырмалары-
Мәтіндік редактор
Word Pad
Пуск
Бағыттаушы
Провадник
Әр тапсырманың сәйкесін табады
(0-5 балл) аралығында бағаланады.
5 мин
Қолдану
ІІ кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру
а) Жұппен жұмыс » Windous XP-дің негізгі обьектілеріне қапшықтар, программалар,құжаттар жатады.Файл дегеніміз-аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не программа,не құжат болуы мүмкін.Егер файлдың типінде .exe немесе .com белгілеулері тұрса, онда бұл программа болғаны.Файл типтерінің белгіленуі:
.bmp Paint графикалық қолданбасының белгісі
.doc Word мәтіндік редактордың белгісі.txt Блокнот қолданбасы .wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы.avi Бейнеклип.xls-Exel кестелік процессоры.ppt-Power Point қолданбасының презентациясы. Жаңа қапшық құру үшін тышқанның оң жақ батырмасын басып Создать-Папку-Новая папка батырмасын басу арқылы қапшық құрамыз. Таңбашалар-нақты бір файлды көрсететің арнайы белгі.
Оқушылар компьютерге отырып Word-қа қасындағы отырған оқушы туралы мәлімет жазып, қапшық құрып сақтайды.Екі оқушы арасында жұппен жұмыс жүреді.
(0-5 балл) аралығында бағаланады.
15 мин
Талдау
«Деңгейлік тапсырмалар »Барлық оқушыға 10 сұрақ беремін. Бұл тапсырма бойынша оқушылардың жаңа тақырыпты меңгерулерін байқаймын.
Оқушылар өз деңгейлеріне қарай, орындайды.
Тапсырма толық орындалған жағдайда 10 балл қойылады.
(1-10)балл аралығында
Бір тапсырма 1 балмен есептеледі.
Смайлик тарқату арқылы бағалаймын.
(10 мин)
Жинақтау
Сергіту сәті
Оқушыларды шеңбер құрып тұрғызып ауа-райының мінезін айтамын.
Оқушылардың көңіл күйлері көтеріңкі болып сергіту сәтін жасайды.
3 мин
Бағалау
Критерилары бойынша бағаланады. Кері байланыс береді
Ынталандыру белгілері арқылы, топ басшысының бағалау парағына өз топтарын бағалау арқылы бағаланды.
2 мин
Үйге тапсырма
Файлдар мен қапшықтар оқу
Сабақты түзету
(кері байланыс)
А)Сабақтың қорытындысы оқушылар әсерлерін стикерлерді жабыстыру арқылы кері байланыстарын білдіреді
Ә) Оқушылар алған білімдерін сабаққа байланысты бағалау парағына толтырады.