7


  • Учителю
  • Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. 7 сынып

Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. 7 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:12.11.15

Пәні

информатика

Мұғалім аты-жөні

Джалмаганбетова Р

Оқу-ісінің меңгерушісі

____________Сарғожаева А

Сабақ тақырыбы

Программалау - алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі.

Жалпы мақсаттар

Паскаль тілінің алфавитімен танысады. Программаның құрылымымен танысады. Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады.

Түйінді идеялар

Программалау, Паскаль программалау тілі, программалау тілінің әліпбиі, Паскаль тілінің элементтері.

Әдіс-тәсілдер

Топпен, АКТ, ойлан жауап бер, кері байланыс.

Нәтиже

Паскаль программалау тілінің алфавиті, программалау тілінің синтаксисімен танысады.

Достарымен еркін қарым-қатынасқа түседі

Өз ойын қорғай алады

Сабақ барысы


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Сабақ кезеңдері


1-кезең.

Қызығушылықты ояту:


1,2,3 сандар арқылы 3 топқа бөлу.


Топ ережесін еске түсіру. Сабақ барысынды бағынуға шақыру.


1- тапсырма.

Кубизм әдісі. Әр топқа кубикте шыққан түс бойынша конверттегі тапсырманы беру.

Алгоритм және оның қасиеттері туралы айтып бер.

Алгоритмді атқарушылар, жазу формалары және блок- схема.

Алгоритм типтері туралы айтып беріңдер және мысалдар келтіріңдер.

2. «Теңбіл доп» ойыны миға шабуыл әдісі. Мұғалім сұрақ қояды. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесе алады.

Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритмнің атқарушыларын ата.

Алгоритмді жазу формаларын ата.

Графикалық түрде жазу дегеніміз не?

Алгоритмнің қандай типтері бар.

Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Циклдік алгоритм дегеніміз не?

Сан бойынша топқа бөлінеді.


Ережені бір оқушы тақтадан оқиды, естеріне түсіреді


Кубикті лақтырады, қай түс келеді, сол түсті конверттегі тапсырманы орындайды. Топпен ақылдасып жауап береді.

Оқушылар сұраққа шапшаң жауап береді. Жауап беруге қиналса, басқа топ мүшелері көмектесе алады.


2-кезең. Мағынаны ажырату:


3. Жаңа сабақтың мақсаты.Оқушыларға «Балалар, алгоритмді компьютерде орындау үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қояды.

4. Жаңа тақырып.Әр топқа оқып меңгеруге арналған материалдар үлестіріледі. Тақырыпты оқып, түсініп, топ ішінде пікір алмасу үшін бөлініп беріледі.

Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, жаңа сабақты оқып, үйренуге өз мақсаттарын қояды.

Әркім жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Топ ішінде пікір алмасады.

3-кезең. Ой- толғаныс:


5. Сұрақты қағып ал. Әр топқа 1 сұрақ құрап, стикерге жазу тапсырмасы беріледі.

Бірігіп сұрақ құрап, басқа топтағы бір оқушының арқасына жапсырады, сол оқушы сұраққа жауап береді.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар.

Тақырыпты дәптерге конспектілеп келу, оқу, мазмұндау. Үйден 2 сұрақтан құрап келу.


Бағалау

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасын ортақ баға қояды.

Формативті бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал