7


  • Учителю
  • 'Программалау тілі. Программа және оның құрылымы'

'Программалау тілі. Программа және оның құрылымы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Программалау тілі. Программа және оның құрылымы

Сілтеме:

  • 9-сынып оқулығы;

  • Интернет материалдары;

Сабақтың мақсаты:

Программалау тілі туралы түсінік қалыптастыру. Оның құрылымымен таныстыру.

Нәтиже:

  • Программалау тілдерімен танысады;

  • Паскаль программалау тілі туралы түсінік алады;

  • Программалау тілінің негізгі құрылымдарымен танысады;

  • Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесін біледі.

  • Паскаль тілінде жазылған программалармен танысады.

Түйінді идеялар:

  • Программалау тілдері

  • Паскаль программалау тілі

  • Программаның құрылымы

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:

математика

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

  • Қызығушылықты ояту «Менің жақсы қасиетім» тренинг өткізу

Ұйымдастыру:

1. Сергіту және топтастыру шарасы . Алгоритмнің өрнектелу жолдары арқылы сыныпты топқа бөліп аламын. әртүрлі фигуралар жапсырып, әр фигура өзіне ұқсастарын тобына жинайды

2. Өткен «Алгоритм ұғымы, қасиеттері және ұсыну тәсілдері. Алгоритм типтері. Программалау тілі» тақырыптары бойынша түсіну дәрежесін анықтау үшін төмен және жоғары дәрежелі сұрақтан топтарға сұрақтар қойылады.


I топ: 1. Алгоритм дегеніміз не?

Бұл сөз қайдан шықты?

2. «Сабаққа даярлану»

алгоритмін құру.

II топ: 1. Алгоритм неше түрге

бөлінеді? Алгоритмді ұсыну

тәсілдері.

2. «Компьютерде ойнау»

алгоритмін құру.


-Алгоритмнің өрнектелу жолдарына байланысты топқа бөлініп отырады.

- Топпен бірігіп жұмыс жасауға тырысады. Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.


Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?

ББҮ

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша флипчартта жазу

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ... т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.

Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:

1. тақырып

2. сипаттау бөлімі

3. операторлар бөлімі

Түйінді сөз - мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)

Мыс: program, var, begin, while…

Идентификатор - айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).

Мыс:

x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:='Уалиханов'

мұндағы: x, y01, y02, mektep шамалары идентификатор болып табылады.

Оқушылар тақырыпты мұқият тыңдайды.

Қолдану (4 мин.)

Тапсырмалар беремін:

1.Практикалық жұмыс №8.

2. Арифметикалық амалдарды орындайды


1.36 div 7= 2. 5+7=

10 mod 3= 47:2=

63 mod 8= 45x7=

45 mod 8= 968-78=

Жинақтау. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

2 бүтін санның қосындысын табудың программасын құрып, Паскаль программалау бағдарламасында теріп көреміз. Математикалық түрдеге моделі екі бүтін сан берілген. Олар: х,у 2 бүтін санды қосып, нәтижесін z-ке меншіктейміз. Нәтижені экранға шығарамыз. Соңы.

Сұрақтарға жауап береді.

Паскаль тілінде жазылуы:

Program esep1;

Var x,y,z:integer;

Begin

Write ('Екі бүтін санды енгіз');

Read(x,y);

z:=x+y;

write('қосынды'=,z);

end.

Паскаль программалау бағдарламасында теріп көреді.

Бағалау

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма

Үйге 27-31 беттердегі §4 тақырыбын оқып келу, негізгі элементтері мен алфавитін жаттап келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал