7


  • Учителю
  • БОЛАШАҚ МАМАН ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ, баяндама

БОЛАШАҚ МАМАН ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ, баяндама

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

БОЛАШАҚ МАМАН ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

МУРЗАШЕВА С.Е, КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ КОЛЛЕДЖІ, МҰҒАЛІМ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ



Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ,ұлағатты саналады. [1]

Білім берудің мақсаты - терең білімнің,кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпараттық технологиялар маңызды рөл атқарады. Қоғам дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгеруде, білім алуға тілдерді үйренуге деген ынтасы арта түсуде. [2]

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттары бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялар құралдар мүмкіндігін комплексті түрде қолдануды жүзеге асыруы көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін бола алады.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінің тәжірибелік біліктілігін дамытуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияның маңызы - оқушылардың біліміне үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып,оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби жағынан қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жаңа технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.

Жаңа ақпараттық технологияны оқу үрдісінде енгізу білім беруді әлемдік деңгейге жақындатуға мүмкіндік береді. Оқушылардың дербестігі, танымдық белсенділігі артады. Бұл ретте мұғалім мен оқушының жаңаша тұрғыдағы қарым қатынасының сипатын былайша сипаттауға болады:

  • Оқушылардың дербестігі артады, олар өз жұмыстарының мазмұнын компьютерлік техника арқылы өздігінен түзетуге мүмкіндік алады;

  • Оқушылардың теориялық білімі мен практикалық дағды-біліктері нақты анықталады;

  • Оқушылардың өздігінен іздену, ақпарат көздерін іріктеу, қажетті материалдарын тауып, тиімді қолдану дағдылары қалыптасады;

  • Оқушылардың өзіне, өз қабілетіне деген сенімі артады, даралық жеке басын бағалау сапасы қалыптасады;

  • Оқушы өзін-өзі басқаратын, тексеретін, өзін-өзі бағалайтын деңгейге көтеріледі. [1]

Сабақ уақытында компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі-тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру білім беру жүйесіндегі ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: "Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады",- деп атап көрсетілген.

Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген, жаңа ақпараттық технологияларды жетік пайдаланылатын ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.



Әдебиеттер:

  1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».

  2. Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі «Қазақстан мектебі» 2008 ж.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал