7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Суретті ашу, сақтау' 5 сынып

Сабақ жоспары 'Суретті ашу, сақтау' 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: ____________

Сыныбы:_________

Сабақтың тақырыбы: Суретті ашу, сақтау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторында суретті ашуды, сақтауды үйрету.

1. Білімділік: Оқушылар Paint графикалық редакторының маңыздылығын меңгеру.

2. Дамытушылық: Оқушыларға әрекеттерді орындау кезеңдерімен таныстыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

  1. Графикалық редактор деген не?

  2. Қандай тәсілдермен файлды құруға болады ?

  3. Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады?

  4. Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз?

  5. Бейненің қандай пішімінің сапасы нашар болады?

Жаңа сабақ

Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар:

  • Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.);

  • Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редакторлар).

Графикалық редакторлар - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

(Paint ағылшынша сурет, сурет салу) - бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Барлық растрлық бейнелер нүктелерден - пиксельдерден тұрады. Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді. Бұл бейненің әр нүктесін өзгерте алатынымызды білдіреді.

Пиксель (ағылшынша picture element - суреттің элементі) - растрлық бейненің ең кішкентай элементі.

Мөлшерін өзгерткенде растрлық бейненің сапасы төмендейтін болғандықтан сурет салу аймағының қасиеттерін бірден баптайық.

Ол үшін Paint батырмасын шертіңдер. Ашылған мәзірде Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар. Суретті жоғалтып алмау үшін жұмыс жасау кезінде оны жиі сақтап отыру керек.



Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. Paint батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс істеген болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер (Последние изображения) тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйрығын таңдаңдар. Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.

Бекіту: Тапсырма Палитрада қанша түс көрсетілген. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы да қанша түс қосуға болады. Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау: Paint графикалық редакторында суретті ашуды, сақтауды үйрету.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал