7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Нысандарды жылжыту және көшіру' 5 сынып

Сабақ жоспары 'Нысандарды жылжыту және көшіру' 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: ____________

Сыныбы:_________

Сабақтың тақырыбы: Нысандарды жылжыту және көшіру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға нысандарды жылжыту және көшіруді үйрету.

  1. Білімділік: Оқушыларға нысандардың барлық тәсілін түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушыларға әрекеттерді орындау кезеңдерімен таныстыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

  1. Басқа буманың ішіндегі бума қалай аталады?

  2. Белгіше дегеніміз не?

  3. Шектес нысандар дегеніміз қандай нысандар?

  4. Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу тәсілін атаңыз.

Жаңа сабақ

Нысандарды жылжыта отырып, оларды бумаға тарата аламыз. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін ала аламыз. Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдері:

Тінтуірмен жылжыту және көшіру.

Егер екі бума бір ғана дискіде орналасса, онда нысанды бумадан бумаға тінтуірмен жылжытуға болады. Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсақ, онда ерекшеленген нысандар көшірілетін болады. Бұл жағдайда тінтуір сілтемесінің қасында кішкентай «+» таңбасы пайда болады.

Дәл сол бойынша тұтынушылар осы кезде нақты қандай үдеріс жүріп жатқанынан хабардар болады. Сондай-ақ, тінтуірдің оң жақ батырмасын басып тұрып орындалатын сүйреу әрекетін де қолдануға болады.


Бекіту: Тапсырма: Кез келген нысанды тінтуірдің оң батырмасымен Менің құжаттарым бумасынан Жұмыс үстеліне жылжыту.

Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау: Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдері.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал